Диссертация с. М. Исаев Ғылыми жетекші: филол. ғ. д филол ф.ғ. к. К. Н. Уәли Алматы, 2007 жыл мазмұНЫ



бет37/47
Дата29.05.2022
өлшемі1,15 Mb.
#35856
түріДиссертация
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   47
Ортақ етіс. Ы.Маманов ортақ етіс формасын салт және сабақты етістіктерге -ыс, -іс, -с жұрнақтары жалғану арқылы жасалып, әрі етістіктерше, әрі есімдерше өзгереді деп көрсетеді. Ортақ етіс етістік формаларының бірінде жұмсалғанда, қимылдың бірнеше субъектіге ортақ қатыста екендігін көрсететіндігін, ортақ етіс формасы баяндауыш қызметінде жұмсалса, оның бастауышы адам не басқа жанды заттың ұғымын білдіретін зат есім болатынын айтады. Осыған байланысты төмендегідей мәселелерді еске салады:
“1. Тиісу, жалғасу, қақтығысу, соқтығысу, соғылысу тәрізді бірнеше етістіктер ғана жансыз ұғымды білдіретін зат есімдерден болған бастауышпен тіркесіп келеді. Мұндай сөздердің саны өте аз”. Бұл пікірді жоққа шығармаймыз. Әйтсе де, осы сөздердің мағынасына жіті көңіл бөлсек, тек етістік күйінің өзінде-ақ бірнеше мағынаға ие болып тұрады екен. Мысалы, тиісу: 1. Бірнеше заттың бір-біріне қақтығысуы; 2. Біреуді ұру не балағаттау. Жалғасу: 1. Бірнеше затты біріктіру; 2. Біреудің артынан еру. Қатқтығысу: 1. Бірнеше жансыз заттың бір-біріне соғылуы; 2. Адамдардың ренжісіп қалуы. Соқтығысу: 1. Бірнеше заттың ұрылуы; 2. Адамдардың ренжісуі (соқтықпай жайыңа жүр).
“2. Ортақ етісті сөйлемде табиғат атауларының ұғымын білдіретін жансыз зат есімдер де бастауыш қызметінде жұмсалуы мүмкін. Бірақ мұндай жағдай көркем шығармаларда ғана метафора түрінде қолданылады. Мысалы, Аспанда жұлдыздар жымыңдасып, бір-біріне күлімдесіп, әзілдескен тәрізді (Ғ.Мұстафин)” [72, 50 б.].
Ортақ етіс тұлғасы баяндауыш қызметінде жұмсалған сөйлемде бастауыштарының жіктеу есімдігінің көптік түрінде, зат есімнің көптік түрінде және жинақтау сын есім түрінде келетініне де мысалдар келтіреді. Ортақ етіс тұлғасындағы етістіктің субъектімен қатысы контекске байланысты әртүрлі мағынада болатынын былайша түсіндіреді:
“1.Субъектілердің бір-бірімен қарама-қарсылық іс-әрекеттерін білдіреді. Мысалы, қамшыласу, сүзісу, тебісу т.б.
2. Қимыл иелері бір қимылға түп ие болады да, екіншісі оған көмекші болып келеді. Мұндай мағына білдіретін ортақ етіс тұлғасы сабақты етістіктен жасалады: үй салысу, құдық қазысу, шөп шабысу, малын бағысу т.б.
3. Салт етістік түбірінен болған ортақ етіс тұлғасы қимыл иесінің көптігін білдіреді. Мұнда қимыл иелері қарама-қарсылық немесе біріне-бірі көмектесу мағынасын білдірмейді. Мысалы, отырысу, шуласу, гуілдесу, мұңайысу, қуанысу, қозғалысу т.б. [72, 50-51 б.].
Келтірілген мысалдардан байқағанымыздай, кейбір ортақ етіс тұлғалы етістіктер бір мағыналы болса, кейбіреулері бірнеше мағынаны білдіреді екен. Ондай жағдайларда негізгі мағынасынан ауытқу байқалады. Мысалы, біреуге тиісу дегенде - ұру мағынасын, оның артынан жалғасу дегенде - ілесу, еру мағынасын байқауға болады.
Кейбір ортақ етіс тұлғасындағы етістіктердің ортақтық мағынасын сақтағанмен, жұрнағы өз алдына морфема ретінде дербес қызмет атқара алмайтындығын айтып, кездесу, мұңдасу, сырласу, бірлесу сияқты етістіктерді сөз тудырушы -дас, -дес, -лас, -лес жұрнақтары арқылы жасалған деп көрсетеді.
Ғалым ортақ етіс формасымен жасалған сөздерді қимыл есімі деп атайды. Оған егіннің шығысы, Айбаланың жүрісі, киім киісі дегендегі шығысы, жүрісі, киісі сияқты сөздерді жатқызады. Бұлардың тәуелдік, септік, көптік категорияларымен түрленетіндігін айтады. Осы ортақ етіс тұлғалы қимыл есімінен зат есімге айналып қалыптасқан соғыс, айтыс, табыс, шығыс, кіріс тәрізді сөздердің тілімізде жиі кездесетіндігін көрсетеді.
-Лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес жұрнақтары арқылы туынды түбір етістіктер де, есім сөздер де жасалатындығын және осы жұрнақтар арқылы жасалған типтес сөздердің контекске байланысты бірде етістік, бірде есім мағынасында қолданылатындығын да бірнеше мысалдар арқылы дәлелдейді. Мысалы, Айлас қатын мұңдас. Назкен Кәмиламен мұңдасты [72, 51-53 б.].
Қазақ тіл білімінде етіс құрылымдық аспектіден етістіктің грамматикалық категориясы ретінде қарастырылса, функционалды грамматикада етіс (залоговость) функционалды-семантикалық категория болып табылады. Функционалды-семантикалық категориялар көбінесе етістік категорияларына негізделгендігі байқалады. Мысалы, аспектуалдылық категориясы құрылымдық грамматикадағы - қимылдың өту сипаты (вид) категориясына, темпоралдылық - шақ категориясына, модалдылық - рай категориясына, персоналдылық - жақ категориясына негізделген. Орыс тіл білімінде функционалды грамматиканы зерттеушілердің бірі А.В.Бондарко “Принципы функциональной грамматики и вопросы аспектологии” еңбегінде орыс тіліндегі аспектуалдық, темпоралдық, поссесивтілік, компоративтік өрістеріне талдау жасайды. Ғалым бұл өрістерді жеке-жеке қарстырумен қатар, оларға ортақ мағыналарды да анықтаған. Айталық, “деятель-действие”, “деятель-действие-объект-адресат”, “деятель-действие-объект-инструмент”, “деятель-дейтвие-цель действия”, “деятель-действия-место действия” т.б. құрылымдары етіс (залоговость) өрістерімен жасалады [186, 46 б.]. Сондай-ақ еңбектің 61-бетінде былай деп жазады: “Системно-категориальный аспект мыслительного содержания представляют понятийные (мыслительные, когнитивные, семантические) категории, опирающиеся на различные средства их выражения в разных языках, но рассматриваемые в отвлечении от того или иного конкретного языкового воплощения (например, понятиные категории возможности, должествования, побудительности, предшествования, следования, результата, причины, условия, адресата, инструментальности и т.п.” [186, 61 с.]. Осы мағыналардың кейбір түрлерін етіс түрлерінен кездестіруге болады. Мысалы, “должествования”, “побудительность”, “инструментальность” – өзгелік етісте, ортақ етісте; “причинность” – өзгелік, ырықсыз етісте; “результативность” – барлық етісте; “одновременность” – ортақ етісте т.б. Егер осы айтылғандарды сызба арқылы көрсетсек былай болар еді:



ЕТІС ТҮРІ

МАҒЫНАЛАРЫ

Өздік етіс

нәтиже, себеп, мүмкіндік т.б.

Өзгелік етіс

міндеттеу, нәтиже, бірізділік, себептік, құралдық т.б.

Ырықсыз етіс

себептік, шарттық, мекендік, құралдық, бірізділік т.б.

Ортақ етіс

құралдық, нәтижелік, себептік, шарттық, мекендік

Бұл мағыналар контекте жақсы көрінеді.


“Қазіргі қазақ тіліндегі себеп-салдарлықтың функционалды аспектісі” атты кандидаттық диссертациясында М.М.Төлеуов пысықтауыштың себептік мәнін білдірудің бір жолы деп осы етіс категориясын көрсеткен [187].
Ы.Маманов зерттеулерінде етіс, негізінен, объектілік, субъектілік және көпмағыналық қатынастармен сипатталады. Етіс категориясын функционалды грамматика тұрғысынан зерттеу болашақтағы іс деп білеміз.
Қазақ тілі грамматикасындағы сияқты орыс тілі грамматикасында да етіс аффикстерін қандай қосымшалардың қатарына қосуға болады деген пікірталасы әлі де бар. Оны мына фразадан байқаймыз: “И здесь грамматическое ядро ФСП, зародившись в рамках этого поля, не выделилось окончательно, не стало регулярной словоизменительной категорией, не обособилось от других, неграмматических элементов данного поля. Связь лексикой и словообразованием, непоследственно коррелятивный характер категории залога – существенный элемент ее характеристики, определяемый ее генезисом” [186, 91 б.].
Етіс категориясына байланысты айтылған пікірлерді жинақтай келе, төмендегідей тұжырымдар шығарамыз:
1) етіс категориясын салт және сабақты етістіктермен бірлікте қарастырған жөн, алайда контекстен тыс, түбір қалпындағы етістіктерді салт және сабақты деп бөлу тілдік фактіге сай келмейді;
2) Ы.Маманов түбір сабақты етістік, ауыспалы сабақты етістік және өзгелік сабақты етістіктердің арасындағы мағыналық айырмашылықты анықтаған;
3) етіс тұлғаларының контекске байланысты көп мағыналылығын Ы.Маманов, А.Аблақов дұрыс дәлелдеп көрсеткен;
4) Ы.Маманов ортақ етіс формасымен жасалған сөздерді “қимыл есімі” деп және оның зат есімге де ауысып қалыптасқан түрлерін көрсеткен;
5) етіс қосымшаларының табиғатын танып, алғаш модификациялық қосымшалар қатарына жатқызған – Ы.Маманов;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет