Дістемелік кешен



бет16/76
Дата18.11.2023
өлшемі2,05 Mb.
#124436
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   76
Байланысты:
Агрономия УМК 2017

Тұқым шаруашылығы – ауылшаруашылығы өндірісінің арнаулы бір саласы. Оның міндеті – тұқымның сорттық сапасын, биологиялық және өнімділік қасиеттерін сақтай отырып, шарушылықтарға қажетті мөлшерде жаппай көбейту.
Сорт қаншалықты жақсы болғанымен, уақыт өте келе, әсіресе өсіру технологисы төменгі деңгейде болғанда, өзінің сапасын төмендетеді. Оның негізгі себептеріне механикалық ластану және басқа сорттармен тозаңдануы, белгілерінің бөлінуі (жарылуы), аурушаң болуы, мутациялық өзгерістерге ұшырауы, т.б. жатады. Сондықтан тұқым шаруашылығында оның негізгі міндеттеріне сәйкес екі түрде іске асырылып отырады: сорт алмасу және сорт жаңарту.
Сорт алмасу дегеніміз – мемлекеттік сорт сынау нәтижелеріне сәйкес ауылшаруашылығы өндірісінде ескі сорттарды жаңа, өнімді әрі сапалы өнім
беретін сорттармен алмастыру.
Сорт жаңарту – өзінің сорттық және биологиялық қасиеттерін төмендеткен сорттарды сол сорттың жақсы тұқымымен айырбастау.
Барынша сапалы сорттық тұқымға элита тұқымы жатады. Элита тұқымы деп ғылыми мемлекеттердің ауылшаруашылығы өндірісі жағдайында одан әрі көбейту үшін шығарылған бастапқы тұқымды атайды.
Элита тұқымын жыл сайын көбейтудің нәтижесінде алынған тұқымды репродукция деп атайды. Элитаны сепкеннен кейін бірінші жылғы тұқымды бірінші репродукция, екінші жылғысын екінші репродукцияға, т.б. жатқызады. Репродукция түсінігі ұрпақ түсінігіне сәйкес келеді.
Сорттың сапасын оның тазалығы, аурулар және зиянкестерден залалсыздану дәрежесі сипаттайды.
Сорттың тазалығына қарай тұқым үш категорияға (бірінші, екінші және үшінші ) бөлінеді. Бірінші категориялы сорттық тұқымының сорттық тазалығы 99% - дан кем болмауы керек, ал 98% сорттық тазалығы бар тұқымның екінші, 97% - ды тұқым үшінші категорилы тұқымға жатқызылады. Егістіктегі әрбір сорттың тазалығы (танаптық) апробацияның (сорттық тазалықты анықтау ) нәтижесінде белгіленеді. Бұл жұмысты
арнаулы курстан өткен және тиісті құжат агроном–апробаторлар жүргізеді. Қатардағы
шарушылықтарда апробацияны сол шарушылықтардың агрономдары, тұқым шаруашылықтарында аудандық өндірістік басқарманың тәжірибелі апробаторлары, ал ғылыми – зерттеу мекемелері мен элита тұқымын өсіретін шаруашылықтарда арнаулы мемлекеттік комиссия іске асырады. Қысқасы, сорттық бақылау мемлекеттік үлгі қалыптау (МҮҚ) талаптарына сәйкес жүргізіледі де, апробация актісі толтырылады.
Қазақстан Республикасында тұқым шаруашылығы негізіне өсімдіктерге қоршаған ортаның әсері және оңтайлылықпен сұрыптау мен мақсатты тәрбие жөніндегі терия
алынған. Осыған негізделе отырып, тұқым шаруашылығының барлық буындарында аудандастырылған сорттардың тұқымын көбейту мен оның сорттық тазалығын сақтау ғана емес, сонымен қатар өсімдіктердің өсуі мен дамуына жағдай жасау жолымен жүйелі түрде өнімділік сапасын жақсарту көзделеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет