Дістемелік кешен


Берілген сөздермен сөйлем құрастырыңыз



бет19/76
Дата18.11.2023
өлшемі2,05 Mb.
#124436
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   76
Байланысты:
Агрономия УМК 2017

3.3. Берілген сөздермен сөйлем құрастырыңыз.
Сұлы, дәнді дақыл, тұқымдас, мәдени, жабайы, шөп, егістік, жарма,
қабықты, жалаңаш, азот қышқылы, ақшыл, қоңыр, піскен дән.


3.4. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.
Жаздық бидайды қай мезгілде сепкен тиімді?
Жаңабаев Қ.Ш.
Жаздық бидайдың көктемде себіліп, сол жылғы күзде жиналып алынатындығы ауылшаруашылық мамандарының барлығына ертеден белгілі жағдай.
Міне, осы қалыптасқан мезгілге байланысты жаздық бидайды өсірудің технологиясын кезінде А.И.Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-mжан-жақты шешіп, оны өндіріске толығынан енгізді.
Дегенмен көптеген шаруашылықгардың тәжірибелері және біздің байқауымыз жаздық бидайды көктемде себудің кейбір кемшіліктері бар екенін көрсетіп отыр. Солардың ең басты-бастыларына тоқталып өткен жөн.
Біріншіден, жаздық бидайды көктемде қолайлы мерзімде (15-25 мамыр аралығында) сепкенде, оның түптену кезеңі маусымның екінші он күндігінде басталады. Бұл мезгілде топырақтың беткі қабатындағы ылғал қоры біршама азайып, ол тұқым сіңіру тереңдігіне дейін кебірсіп қалады, сондықтан бидай өсімдігінің түптенуі нашарлайды.
Екіншіден, көп жағдайда көктемде себілген бидайдың пісіп-жетілу кезеңі күздің жауын-шашыны мол лайсаң мезгіліне дәл келеді. Мұның өзі астықты жинауды қиындатумен қатар дәннің ылғалын жоғарылатады, оның сапасын төмендетеді. Бұл жағдай 1992, 2001 және 2002 жылдары өте ерекше байқалды.
Үшіншіден, жаздық бидайды көктемде бір мезгілде сеуіп, күзде бір уақытта жинау үлкен қарбаластық туғызып, жүргізілген агротехникалық шаралардың сапасын төмендетеді.
Егер жаздық бидай егіс көлемінің біршамасын күзде сепсе, жоғарыда аталған кемшіліктерді жоюға немесе барынша азайтуға болады.
Бірақ, жаздық бидайды күзде себу мәселесімен кейінгі 40-50 жыл ішінде ешкім айналысқан емес, сондықтан оның агротехникасы шешілмеген. Міне, осыған орай біз аталған мәселені Орталық Қазақстанның қуаңшыл аймағы жағдайында, атап айтқанда Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы бұрынғы "Урожайный" кеңшарында 1989 жылдан бастап жаздық бидайды күзде себудің агротехникасын зерттеу үшін тәжірибе
жүргіздік.
Бұл жердің климаты континенталды, қысы қатал, жазы қысқа және құрғақ, жауын-шашын мөлшері тапшы, топырағы қызыл-қоңыр, қарашірігінің мөлшері 2,02 пайыз шамасында.
Солтүстік және Орталық Қазақстанның астықты алқаптарында, соның ішінде бұрынғы Торғай облысымен шектесетін біздің тәжірибе жұмысын жүргізіп жатқан Ұлытау өңірінде аязсыз кезең өте қысқа, сондықтан көбінесе астық кеш пісіп, оның жинау мезгілі күзгі жауын-шашынға, тіпті қар түскенге барып ұласады. Осындай жағдай өте ерекше 2001 жьлы байқалды, кейбір солтүстік облыстарда, оның ішінде Карағанды облысында астық жинау қараша айына дейін созылды. Бұл жағдайда жиналған дәннің ылғалы өте жоғары болып (28-29%), оны сақтау көптеген киыншылықтарға соқтырды. Ал біздің жүргізген тәжірибеміз жаздық бидайды күзде сепкенде, оның көктемде сепкен мерзіммен салыстырғанда бір апта, кейде тіпті одан да ерте пісетінін көрсетіп отыр.
Күзде себілген жаздық бидай көктемде сепкен бидайға қарағанда орташа есеппен 6-8 күн ерте пісетіндігін көрсетіп отыр. Осының арқасында егін жинау тамыз айының басында, яғни кұрғақ мезгілде жүргізілді. Сондықтан дән толық және сапалы болды.
Аязсыз мезгілі қысқа аймақтарда егін жинау уақытында апта емес, күн емес, тіпті әрбір сағат санаулы екенін еске алсақ, астықтың осындай ерте пісуі көңіл бөлерлік жағдай екені айтпасада түсінікті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет