ГРАММАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕМЕ
Құрамында екі немесе одан да көп жай сөйлемдер болып, күрделі ойды білдіру үшін құрылған сөйлемді құрмалас сөйлем деп атаймыз. Мәселен, 1.Ертеде «Қыз қуу» ұлттық ойынының шарты бойынша жігіт қызды қуып жете алмаса, ол сол қызбен некелесуге құхы болмаған. 2. Жан-жақтан келген жұрттың бас-аяғы жиналған соң, оларға қымыз беріліп қошаметпен қарсы алынады. 3. Рухани құндылықтар қоғам өмірін реттеу үшін қажет, ал материалдық байлық әлеуметтік жағдайды жақсарту үшін керек.
Құрмалас сөйлем құрамына енген жай сөйлемдердің бір-бірімен байланысу жолына қарай үш түрге ажыратылады: салалас құрмалас сөйлем, сабақтас құрмалас сөйлем және аралас құрмалас сөйлем.
6.2. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып, бес құрмалас сөйлем құрастырыңыз.
Табиғи ресурстар, еліміздің ауыл шаруашылығы, таза су көздері, дәнді астық, дәнді бұршақ, өнеркәсіптің өркендеуі, шаруашылығы саласы, ғылыми жетістіктерге, орман шаруашылықтарын.
6.3. Берілген сауалдар негізінде ойыңызды жазыңыз.
1. Шетелдік компанияларда жұмыс жасағыңыз келе ме?
2. Шетел инвесторларымен жұмыс жасаудың артықшылықтары мен кемшіліктері қандай деп ойлайсыз?
6.4. «Болашақ» бағдарламасы жайлы таныстырылым дайындаңыз.
6.5. Өзіңіз білетін шетелдік кәсіпорындар жайлы таныстырылым жасаңыз
Пайдаланылған әдебиеттер.
Негізгі:
Әуезов Ә.Ә. , Атақұлова Т. А.., Сүлейменова Н. Ш. Жаңабаев. Қ.Ш. Егіншілік, Алматы,2005.
АуезовА. А. , Атакулова. Т. А., Сүлейменова Н. Ш. Жаңабаев. Қ.Ш. Земледелие., Алматы, 2012.
Әрінов Қ.Қ.., Қ.М., Мұсынов., Апушев А.Қ. және басқалар. Өсімдік шаруашылығы, Алматы, 2011.
Әубәкіров Қ.Ә.,Атақұлов Т.А.., Ахмет. А.З.., Нұрғалиева Қ.А., Мал азыазығын өндіру. Алматы, 2011
Можаев Н. И. Және басқалар, Кормопроизводство., Астана ,2005.
Нургасенов Т. Н. Селекция и семеноводство сельскогохозяйственных культур., Алматы , 2009.
Тілменбаев Ә. Т. ., Жармұханбетов Г. Ә. Энтомология, Алматы, 1994.
Достарыңызбен бөлісу: |