Дістемелік кешен



бет31/76
Дата18.11.2023
өлшемі2,05 Mb.
#124436
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   76
Байланысты:
Агрономия УМК 2017

Шай
(Чай – Theaceae)
Негізінен тропикаға тән, мәңгі жасыл, бұтасын өсімдік. Шығу орталығы Оңтүстік – Шығыс Азия елдері – Индия, Шри – Ланка, Қытай болып келеді. Тропикадан алшақтау жерлерде шай өсіру едәуір кеш басталады. Мысалы, Кавказда, Қара теңіз жағалауында шай өсіруді өткен ғасырдың аяғында ғана қолға алған болатын. Бүгінде Краснодар және Грузин шайлары кең тарап кетті. Шәй өте ертеден келе жатқан мәдени өсімдік. Оны Қытайда осыдан 10 ғасыр бұрын жаппай өсіре білген. Шайді Европаға тек 17 ғасырда ғана саудагер көпестер алып келген еді. Бүгінгі шайдің төрт түрі белгілі. Олар – Қытай, Үнді, Жапон және Цейлон шайлары. Қытай және Цейлон шайлары аласа бұтасы болса, Үнді және Цейлон шайлары – биік, бұтадан гөрі ағашқа ұқсас.
Қытай философтары шайді шараптан да,судан да жоғары бағалаған. Себебі, ол адамдық кейіптен шығарып мас етпейді және судағы ауру қоздырғыш микробтарды жояды деп есептеген. Шындығында да шай қанды тазартып, бауырдың жұмысын жақсартады, сергітіп бұлшық етті ширатады. Американдық емші И. Янгтың тұжырымдамасына сай, шайдің құрамындағы фенолдар ісік ауруының дамуын тежейтін қасиеті бар.
Шайдің құрамында көңілді жадырататын органикалық қосылыстар
мол, олардың бастысы – кофейн, эфир майлары мен илі заттар. Бұл адам организмінде қан айналумен минералды заттар алмасу, сонымен қатар тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысып, оларды реттегіш қасиеттері бар.



    1. Мәтіндердің мазмұнына сәйкес бірнеше сұрақ әзірлеңіз.




    1. Мәтінді оқыңыз.

Көк шайдың пайдасы
Е витаминінің адам организміндегі май алмасуды реттеп, қартаю процесін баяулататынын білеміз, ал көк шайдың құрамындағы таниннің бұл витаминнен жиырма есе асып түсетін көрінеді.Бұған қоса шайдың бұл түрінде болатын катехин клеткалардың азуына себепші болатын заттардың
әсерін көп тежейді, осыдан да ол рактың алдын алу амалы секілді болып шығады. Көк шайдың артериялық қысымды түсіретін, инсульттар мен артериялық склерозға қарсы шипа болатын қасиеттері бар.
Көк шайдың құрамында мырыш көп болатыны белгілі, ал мұның өзі ана құрсағындағы баланың өсіп-жетілуі үшін өте маңызды элемент болатындығы себепті көк шай екіқабат әйелдерге өте пайдалы. Қара шайдай емес, көк шайда қайнатқан кезде әр түрлі минерал заттар көбірек қалады. Көк шайдың баруыр мен бүйрекке залалды әсері жоқ, шөлді жақсы басады, оны салқын тигенде де өте пайдалы деп ішеді.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет