Өмірде бақыттысың денің сауда.
“Денсаулық – терең бақыт” деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.
Денің сауда күштісің бұл әлемде
Денің сауда сұлусың жер бетінде.
Сол мықты денсаулықтың арқасында
Жеңерсің ауыр заман тәлкегін де.
Денің сауда жетерсің арманыңа
Жоспарлап алға қойған мақсатыңа
Денің сауда көрерсің бұл дүниенің
Бар қызық, рахатын, жарығын да.
Денсаулық – шексіз бақыт халқым менің
Сондықтан көңіл аудар денсаулыққа.
Қолда барда біл оның қасиетін
Дұрыс жауабын табыңыз.
1. Денсаулыққа залал келтіретін әсерлер:
2. Ұзақ өмір сүрудің биологиялық қағидалары:
3. Организмді шынықтыру негіздері:
Қажетті сөйлемдер:Аурудың алдын-алу, климат жағдайларына
төзімділік таныту, иммунитетті көтеру; әр ұлттың қалыптасқан өмір
салты, тұқым қуалау факторы, табиғи-географиялық орта жағдайлары,
еңбек ету ұзақтығы; жалпы мәдениеттің төмендігі, тиімсіз және
құнарсыз тамақтану, радиациялық факторлар, арақ-шараптарға әуесқойлық,
шылым шегу, есірткі қолдану;
ГРАММАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕМЕ Құрамындағы жай сөйлемдер бір-біріне тәуелді болмай, тең дәрежеде болатын құрмалас сөйлемнің түрін салалас құрмалас сөйлем деп аталады. Мәселен, Мемлекеттік ұлттық саябаққа біз де келіп түстік, саябақ күзетшілері де қасымызға келді. Салалас құрмалас сөйлемнің құрамына енген жай сөйлемдер бір-бірімен екі түрлі жолмен байланысады: жалғаулық арқылы және жалғаулықсыз. Осыған орай салалас құрмалас сөйлемдерді іштей: жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем және жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем деп екіге бөліп қарастырамыз. Мәселен, Қазақстан жерінде пайдалы қазбалар молынан ұшырасады, онымен біз мақтана аламыз. Бұл жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем. Ал Қазақстанда табиғат ескерткіштері мол және онда барушылар да көп деген сөйлемде екі компоненті (құрамындағы екі жай сөйлем) және деген жалғаулық арқылы байланысқан.