Шаңның санын есептеу тәсілі – шаң бөліктерін есептеу екі-түрлі тәсілмен жүргізіледі: ауадан бөліп алу жолымен және тікелей шаңданған ауа ағысында анықтау. Жоғарыдағы екі тәсілдің де бірнеше түрлері бар.
Ауадағы шаң-тозаңның белгілі бір бөліктерін зерттеу үшін седиментатор құралдарын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін жабысқақ заты бар шынының бетіне қонған шаң мөлшерін микроскоп арқылы санайды немесе әртүрлі шаң есептегіш құралдың көмегімен оның мөлшерін анықтайды. Көз аясына көрінген тозаңның орташа санына қарай I см2 тозаң мөлшерін шығарады. Шаң-тозаңды анықтау үшін В.Ф.Оденстың, Матусевичтің және басқалардың да құралдарын қолданады.
Шаң-тозаңды анықтаудың оптикалық және фотометрикалық тәсілдері. Ауадағы шаңның мөлшерін неғұрлым дәл анықтайтын құрал –ВДК – 4 үзіліссіз тасқынды ультрамикроскопы. Ол ауаның белгілі бір мөлшеріндегі шаңның санын анықтап қана қоймай, аэрозолдың шашырандылығын да айқындайды. Бұл құралдың қызметі өте жарық кювет арқылы аэрозолды сору сәтінде пайда болатын қысқа жарқылды тіркеп отыруға негізделген.
Шаң-тозаңды анықтау үшін ИКП-1 құралын пайдаланады. Ол - 0,1 500 мг/м3 шамасындағы ауадағы механикалық қоспалардың салмағын (массасын) анықтауға арналған. Бұл құралдардың қуат алуы жан-жақты, алып жүруге және пайдадануға ыңғайлы.
Шаңды анықтау тәртібі. Мал мен құс қораларындағы ауаның шаңдану дәрежесін анықтау айына 2 рет ішкі ауа құрамын өлшеу деңгейінде жүргізіледі. Ауаның сынамасын мал мен құс демалып жай жатқанда және азықтану кезінде, желдеткіштердің жұмыс істеп немесе істемей тұрғанда алған жөн.
Мал және құс қораларында шаң мөлшері ауаның әр текше метрінде 0,5мг-нан- 6мг аралығынан аспау керек.
Студенттердiң өзiндiк жұмысы: Салмақтық әдiс.
1. Студенттер аналитикалық таразыда фильтрдiң салмағын нақты өлшеп, оны Аллонжи воронкасына салады.
2. Шаңды анықтау аймағында Аллонджи воронкасын аспиратормен немесе Кротов құралына жалғап фильтр арқылы шаңдану дәрежесiне қарай 100 немесе 1000 л ауа өткiзедi.
3. Содан кейiн фильтрдiң салмағын қайта өлшеп, салмақ айырмашылығына алынған ауа мөлшерiндегi шаңдану дәрежесiн анықтайды.
Шаңның санын есептеу әдiсi:
1. Петри шыны табақшасына канифольдан /25 г/ асфальт лагінен /75 г/ және ксилолдан тұратын жабысқақ қосындыны құйып, оны 10 минутқа ашып қояды.
2. Шаң-тозаңды микрометрлі обьективті қолдану арқылы микроскоптың кіші ұлғайтқышын пайдаланып 1 см2 олардың санын анықтайды.
3. Студенттер мал қора ауасындағы анықталған шаң мөлшерi бойынша қорытынды жасайды