Дістемелік кешені


Жасанды жарықтылықты люксметрмен анықтау



бет100/114
Дата02.11.2022
өлшемі4,47 Mb.
#46855
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   114
Байланысты:
Дістемелік кешені

Жасанды жарықтылықты люксметрмен анықтау
Мал қорасындағы жасанды жарықтылықты тікелей жарық көзінің максимальды, орта және минимальды түсу аймағынан тәулігіне екі рет анықтайды. Жасанды жарықтылықты анықтау кезінде люксметрдің көрсеткішін түзету кэффициентіне көбейту қажет: люминесценттік лампалар үшін - 0,9; кыздыру лампалары үшін – 1,15. Содан соң барлық өлшеу көрсеткіштерінің орташа шамасын анықтаймыз.

2-кесте. Мал қора-жайларындағы жарықтылықтың нормасы





Қора жай

Табиғи жарықтылықтың нормасы

Қоражайдағы мал орналасқан аймақтағы жасанды жарықтылық , лк

Табиғи жарықтылық коэффициенті
(ТЖК), %

Жарықтылық коэффициенті (ЖК)

Ірі қара мал

Сиырлар мен қашарлар, жас төлдерді өсіру

0,8 -1,0



1:10 - 1:15



50 - 75



Ірі қара малдарды бордақылау

0,4 - 0,5



1:20 - 1:30



20 – 30



Туытхана

0,8 - 1,0

1:1 0 - 1:15

75 - 30

Шошқалар

Аналықтар мен қабандар

1,2

1:10

50 - 100

Төлдер

1,2

1:10

50 - 100

Бодақыдағы шошқалар

1,2

1:10

50 - 100

Қойлар

Аналықтар, кошқарлар және төлдер

0,5

1:20

30 – 50

Туытхана

0,8

1:15

50 – 100

Қой қырқу пункттері

1,0

1:10

150 - 200

Қояндар

Аналықтары
Аталықтары
Бордақыдағы жас қояндар

-
-
-

1:10 – 1:13
1:10 – 1:13
1:10 – 1:13

50 – 70
100 – 125
25 дейін



Сұрақтар:

  1. Жарықтылықтың түрлері және оларға сипаттама.

  2. Негізгі жарықтық бірліктер мен шамалар.

  3. Жарықтылықтың өлшем бірліктері

  4. Жарықтандырудың анықтайтын құралдар.

  5. Табиғи жарықтылықты анықтаудың принциптері.

  6. Жасанды жарықтылықты анықтаудың принциптері

4 Тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Ауаның шаңдануын анықтау
Сабақтың мақсаты: Малқора ауасының шаңмен ластануын анықтау әдiстерiн игеру
Керектi құралдар және жабдықтар. ЭА-ЭО электроаспираторы (аспиратор орнына Кротов аппаратын да пайдалануға болады), аллонжи (воронкасы), МА-В-ІЗ, АФА-В- 20 қағаз сүзгіштері, аналитикалық таразы.
Сабақтың мазмұны. Ауаның шаңдану дәрежесі 1м3 ауа көлеміндегі шаңның мөлшерін көрсетеді. Ауадағы шаңның мөлшерін анықтау үшін гравиметрикалық (шаңның салмағын анықтау), кониметрикалық (шаңның бөлшектерінің санын есептеу), оптикалық және фотометрикалық тәсілдері қолданылады.
Шаңның салмағын өлшеу /гравиметрикалық/ тәсіл зоогигиеналық зерттеулерде кеңінен қолданып келеді. Бұл тәсіл ауаның белгілі бір мөлшерін әртүрлі сүзгіштерден өткізу барысында шаңның салмақ мөлшерін анықтауға негізделген.
Анықтау барысы. Аналитикалық таразыны пайдаланып сүзгіштерді миллиграмның мыңнан бір бөлігіне дейін өте дәлділікпен өлшеп болған соң, оларды аллонжиға орналастырады. Ауаның шаңын анықтау кезінде аллонжиді аспиратормен немесе Кротов аппаратымен жалғап, сүзгіштен 100 немесе 1000 литр ауаны өткізеді. Бұдан соң сүзгішті алып қайтадан өлшейді. Ауаны өткізгенге дейінгі және өткізгеннен кейінгі сүзгіштердің салмағаның айырмашылықтары арқылы ауадағы шаңның салмақ мөлшерін анықтайды.
Ауаны сынамадан өткізу үшін электроаспираторлар қолданылады. Ол ауаны сорып алуға арналған электрлі үрлегіштен және сүзгіш арқылы өтетін ауаның мөлшерін есептеуші төрт ротаметрден тұрады. Екі ротаметр 0-ден 20 л/мин бөліктерге бөлініп, ауаның шаңдануын анықтау үшін сынама алуға арналса, ал қалған екеуі 0-ден 1 л/мин бөліктерге бөлініп ауадағы газдардың мөлшерін зерртеу үшін қолданылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет