Дістемелік кешені



бет102/114
Дата02.11.2022
өлшемі4,47 Mb.
#46855
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   114
Байланысты:
Дістемелік кешені

Бақылау сұрақтары:
1. Шаңның мал организміне әсері қандай.
2. Ауадағы шаңды анықтау үшін қандай тәсілдер қолданылады.
3. Электроаспиратордың құрылысы және оның жұмыс істеу ережесі
4. Ауадағы шаңның салмағын анықтау әдісі.
5. Шаңның әсерінен мал қандай ауруларға шалдығуы мүмкін.

5-6 Тәжірибелік сабақ


Тақырыбы: Ауа алмасуын көмірқышқыл газы бойынша анықтау
Жабық мал қораларының ауасында, улы да әрі жағымсыз иісті газдар көптеп шоғырланады: метан, аммиак, күкіртті сутегі және т.б., қорының температурасы көтеріліп, ылғалдылығы артады.
Мұндый ауа дененің жылу алмасуына кері ықпал етіп,зат алмасуды,атап айтқанда,азотты заттың алмасуын төмендетеді. Бұл малдың денсаулығына ,оның өнімділігінің төмендеуіне (сүттілігі, малдың салмағы, құстың жұмыртқалағыш қабілеті) әрі сүттің және жүннің сапасының нашарлауына әкеп соғады. Мал қораларында қажетті ауа режімін қамтамасыз етудің басты шарттарының бірі,дұрыс есеппен тиімді ауа алмасу жолдарын табу.
Ауа алмасу жүйесінің басты қызметі-қорада қалыпты температураны сақтау,ондағы артық ығалды, зиянды да исі жағымсыз газ қоспаларынан арылту, ылгылдың қабырғаға немесе төбеге жинақтылуына жол бермеу.
Қораны желдетудің екі түрі болады: табиғи түрі – қоршау жақтауларынан, конструкцияларындағы саңылаулар арқылы және арнаулы ауа алмастыру жолдарымен; жасанды түрі-арнаулы қондырғылар жүйесімен қорадағы лас ауа сыртқа шығарылып, ал сырттағы таза ауа мал қорасына енгізіліп отырады.
Іс жүзінде мал қораларын салу кезінде көбіне желдетудің табиғи түрі жиі қолданылады. Желдеткіш жүйесі қораға таза ауаны енгізетін және қорадан лас ауаны шығаратын әр түрлі құбырлардан тұрады.
Мал қораларындағы ауа алмасу ауқымының шамасын есептеу екі тәсілмен жүргізіледі: қора ауасындағы СО2 немесе ондағы ылғалдың жиналу мөлшерімен.

1. Көмірқышқыл газ мөлшері бойынша қора-жайдағы ауаның алмасу деңгейін анықтау тәсілі


Сабақтың мақсаты: Мал қораларының ауа алмасу жүйелерімен танысу және оларды есептеу әдістерін меңгеру (СО2 бойынша).
Керекті құралдар мен жабдықтар. Малдан бөлініп шығатын жылудың, ылғалдың және көмірқышқыл газының мөлшерін анықтауға арналған кесте, ауа алмасуды есептеуге керекті мәліметтер. Температура мен абсолюттік ылғалдылықтың орта есеппен шығарылған көрсеткіштері берілген кесте, бір малдың басына керекті таза ауа мен ауаны сыртқа шығаратын құбырлардың көлденең ауданы көрсетліген кесте, қорадағы алмасудың бір басқа берілген сағаттық нормасы берілген кесте.
Сабақтың мазмұны. Ең алдымен арнайы берліген мәліметтер бойынша (Мысалы: төрт қатарлы 200 сиырға арналған қора: ұзындығы- 72м,ені-20,5 және биіктігі -4,25. Оның ішінлде әрқайсысы 10кг сүт беретін орташа салмағы 500кг-нан 170 сауын сиыр және орташа салмағы 600кг-нан 30 суалған сиыр орналасқын. Ауаның температурасы 100С, ылғалдылығы 80 пайыз. Қаңтарда сырттағы ауаның орташа есептегі температурасы 200С, абсолюттік ылғалдылығы 2,9г/м3 ) қораның көлемін, сонан кейін барлық малдың 1сағаттың ішінде бөлетін СО2 мөлшерін анықтаймыз. Ол үшін малдың тірідей салмағы мен өнімділігінің мәліметі пайдаланылады (2.2.1.кесте). Есептеу барысында бір сағат ішінде алмасуға қажетті ауаның көлемі негізгі шама болып табылады. Бұл шама осындағы мал басына қарай оларға қажетті ауа режімі талабына сай қаншалықты таза ауа керектігін айқындайды.
Көмірқышқыл газының мөлшері бойынша бір сағат ішінде алмасуға қажетті ауаның көлемі мына формуламен анықталады:
L
мұндағы: L - СО2 мөлшері талапқа сай болу үшін әр сағат сайын қорадан
шығатын ауаның көлемі (м3);
- қорадағы барлық малдың бір сағат ішінде бөліп шығаратын
СО2 (л) мөлшері;
- қораның 1м3 ауасындағы тиісті СО2 мөлшері (л);
- сыртқы ауаның 1м3-дегі мөлшері (л).
шамасы - тұрақты, олай дейтініміз сыртқы атмосфералық ауада СО2 мөлшері 0,03%-ға (б.а. 0,03л СО100л ауадағы мөлшері) тең болады, ал 1000 литрде немесе 1м3 ауада СО2 мөлшері 0,3л болады;
шамасы С2 сияқты есептеледі, басқаша айтқанда, қорадағы СО2 тиісті мөлшері 0,25%-дан жоғары болмау керек немесе 100л ауада 0,25л СО2 болса, ал оның 1м3 ауадағы мөлшері 2,5л болады.
Ауаның бір сағаттың ішінде қанша рет алмасуын (К) табу үшін бір сағат ішінде алмасуға қажетті ауаның мөлшерін (L) қораның көлеміне () бөледі.

2. Малдан бөлініп шығатын жылудың,
ылғалдың және көмірқышқыл газының мөлшері



Мал түрі

Малдың тірілей салмағы, кг

Әр бастан бөлініп шығатын

Жалпы жылу ккал/сағ

Көмірқышқылы

Ылғал л/сағ

Буаз сиырлар
(суалған)

300

664

90

319

400

790

110

380

Сауын сиырлар сүттілігі, кг

400

841

126

404

10

500

947

152

455

600

1051

158

505

15

400

954

143

458

500

1056

158

507

600

1143

171

549

Бұзаулар (3 айдан
4 айға дейін)

90

273

37

131

120

406

55

195

200

593

75

265

Бойдақ және буаздығы 2 айға дейінгі сиыр

100

243

33

117

150

281

38

135

Шошқалар

200

323

44

156

Мегежіндер

100

534

79

282

Торайларымен

150

665

90

320

Торайлар:













2 айлық

15

110

15

53

5 айдан 8 айға дейін

60

185

30

89

80

235

35

112

8 айдан 10 айға дейін

90

273

37

132

100

287

39

138

Буаз қойлар

50

154

79

25

60

168

87

28

Қозылы қойлар

50

288

87

28

60

316

97

31

Қозылар (6 айдан бастап ұрпаққа қалдырылған төл)

20

67

45

14

30

101

57

18

Тұқым тауықтары

2-2,5

11,4

1,547

4,5

Содан кейін бір сағатта алмасуға керекті ауаны кіргізіп және шығарып тұруға керекті құбырлардың ауданы мен олардың сандарын анықтаймыз.Лас ауаны сыртқа шығаратын құбырлардың жалпы ауданын анықтау үшін мына формула қолданылады:



мұндағы: - барлық сыртқы ауа шығаратын құбырлардың жалпы көлденең ауданы;
- бір сағат ішінде алмасуға қажетті ауаның көлемі;
- сыртқа ауа шығаратын құбырлардағы ауа жылдамдылығы (V=1.2м/сек);
- 1 сағаттағы секунд саны (3600сек).
Сыртқа ауа шығаратын құбырлардың жалпы саны барлық құбырлардың жалпы ауданын бір құбырдың кескініне (0,9х0,9м) бөлу арқылы анықталады (таза ауа енетін құбырлардың жалпы ауданы, ауаны сыртқа шығаратын құбырлардың жалпы ауданының 70 пайызына тең болады).
Таза ауа енетін құбырлар санын анықтау, құбырлардың жалпы ауданын бір құбырдың кескініне (бір құбырдың кескіні 0,3х0,4м) бөлу арқылы жүргізіледі.
СО2 мөлшерімен ауа алмасуының ауқымын есептеу негізінен солтүстік аудандар үшін қолданылады.
Студенттердің өзіндік жұмысы. Берілген мәліметтер мен әдістемелік нұсқауды пайдаланып қорадағы ауаның алмасу деңгейін анықтай білуді меңгеру .Арнайы кестелерді пайдаланып есептеу барысында СО2 мөлшері бойынша анықталған ауа алмасудың бір басқа есептелген мөлшері (м3/ сағ) мен ауа алмасуда ауаны шығаруға және енгізуге арналған құбарлардың ауданының көрсеткіштерін нормативтік көрсеткіштермен салыстырып, берілген қорадағы ауаның алмасуына гигиеналық және санитариялық баға беру.
Бақылау сұрақтары:

  1. Қора-жай ауасындағы ауаның алмасуының маңызы.

  2. Ауа алмасудың жүйелері.

  3. Қорадағы ауаның алмасу деңгейін анықтау үшін қолдынылатын әдістер.

  4. Қора ауасының алмасуын қыс мезгілінде есептеу үшін қай әдісті қолданады?

  5. Бір бас сиырға керекті сағатына қораға енетін ауа мөлшерінің нормативті айтыңыз.

6. Қора ауасын сыртқа шығаратын құбырдың 1басқа керекті ауданы қанша?

7-8 Тәжрибелік сабақ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет