Дістемелік кешені


Ішкі істерді басқарудың құқықтық-ұйымдастырушылық нысандары



бет106/118
Дата20.02.2022
өлшемі180,82 Kb.
#25977
түріБағдарламасы
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   118
2. Ішкі істерді басқарудың құқықтық-ұйымдастырушылық нысандары.

Ішкі істерді басқару- заңдарға, ҚР Президентінің жарлықтарына, Үкімет қаулыларына негізделген мемлекеттің құзыретті органдарының қоғамдық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету; азаматтардың , қоғамның және мемлекеттің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін бағытталған атқарушылық-өкімдік қызметі Ішкі істерді басқару мен қоғамдық тәртіп және құқықтық тәртіп арасында тікелей байланыс бар. Нормативтік-құқықтық актілерде көбінесе «қоғамдық тәртіп» деген ұғым қолданылатындықтан, қоғамдық тәртіп пен құқықтық тәртіп арасындағы айырмашылықтарды түсіну қажет. Қоғамдық тәртіп тек қана құқық нормаларын емес, сонымен қатар мораль, дәстүр, салт нормаларын қолдану процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастар жүйесі ретінде қарастырылады.

3.Қауіпсіздікті басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары. Ұлттық қауіпсіздік саласындағы басқару қоғамға, мемлекетке бағытталған ішкі және сыртқы қауіпті ескертуге және алдын алуға байланысты қоғамдық қатынастардың кең кешенін қамтиды. Ұлттық қауіпсіздік түсінігі екі басқа түсінікпен тығыз байланысты, атап айтқанда: мемлекеттік қауіпсіздікпен және қоғамдық қауіпсіздікпен. Сонымен ұлттық қауіпсіздік - бұл қоғамдық және мемлекеттік институттардың әлеуметтік, табиғи және техногенді сипаттағы қауіптерден қорғалу жағдайы. Ұлттық қауіпсіздік элементтері - бұл онымен қорғалатын объектілер. Оларға жеке тұлға, оның құқықтары мен бостандықтары, қоғамның саяси жүйесі, мемлекеттің егемендігі, аумақтық біртұтастық, елдің экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс потенциалы. Ұлттық қауіпсіздік элементтеріне келесі аса қауіпті қылмыстар қол сұғады: терроризм; ұлтаралық даулар (конфликттер); санкцияландырылмаған шерулер мен демонстрациялар; әр түрлі қоғамдық бірлестіктердің заңсыз қызметтері; шет мемлекеттердің агрессорлық саясаты; үлкен табиғи апаттар; экологиялық проблемалардың ушығуы. Соңғы жағдайда қоғам мекемелермен және тұлғалармен істі болады. Аталғандардың қызметі ҚР конституциялық құрылысын өзгертуге бағытталады. Саяси процестің қатысушыларының қызметіне тек қана олар Конституцияны және республика заңдарын бұзған кезде құзыретті органдар жедел түрде араласады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет