Дістемелік кешені



бет32/45
Дата29.10.2022
өлшемі0,81 Mb.
#46191
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45
Байланысты:
umkd - koa - inf-21-21

Тарихи шолу
Сын тұрғысынан ойлаудың тамырын сонау сократтық дәстүрге дейінгі 2500 жыл бұрынғы дәуірден көруге болады, сол кездің өзінде беделді негізде алынған білімді тексеру үшін жетекші сұрақтарды пайдалану қалыптасқан: олар «тиімділік, нақтылық пен логикалық сабақтастықтың талаптарына жауап бере ала ма» деген сауалды ортаға тастайды. Қазіргі әлемде сын тұрғысынан ойлау қазіргі заманғы жұмыс күшінің ойлау дағдыларынан күтілетін үміт пен оған қойылатын талаптарды қанағаттандыру деңгейін анықтау құралы ретінде қаралады.
Джон Дьюи білім беру саласында осындай зерттеуді бастаған алғашқылардың бірі болды, ол білім бағдарламасының оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастыруға бағытталуы тек оқушылар үшін ғана емес, қоғам үшін және барлық демократиялық құрылыс үшін тиімді болатынын айтты. Эдвард Глейзер (1941) сын тұрғысынан ойлау қабілеттілігі үш элементтен тұратындығын болжап берді:

  • мәселелерді шешу кезінде өз тәжірибесін қалыптастыруға ықпал ететін ойлау үдерісін жүзеге асыру;

  • логикалық зерттеу мен пайымдау әдістерін білу.

  • осы әдістерді қолданудағы тәжірибелік дағдылар.

Балалар мен ересектердің сын тұрғысынан ойлауын дамытуға, проблемаларды зерделеу және шешімдерді жекелей немесе топтарда қабылдауға бағытталған заманауи білім беру бағдарламасы аталған үш негізгі элементке сүйенеді.
Заманауи түсінік
Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, ойлану және пайымдау нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және жинақтауда (синтездеуде) қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін. Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекеттің жаңа неме- се түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді, ол ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге бейілділік пен басқаларды сын тұрғысынан ойлауға баулуды білдіреді. Сын тұрғысынан ойлау дағдыларының негізгі тізбесіне қадағалау, интерпретация, талдау, қорытынды жасау, бағалау, түсіндіру, метатану кіреді.
Сарапшылардың пікірінше, сын тұрғысынан ойлау проблемаларымен белсенді айналысатын адамдар мен топтар:

  • қадағалау жолымен алынған деректерге;

  • мәнмәтінге;

  • барабар шешім қабылдауға арналған тиісті критерийлерге;

  • ой-пікір, пайымды қалыптастыру үшін қолданылатын әдістерге;

  • алдағы мәселелерді түсіну үшін қолданылатын теориялық құрылғыларға тиісті көңіл бөледі.

Сын тұрғысынан ойлау дағдысы мынадай бөлшектерден құрылады:

  • проблемаларды анықтап, оларды шешудің шынайы құралдарын айқындау;

  • проблемаларды шешудегі басымдықтардың, иерархияның және кезектіліктің маңызын түсіну;

  • тиісті ақпаратты жинау;

  • белгіленбеген жорамал мен құндылықтарды мойындау;

  • тілді түсіну және нақты, анық және түйсіне қолдану;

  • дәлелдер мен дәйектерді бағалау, деректерді интерпретациялау;

  • тұжырымдар арасындағы логикалық байланыстардың болуын (немесе болмауын) белгілеу;

  • шынайы қорытындылар мен шолу жасау;

  • жасалған қорытындылар мен шолуларды сараптау;

  • алынған тәжірибенің негізінде ұстаным модельдерін түзету;

  • күнделікті шынайы өмір тұрғысынан нақты нәрсе (құбылыстар мен т.б.) туралы барабар пікір қалыптастыру.

Бастапқы деңгейде сын тұрғысынан ойлау үдерісі:

  • тиісті ақпарат жинауды;

  • дәлелдерді сын тұрғысынан талдау мен бағалауды;

  • кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар;

  • ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды.

Оқыту мен оқудағы сын тұрғысынан ойлау сияқты күрделі міндеттермен қатар, бұл үдеріс анықталмаған болжамдар мен құндылықтарды, проблемаларды мойындау және оларды шешудің тиімді құралдарын табуды, түрлі міндеттерді шешуде басымдықтарды белгілеудің маңызын түсінуді қамтиды.
Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастырумен қатар, оқушы немесе мұғалім оларды тәжірибелік жағынан пайдалануға дайын болуы тиіс. Глейзер (1941) сын тұрғысынан ойлау «оған белгілі бір қорытындыларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін дәлелдер тұрғысынан кез келген ұстанымды немесе болжанатын білім нысанын зерделеу үшін табанды күш жұмсауды қамтиды» деп пайымдайды.
Сын тұрғысынан ойлау – өз ойын бағалау ниетінің болуы және оны істей білу, ол кез келген субъект үшін қалыпты болып табылатын шыншыл, ашық, дәйекті, талдау жасауға қабілетті, білімқұмар, өзі мен өзгенің пікіріне сеніммен қарайтын және шешім қабылдауда пара- сатты болу ниетін дамытуды көздейді. Сын тұрғысынан ойлаудың осы қағидаттарын ұстанбайтын немесе қарсы пікірді ұстанатын, яғни зияткерлік жағынан тәкаппар, теріс ойлағыш, шыдам- сыз, қызба, тәртібі нашар, жалқау, әрекеттің салдары туралы ойламайтын, жаңа ақпараттарға немқұрайды қарайтын, басқаның пікіріне сенбейтін адамдар сын тұрғысынан ойлау дағдыларын пайдалану кезінде тығырыққа тірелуі мүмкін. Дұрыс қорытындының маңызын мойындай алмау өзін-өзі алдау мен жекелей де, ұжымдық та жабық ойлауға әкелуі ықтимал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет