Тапсырма әзірлеу барысында неге назар аудару керек? Білім алушылар үшін жақсы практикалық тапсырма құрастыру – жай ғана техникалық тұрғыдан жүзеге асыру емес, ол түсіну, сынамалау, қолданумен байланысты, себебі оқушылар алған білімін тәжірибеде қолданатын болады.
Бағалауға арналған тапсырма әзірлеушіге арналған жалпы ұсыныстар Құрастырылған тапсырманың нақтылығы субъективтілікті (жеке көзқарасты) шектейтін негізгі фактор болып табылады. Бұл бағалаудың негізгі қағидаттарын (негізділік, валидтілік, объективтілік, сенімділік) ұстануға көмектеседі.
Критериалды бағалау жүйесінде бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау нәтижелерімен таныстыру үшін оқушының оқу жетістігінің деңгейі көрсетілген бағалау критерийлерін, интервьюді, рубриканы, дескрипторды қолдану ұсынылады.