Жоспарлау барлық басқару функциясының ішіндегі ең елеулісі болып саналады.
Жоспар— практикада қате жібермеу үшін жазбаша дайындалған, мамандардың пікірімен келісілген, жан-жақты талқыланған жоба. Жоспарлауға болжамдау, бағдарламалау, жұмысшы жоспарларды дайындау енеді. Соңғы кездерде басқарудын талдау функциясында дәстүрлі мектептін оқу-тәрбие жұмысының жоспарының орнына нақты білім сапасына жетуге мүмкіндік беретін мектептің даму бағдарламалары қарастырылады.
Білім сапасын арттыруға бағыттылған жұмыстарды жоспарлау барысында білім беру нәтижесін көрсететін педагогикалық (баланы дамытуға бағытталады), білім беру процесінің сапасын дамыту, мұғалімнін (кәсіби және жеке тұлға ретінде) өзін-өзі дамытуға бағытталған мақсаттар анықталады.
Сонымен қатар, жоспарлау барысында білім нәтижелерін бағалау көрсеткіштерін (критерий), осы көрсеткіштер арқылы сипатталған мектеп бітіруші жобасын, осы көрсеткіштердін ең төменгі деңгейін, әр баланың потенциалына қарай мүмкіндіктерін аныктау, білімділікті жобалау аса маңызды мәселе болып табылады.
Жоспарлау мақсатқа жету жолдары мен құралдарының сипаттамалары болып табылады.Бұл жерде сөз осы жолдар мен құралдардың құрамы мен құрылымы, әрекеттер реттілігі, ресурстардын барлық түрлері (кадрлық, ғылыми-техникалық, уақытша, нормативтік-кұкықтық. мотивациялык және т.б.). белгіленгендердің жүзеге асыру субъектілері, жоспарланған іс-шараларды бастау және аяктау уакыты туралы болып отыр.
Білімнін жоғарғы сапасына қол жеткізу мақсатында жаңа әрі күрделі педагогикалық әрекеттің субъектілері ретінде педагог кадрлармен, оқушылармен, ата-аналармен жүргізілетін жұмыстар жобаланады.
Менеджментте стратегиялық және ағымдағы жоспарлау түрлерін анықтайды. Стратегиялық жоспарлау білім беру ұйымының түріне, негізгі миссиясына, оның ішкі және сыртқы ортасына байланысты. Ағымдағы жоспарлау стратегиялық жоспар негізінде құрылады.Сонымен қатар, жоспарлау барысында жоғарғы сапаға қол жеткізуге мүмкіндік беретін факторларға таңдау жасалады. Егер таңдалған факторлар өзара байланыспаған немесе мектеп олардың өзінің практикасына алғаш рет енгізгелі отырса, онда әрбір жеке фокторлар бойынша локальді тәжірибелік-сынақ алаңдарын ұйымдастыруды көздейтін арнайы бағдарлама дайындалады.Оқу орнының стратегиялық құжаттары - білім беру жоспарлары, бағдарламалары, әр құрылымның жылдық жұмыс жоспарлары. Оқу орны жұмысының тиімділігі жоспарлауға байланысты.
Ұйымдастыру.Жоспар жүзеге асу үшін білім сапасын басқару субъектілерін, олардың әр кайсысының лауазымдык міндеттерімен қатар баскарудың баска субъектілеріне карағандағы құқыктарын. әрекет нәтижесіндегі өнімінің сапасына жауапкершіліктерін анықтау керек.Ұйымдастыру – еңбекті біріктіру және бөлу, міндеттерді, жауапкершілікті бөлу, құрылымды таңдау;