Джек Лондон. Мартин Иден



Pdf көрінісі
бет19/48
Дата22.09.2023
өлшемі1,5 Mb.
#109789
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48
Он тоғызыншы тарау
Руфь семьясымен Оклендке қайтып оралып, Мартин екеуі тағы да
кездесе бастаған. Оқуын бітіріп, атағын алып алғаннан кейін Руфьтің
сабақтан қолы босады. Бар жігерін қара кəсіпке сарп еткен Мартин де
бұрынғыдай сарылып, жазу жазуын қойған. Бұл жағдай екеуінің жиі
кездесуіне, бір-біріне еті үйренуіне себеп болды.
Алғашында Мартин тек тынығып дем алды, жұмыс істеген жоқ. Қатты
күйзеліп, есін енді-енді жинай бастаған адам ғой, көп ұйықтады, көп
ойланып, көп толғанды. Ақыры бір күндері бұрын селқос қарайтын газетке
үңіле кететін болды — бұл серги бастауының белгісі еді. Көп ұзамай өлең
мен беллетристика оқи бастады, көптен ұмытқан Фискені қолына алды.
Мартиннің таң қаларлық денсаулығы өмір тынысын кеңейтті, əл-ауқатын
тез жинады, жастықтың жігері мен желігін қоздыра бастады.
Мартин жақсылап тынығып алғасын таяуда тағы теңізге шығамын
дегенде, Руфь жаратпай қалды.
— Неге?— деді ол.
— Ақша керек. Баспа қызметкерлеріне тағы бір шабуыл жасауым үшін
ақша мұқтаж. Олармен күрескенде қол артарым – ақша мен шыдамдылық
қана.
— Керегі ақша болса, кірханадан неге шығып кеттіңіз?
— Шыққан себебім: онда қалсам, хайуан болып кететін едім. Жұмысты
қатты істеген адам көп ұзамай ішкілікке салынады екен.
Қыз Мартинге состия қарады:
— Сіздің айтайын дегеніңіз...— деп мүдіріп қалды.
Мартиннің жауаптан жалтаруына болатын еді, бірақ ол өтірікке жаны
қас болуынан, əрі бір кезде: ешуақытта, ақыры немен тынса да, өтірік


айтпаймын деп өзіне берген серті есіне түсті де:
— Иə, бір-екі рет жолдан тайғаным рас,— деді.
Руфь селк етіп, əрірек отырды.
— Менің таныстарымның ешқайсысы бұл жолға түсіп көрген емес, –
деді Руфь.
— Асылы, олардың ешқайсысы «Қайнарбұлақтың» кірханасында
жұмыс жасап көрмеген болар,— деді ол күліп.— ГЕңбек еткен, əрине,
жақсы, еңбек жарықтық адамға пайдалы дейді ғой уағыз айтушылар; міне,
бір құдай куə, еңбектен ешуақытта жерініп көргенім жоқ. Бірақ, əр нəрсенің
шамасы бар. Кірханада шама деген болмады. Сол себепті бездім, теңізге
кетпекке бел байладым. Бұл менің соңғы сапарым. Қайтып келгесін,
журналдардың бетінен маған да орын тиетін шығар. Бұған сенімім кəміл.
Руфь оның айтқандарын ұнатпай, қамығып отырды. Мартин де басынан
кешірген алуан қилы ауыртпалығын қыздың түсіне алмасын сезді.
— Бір кезде осының бəрін кітапқа жазбақпын, кітаптың аты «Қор
болған еңбек» немесе «Жұмысшы табының маскүнемдікке салыну
психологиясы», əйтпесе, тағы сондай бірдеме болашақ, – деді.
Алғашқы жаңа танысып жүрген кезін айтпағанда, екеуінің арасы
бұрын-соңды бүгінгідей алшақтап көрген емес. Мартиннің шын сырының
астарында жатқан кекті ыза Руфьті кеудесінен итеріп жібергендей еді.
Бірақ, Руфьті таң қалдырған сол алшақтықты тудырған себеп емес, соның
өзі, яғни екеуі бұрын бір-біріне жақын екен ғой, ендеше іргені аулақ
салмай, жігітті жақын тартқан жөн болар деп ойлап қалды қыз. Мартинді
ол аяйды да, тіпті, тəрбиелеп, жөнге салсам деген аңғырт ой да келді.
Жолдан тайған жасты ықтиярынан тыс, қоршаған ортасынан, қатте оның
өзінің жаман құлқынан қорғағысы келді. Осының бəрі ізгі ниеттен туды,
деп ойлады ол. Дұрысында, бұл ғашықтықтың қызығын аңсаған қызғаныш
сияқты бір сезім екенін аңғарған жоқ.
Күздігүнгі жайма-шуақта екеуі велосипедке отырып алып, қаладан
жырақ үйреншікті қоңыр төбелеріне жиі-жиі барып жүрді. Онда ылғи екеуі
кезек-кезек ақындардың адамға ізгі ой түсіретін шабытты асыл
шығармаларын оқумен болатын. Сондағы Руфьтің ниеті, жанамалап болса


да, Мартинге ой салу еді, оны бірте-бірте құрбандыққа көнуге əзір ету,
шыдамдылыққа, көнбістілікке, еңбек сүюге баулу еді. Қыздың ойынша,
Мартинге бұл жағынан үлгі-өнеге бола алатын кісілер өзінің əкесі, мистер
Бэтлер жəне бір кезгі иммигрант кедей бала, кейін дүние жүзіне кітап
таратқан «кітап королі» Эндрю Карнеги.
Руфьтің неге тырысып жүргенін Мартин түсінді де, бағалады да. Бұл
кезде қыздың ой-ниетін ол аңғара бастаған, Руфьтің жан-жүйесі Мартин
үшін бұрынғыдай жабулы жатқан кітап емес. Екеуі терезесі тең адамдарша
кеңесіп, пікір алысып жүрді. Сөз үстінде оқта-текте туып отыратын пікір
таласы Мартиннің ғашықтық сезіміне сілтісін тигізген жоқ. Қайта Руфьке
ғашықтығы күннен күнге арта түсті, тереңдей түсті. Өйткені, Руфьті өте
ұнатады. Тіпті, оның нəзіктігі де айрықша сүйкімді көрінеді. Мартин көп
жылдар бойы аяғынан баса алмай, мешел болып, отырып қалған аяулы ару
Элизабет Баррет туралы, оның бір күні Браунингпен қашып, ақырында
кəдімгідей жүріп кеткені жайлы хикаяны да оқыған. Браунингтің ғашығына
жасаған жақсылығын Руфьке мен де жасай аламын деп ұйғарды ол. Ең
əуелі Руфьтің өзіне, Мартинге ғашық болуы шарт. Қалғанының бəрі қиын
емес. Ол Руфьті сауықтырады, əл бітіреді. Мартиннің қиялында Руфь екеуі
адал еңбек етумен қолдары жеткен молшылықта үнемі үлде мен бүлдеге
оранып, əсем өмір сүріп жүреді. Екеуі əмен поэзия оқиды, əңгімелері
əрдайым поэзия туралы ғана болмақ. Руфь кілең бір күмпілдеген кəнəусіз
ала жастықтың үстінде көлбей жатып, Мартинге дауыстап кітап оқиды.
Мартиннің көз алдында осы бір көрініс өмір символы тəрізді үнемі
елестейді де тұрады. Кей-кейде кітапты өзі оқиды, Руфьтің мықынынан
құшақтап, Руфь басын мұның иығына сүйеп отырады немесе осы қалпында
екеуі бір кітапқа үңіліп, үнсіз оқиды, бұ дүниенің ирек-ирек болып қағазға
түскен неше түрлі ғаламаты мен сұлулығын көздерімен шолады, үн-түнсіз
əсер алады. Руфь табиғатты сүюші еді. Сондықтан Мартиннің бай қиялы
екеуіне ұнаған осы сахнаның декорациясын əрдайым түрлендіріп тұрады.
Кейде олар айналасын биік жартас қоршаған аңғарда отырады, біресе
қайдағы бір тау арасындағы көгалда, не етегінде теңіз толқындары
еркелеген сұрғылт құм төбелерде отырады; енді бір кезде Руфь екеуі
тропиктегі вулкан аралдарда жүреді, онда биік құздан күңірене құлаған
күркіреуіктің бүркіндісін жел көтеріп, екпінімен теңізге қарай будақтатып
айдап жатады. Осы көріністердің ен ортасында əрқашанда Мартин мен
Руфь екеуі ғана, олар кітап оқиды, асыл қиял армандайды. Табиғат
сұлулығы соның фоны ғана. Бұл көріністің арғы тұманды түкпірлерінде
еңбек пен бақыттың бейнесі бұлдырайды, бүкіл дүние байлығының


қызығын көруге мүмкіншілік беретін адал еңбекпен табылған дəулеттің
салтанаты елестейді.
— Мен қызыма абайла, шырақ, абайла, дер едім,— деді бір күні шешесі
Руфьке сақтандырған сабырлы үнмен.
— Айтпағыңды түсіндім. Бірақ, болашағым сенің болжағаныңдай бола
қоймас. Ол маған...
Руфь қатты абыржып, екі беті ду етті. Бұл — өмір құпиясын, өз сырын
ғазиз анасына бірінші рет ашқалы тұрған қыздың иба тұтқандығы еді.
— Ол саған тең емес, – деп шешесі қыздың сөзін өзі айтты.
Руфь басын изеді.
— Айтпайын-ақ деп едім, солай екені рас. Жігіт доғал, дөрекі, бірақ
жігері... тасып төгілген біреу. Ол тəрбиелі...
Шешесімен бұрын бұлай сөйлесіп көрмеген қыз мүдіріп қалды. Миссис
Морз аузына тағы сөз салып жіберді.
— Ол бұрын тəрбиелі тұрмыс көрмеген жігіт. Айтайын дегенің осы ма?
Руфь тағы да басын шұлғыды, тағы да қызарды.
— Иə, сол еді. Бұған оның өзі кінəлі емес. Бірақ, күнделікті
...тұрмысқа... əлгі...
— Нас тұрмысқа еті үйреніп кеткен жігіт дегің келе ме?
— Иə, əлденеге құтым қашады. Кейде өзінің өрескел қылықтарын
жайбарақат, шімірікпей айтуынан да түңілемін. Ерсілігін аңғармайды ғой
деймін. Мұнысы дұрыс емес қой. Солай емес пе?
Екеуі құшақтасып отырған еді. Руфь сөзін аяқтап, үндемей қалған кезде,
шешесі тағы да сөйлей түссін дегендей жайлап қолын сипады.
— Ал өзін қызық көремін бір түрлі,— деді Руфь,— Иден менің
қамқорымдағы адам секілді. Оның үстіне... бұрын ондай көңілдес еркегім


болып көрген емес, бірақ көңілдеспін деп те айта алмаймын. Дұрысы əрі
көңілдесім, əрі қамқорымдағы кісім десем болар еді. Əредікте зəремді
алатыны рас. Дорбауыз бульдогті əдейі өшіктірген адамдай боламын, ол
тісін ырситып, ырылдап, шынжырын үзіп, өзіме тап беретіндей көрем.
Руфь тағы үндемей қалды. Шешесі тағы да күтті.
— Мен əлгінде оны қызық көрем дедім ғой. Кісі бульдогті де қызық
көреді. Бірақ оның адам сияқты жақсы қылықтары да жоқ емес, əттең
өрескел əдеті басым. Асылы... сақтануым керек болар. Көріп отырсың,
мама, бəрін де ақылға салып, ойланып жүрмін. Жігіттің жаман əдеті:
əдепсіз сөзі көп, темекі тартады, арақ ішеді, кім көрінгенмен
жұдырықтасып төбелесетін көрінеді. Талай төбелескенін айтты маған,
тіпті, төбелесті жақсы көремін дейді. Ол мүлде... мен... қалайтын жан емес.
— Қыз кенет тоқтап қалды да аздан кейін ақырын ғана:—ұнатпаймын,—
деді.— Ноқай күші, ожарлығы мол адам. Менің ғашығым ертегінің
бекзадасындай көзі-қасы қиылған, нəзік, бойы-басы түзу, шашы қара, əсем
жігіт болу керек. Жоқ, қорықпай-ақ қой, мама, мен Мартин Иденге ғашық
болмаймын, мұқым ғашық бола қалсам, сорымның жеңгені де.
— Менің айтпағым ол емес еді,— деп шешесі жалтарып кетті.— Жігіт
туралы əуелі ойландың ба өзің? Қай жағынан да теңің емес, əйтеуір...
Егерде өзіңе ғашық боп қалса қайтесің?
— Иə, ол... ол көптен бері маған ғашық!—деді Руфь, қыздың дауысы
əлденеге қаттырақ шығып кетті.
— Бəсе, солай шығар. Сені бір көрген кісі ғашық болмаушы ма еді?
— Олни менімен өш-ақ қой!— деді Руфь жұлып алғандай.— Мен де
жек көремін. Қасыма жақындап кетсе, мысықша тырнап алғым келеді,
оның жаратпайтынын жақсы білемін, менің де жаратпайтыным рас. Бірақ
Мартин Иденмен жақсымыз. Маған əлі ешкім «ондай» ғашық болып көрген
емес. «Ондайдың өзі» жақсы болады екен. Мама жаным-ау, менің не
айтайын деп отырғанымды түсінесің бе? Өзіңнің нағыз əйел екеніңді сезіну
сондай жақсы екен...— Руфь ұялып, шешесінің төсіне бетін басты.— Бұл
жақсы əдет емес,— білемін, сонда да сенен сыр бүге алмаймын, адал
шыным осы.
Миссис Морз бұған əрі өкінді, əрі қуанды. Университет дипломын жаңа


ғана алған қыз баласы ғайып болып, оның орнына бойжеткен қыз жақын
келіпті жанына. Тəжірибесі сəтті болған. Руфьтің мінезіндегі кемшілік
түзеліпті, бірақ хауіп-қатерден əйтеуір аман өтіпті. Добал матрос міндетін
орындаған екен, Руфьті өзіне ғашық ете алмағанымен, əйелдік сезімін
оятуы хақ.
— Қолдары қалтырайды,— деді Руфь бетін басып,— тіптен ұят, ерсі,
кейде аяп кетем. Қолы қаттырақ қалтырап, көздері тікірейіп кетсе, ақыл
айтып, қате-кемшіліктерін тізе бастаймын. Мені пір тұтады. Бұл анық, дəу
де болса, қалтырап-дірілдеуі тегін емес. Осы мінезі есіме түссе, ер
жеткенімді аңғарамын. Бойымда табиғатыма дарыған бірдеме барын
сеземін, басқа қыздарға... жəне... жас келіншектерге ұқсас екенімді
байқаймын. Бұрын өзімнің оларға ұқсамайтынымды білуші едім де, сенің
налып жүргеніңді аңғарушы едім. Яғни, сен сыр бермесең де, сезіп
жүретінмін... Сондықтан, менің де, Мартин Иден айтқандай, «линияға
тұрғым» келеді.
Бұл сəт ана үшін де, қыз үшін де айрықша қасиетті минут. Ымырт
қараңғысында екеуі де көздерінен жас алды. Бірі — өмір тəжірибесі аз,
күнəсіз, көңілі таза бала болса, екіншісі — баласын жанындай жақсы
көретін, оның сырын айтпай-ақ аңғаратын, бар ақылын, білген-түйгенін
аямайтын заңғар ана.
— Ол сенен үш жас кіші,— деді миссис Морз,—өмірден əлі орнын
таппаған жігіт. Еш жерде қызмет етпейді, жалақы таппайды. Өте бір
құнтсыз адам. Егер сүйетіні рас болса, үйленуіне əрі мүмкіншілік, əрі право
беретін кəсіп туралы ойлануы жөн еді ғой. Оның орнына қиял қуып, əңгіме
жазуды ермек етіп, баланың ісін істеп жүр. Осы шіркін ешуақытта ақыл
тоқтатпас деп қорқамын. Жауапкершілік дегенді сезбейді. Сенің əкеңе,
мистер Бэтлерге ұсап немесе бізбен астас өзге игі жақсылар сықылды ер
адамға лайықты дұрыс кəсіп тауып алмай ма екен бұ шіркін. Мен білсем,
Мартин Иденнің ақша табуға қыры жоқ. Ал ақшасыз дүние бар ма осы
заманда: онсыз ешуақытта бақытты бола алмайсың,— əлбетте, ен
байлықты емсеп отырған мен жоқ, сонда да ел қатарлы, адам сияқты
тұрмыс көру үшін тұрақты табысы болу керек қой. Ол саған айтып, көңілін
білдірген жоқ па əлі?
— Tiс жарып, ешнəрсе айтып көрген емес. Тіпті, ыңғай беріп көрген
емес. Айтқанымен оның сөзіне кім құлақ асады ғой дейсің. Мен оны


сүймеймін.
— Бұл сөзіңе қуаныштымын. Əрқашанда ғазиз балам əлдекімге үйір
болмаса екен деп тілеймін. Дүниеде нағыз еркек, адамгершілігі бар адам аз
ба. Сабыр ет. Күндердің бір күні тəуір адам кездесер. Ұнатарсың. Ол да
сені жаратар. Сендер де, мені мен əкең сияқты бақытты қосақ болып
кетерсіңдер. Бірақ, есіңде болсын, қарағым.,.
— О не, мама?
— Сəби туралы.
— Мен... мен ойлап едім мұны да,— деп Руфь еркінен тыс қиялына
орала беретін осы бір жай есіне түскенде, тағы қызарды.
— Мистер Иден бұл жағынан да саған жар болуға жарамайды, – деді
миссис Морз əр сөзіне мəн беріп. – Болашақ сəбидің қаны таза болу керек.
Мистер Иденнің нəсілі таза деп айта алмаймын. Матростар турасында
əкеңнің талай айтқаны есімде... Өзің де түсінесің ғой...
Руфь бəрін түсіндім дегендей қолын қысты. Бірақ осы бір үрейлі де
бұлдыр сезімнің мəнін білуі нағайбыл.
— Өзіңе аян, мама, мен ойымдағыны ылғи өзім айтып жүрмін саған.
Əйткенмен ара-тұра сенің де сұрастыра жүргенің мақұл. Мəселен,
бүгінгідей. Бүгінгі сырымды саған айту көптен ойымда бар еді. Бірақ
қалай, неден бастаудың ретін біле алмай жүретінмін. Бұл, əрине, жалған
ұят. Қолтығымнан демеп жіберу саған оп-оңай! Тек ара-тұра жай-күйімді
біле жүргейсің. Сен де əйелсің ғой, мама! – деп Руфь дауыстап, шешесінің
қолынан ұстай алды, екеуінің ымы-жымы бір тең адам екенін жаңа ғана
сезініп қуанып тұр. – Сен сөзді өзің бастамағанда мен, мүмкін, ойланбас та
едім. Сенің де мендей əйел екеніңді түсінуім үшін əуелі өзімнің əйел заты
екенімді сезінуім керек болды.
— Иə, екеуміз де əйелміз, – деп шешесі қызын бауырына басып сүйді. –
Екеуміздің де затымыз əйел екені рас, – деді ол тағы да, тағдырының ортақ
екенін енді сезгендей, құшақтасып, бөлмеден шығып бара жатқан шақта.
— Балақанымыз ер жетіп, естияр болып қалыпты, – деді масаттанып
еріне миссис Морз бір сағаттан кейін.


— Немене, əлде ғашық болып қалып па?— деді ері сұраулы кескінмен
зайыбына қарап.
— Жоқ, өзі емес, анау неме ғашық көрінеді,— деді жұбайы күлімсіреп.
— Тəжірибеміз сəтті болған сияқты. Қызымның əйелдік сезімі оянып
қалыпты.
Мистер Морз іскер кісі ғой:
— Олай болса, Иденнің қарасын дереу құрту керек,— деп тоқ етерін
төтесінен айтып салды.
Əйелі басын шайқады.
— Қажеті жоқ оның: бірнеше күннен кейін теңізге өзі-ақ кететін
көрінеді. Ол келген кезде Руфь те бұл жерден табылмас. Клара апайдікіне
жіберелік. Сонда, шығыста біраз күн болсын, ел-жұрт көріп, ауа райын,
тұрмыс жағдайын өзгертіп, жаңғырсын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет