Джек Лондон. Мартин Иден



Pdf көрінісі
бет21/48
Дата22.09.2023
өлшемі1,5 Mb.
#109789
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   48
Жиырма бірінші тарау
Аспаннан рахман нұр төгіліп, жер жылынып, күн жадырап тұрған кез.
Калифорнияның қоңыр күзінде осындай тамылжыған тамаша күндер аз
болмайды. Бұл шақта күннің көзі сəл мұнартып бая ескен самал жел тымық
ауаны болар-болмас тербеп тұрар еді. Бытқыл-бытқыл төбелердің
баурайында ойнақтаған көгілдір тұман нəзік жіптен тоқыған жібек
пердедей желбірейді, шығанақтың арғы бетінде көсіліп жатқан сонау Сан-
Франциско қаласы қоңыр түтіннен бұлдырап əрең-əрең көрінді. Балқыған
қорғасындай жалтырап жатқан шығанақтың кеудесінде біресе тоқтап,
біресе ағыспен ақырын жылжып жүрген кілең ақ желкенді кемелер.
Əріректе күмістей аппақ, толқынды тұманға шомған зəулім биік
Тамальпайс. Батып бара жатқан күн шұғыласына шомылған Алтын
Дарбаза, расында да, саф алтындай жарқырайды. Онан əрі Тынық
мұхиттың құлазыған кең жазығы. Ал көкжиегін айнала көмкерген көбіктей
қалың бұлт — ызғарлы қыстың таянып келе жатқанын аңғартқандай еді.
Жылы жазға енді кетпек керек. Бірақ, ол асығатын емес. Алап-алқаптың
көгілдір көлеңкелерін, қоңыр төбелердің шуағын паналап, ала жаздай рахат
өмір кешкеніне, төгіп-шашып мол жемісін бергеніне енді қанағат тұтып
қуанғандай, сылқ-ылқ күліп, қалжыраған жаз бұлыңғыр кебінін бүркеніп
алып, жайбарақат, жайыменен, ақырын ғана о дүниеге осылай кете
барашақ. Өздері бауыр басқан төбешіктің беткейінде Мартин мен Руфь бір-
біріне тым таяу, кітапқа үңілген қалпында отыр еді. Жігіт дауыстап
ғашықтық туралы өлең оқыды, бұл өлеңді жазған əйел өзінің Браунингке
ғашық екенін жыр еткен. Иə, еркек адамға риясыз ғашық болған ондай
абзал əйел ілеуде біреу.
Бірақ, олар кітап оқып жарытқан жоқ, табиғаттың сөніп бара жатқан
сұлулығы еліктіріп əкетті. Шіркін жаз, сенің өмірің де көрген қызығын
өкініш етпейтін күнəһар арудың өміріне ұқсас-ау, қараңызшы, мына
маужыраған ауа да сол өтіп кеткен өмір қызығының сағынышына толы
емес пе. Əлденені аңғатқан осынау мезгіл Мартин мен Руфьтің де жан-
жүйесін тербетіп, ақылы мен арманын шаттық тұманына бөлеп, делсал
қылады. Мартин есеңгіреп отыр, кей-кейде жылы толқын жыбырлап келіп,


бүкіл денесін шарпып өткендей болады. Екеуінің басы бір-біріне жақындап
кетсе ерке жел Руфьтің шашымен жігіттің бетін қытықтайды, сол кезде
Мартиннің көзі бұлдырап, алдындағы кітаптың жазуы теңселіп ала
жөнеледі.
— Меніңше, не оқып отырғаныңызды өзіңіз естімейсіз ғой деймін,—
деді Руфь жігіт оқыған жерінен көз жазып, мүдіріп қалған бір сəтте.
Мартин шоқша жайнаған көздерімен жалт қарады да, сыр бермей:
— Сіз де тыңдап отырмаған боларсыз, тыңдасаңыз айтыңызшы, соңғы
сонет не туралы еді?—деді.
— Білмеймін,— деді қыз жымиып.— Есімде қалмапты. Жарайды, енді
оқымай-ақ қойыңыз. Күн керемет жақсы екен бүгін.
— Мұнан былай серуенге шыға алмаймыз,— деді Мартин байсалды
кескінмен.— қараңыз, сонау көк жиегінен түнеріп дауыл келе жатыр.
Қолындағы кітабы жерге сусып түсті. Екеуі үнсіз отыр. Тек арманға
толы көздерімен, түк көрмесе де, сонау мүлгіген шығанаққа шүйіліп
қараған болады. Руфь Мартиннің мойнына көз қиығын тастаған еді,
жаратылыс заңынан да күшті, бір өктем қуат, тағдырдан да құдіретті бір
күш баурап əкетті. Жігіттің иығына иығын тигізу үшін бір-ақ елі еңкеюі
керек еді, еркінен тыс еңкейгенін сезбей қалды. Қалтырап, гүлге қонатын
көбелекше жігітке қарай ақырын ғана, еппен, болар-болмас қимыл жасаған,
сол заматта өзіне қарай жігіттің де өте баяу қарсы келгенін сезді, екеуінің
иығы бір-біріне тиер-тиместен жігіттің аза бойы дір ете қалғанын байқады
қыз. Міне, сол минутта қыздың жігіттен бой тартуы керек еді ғой. Жоқ,
олай етуге дəрмені жетпеді. Не істесе де — соның бəрі еркінен тыс
өздігінен болып жатқандай. Бұл туралы ойланған да жоқ, ессіз, есалаң
қуаныш ертіп əкетіпті.
Мартин бата алмай, қорғалақтап, қолын созып, Руфътің мықынынан
құшақтады бір кезде. Бұл уақытта қызды да əлд бір балдан тəтті, удан ащы
азапты рахат сезімі жеңіп, əлдене күтіп отырған. Тегі, не күтіп отырғанын
білді ме екен өзі. Əйтеуір, ерні тобарсып, жүрегі лүпілдеп, қаны толқып
кеткені рас. Мартин қызды құшағына қыса түскен, ақырын, əдеппен өзіне
қарай тартқан. Енді қыздың да күте бергісі келген жоқ. Қалтырай күрсініп,
не істеп, не қойғанын білместен, еңкейіп, жігіттің кеудесіне ақырын басын


сүйеді де бетіне қарады. Сол-ақ екен Мартин де шүйлігіп барып, қыздың
ерніне ернін тигізе қойды.
Ғашықтық деген осы шығар-ау, деп ойлады Руфь есін жиғасын. Егер
бұл ғашықтық болмаса — масқара-дағы. Əлбетте, бұл сүйіспеншілік болу
керек. Өзін қысып құшақтаған, ерніне ернін тигізген мына жігітті сүйеді
екен ғой. Руфь өз-өзінен бəйек болып, жігіттің іші-бауырынан өтіп, ырқына
көніп, елжіреп, еркелей түсті. Бір кезде оның құшағынан сытылып шықты
да, күнге күйген қып-қызыл мойнынан қысып-қысып құшақтады. Мейірі
қанып, мауқы басылғанына қуанды, түшіркенді, дереу қолын жазып
жіберіп, талықсып барып, жігіттің кеудесіне құлай кетті.
Екеуі ұзақ уақыт бір-біріне тіл қатпай зауықтасып отырды. Мартин екі
рет еңкейіп сүйген еді, екеуінде де Руфь еппен өзі тосып алды, бүкіл денесі
əлденеге ыңғайласу қалып іздеумен болды. Мартин шығанақтың ар
жағында көлбеп жатқан үлкен қалаға көзін тігіп, бірақ ешнəрсе көрмей
отырды. Бұл жолы қиялына елес те келген жоқ. Ол əлдебір ашық бояу
көрді, мына тамылжыған тамаша күндей, оттан ыстық ғашықтық
сезіміндей жарқын нұр көрді жігіт. Тағы бір еңкейгенде қыз:
— Сіз маған қашан, қай уақытта ғашық болдыңыз?—деп сұрады
сыбырлап.
— Сізге алғашқы кездескен күні, бірінші көрген минутта-ақ ғашық
болдым. Сонан бері күн санап сізге ғашықтық құмарым арта берді. Қазір
құса болып отырмын. Зор бақыт кеудеме сыймай, басым айналып кетті.
— Мартин... қымбаттым!— Қыз болу қандай жақсы,— деді Руфь қатты
күрсініп.
Мартин тағы да құшақтап:
— Өзіңіз ше, сіз қай уақытта сездіңіз?—деді ақырын.
— О, мен əлдеқашан, бірден-ақ сезгенмін!
— Олай болса жарқанат сияқты түк көрмеген мен екем ғой!— деді
Мартин өкінгендей.— Мен сіздің ұнататыныңызды жаңа сүйіскен кезде
ғана аңғардым.


— Жо-жоқ, айтайын дегенім ол емес,— қыз əрірек жылжып Мартинге
қарады.— Маған сіздің ғашық екеніңізді баяғыда сезгем.
— Ал өзіңіз ше?
— Мен бе, мен бірден байқадым.— қыз өте баяу сөйледі, жігітке жылы
жүзбен қарап, көзі бұлдырап, екі беті қызарып кетті. – Мені.. мені жаңа сіз
құшақтағанға дейін ойыма ешнəрсе келген емес. Осы минутқа дейін еш
уақытта сіздің əйеліңіз болам деп ойлағаным жоқ, Мартин. Адамның басын
лезде айналдырып алатын не сыйқырыңыз бар еді сонша?
— Қайдам,— деді Мартин езу тартып.— Өлесі ғашық болуымнан
шығар. Сізге деген сүйіспеншілігім тірі жанның жүрегі түгіл қара тасты
жібітер еді.
— Осының бəрі мен ойлап жүрген ғашықтыққа ұқсамайды.
— Сіздіңше, ғашықтық қандай болуға тиіс?
— Мен дəл мұндай болар деп ойлағаным жоқ.
Бір секундтай Мартиннің көзіне қадала қарады да:
— Менің ешнəрседен əлі хабарым жоқ,— деп төмен қарады.
Мартиннің тағы да қызды бауырына тартқысы келген еді, сескентіп
алармын деп қорықты, тек құшақтап отырған қолы еркінен тыс дір ете
қалды. Қыздың өзі ұмтылып, екеуі ұзақ сүйісті.
— Əке-шешем не дер екен?—деді қыз кенет үрейленіп.
— Қайдан білейін. Білу қиын емес қой.
— Мамам көнбей қойса қайтеміз? Мен оған дəтім барып, бір ауыз сөз
айта алмаймын.
— Олай болса мен айтайын,— деді жігіт.— Мамаңыздың маған теріс
ыңғай екенін білемін, сонда да сөйлесіп көрейін. Көндірем ғой деймін.
Сізді жеңген адам кімді жеңбейді. Егер ештеме өнбесе...


— Онда қайттік?
— Əйтеуір, олар көнбеді деп ажырап кетпелік. Түбі көнетін шығар.
Сізді жанындай жақсы көреді ғой, аяр.
— Жүрегі жарылып кете ме деп қорқамын.
Мартиннің ана жүрегі мұндайға жарыла қоймайды дегісі келіп еді,
оның орнына:
— Ғашықтық деген дүниедегі ең бір ғажап нəрсе!—деді.
— Мартин, білесіз бе, мен кейде сескенемін сізден. Кім екеніңіз, бұрын
кім болғаныңыз есіме түссе, əлі күнге зəрем ұшады. Маған оң көзіңізбен
өте жақсы қарауыңыз керек. Əлі бала екенімді ұмытпаңыз! Бұл күнге шекте
ешкімді сүйгенім жоқ!
— Мен де. Екеуіміз де əлі баламыз. Екеуіміз де өте бақыттымыз.
Екеуіміз де бір-бірімізді сүйеміз!
— Мүмкін емес,— деді қыз жұлып алғандай, дереу құшағынан
босанып,— сіздің сəбимін дегеніңізге сенгім келмейді, мүмкін емес...
Матроссыз ғой, матростардың жайы белгілі...— деп кілт тоқтады.
— Порт сайын бір əйелге үйленіп, жаман үйренген дегіңіз келеді ғой.
Осы ма айтпағыңыз?
— Иə.
— Соның бəрін сүйіспеншілік деуге болмайды. Талай портты
аралағаным рас. Бірақ, сізге кездескенше тірі жанға ғашық болып көргенім
жоқ. Бірінші рет сізді көріп үйге қайтып бара жатқанымда полиция ұстап
əкете жаздаған.
— О несі?
— Кəдімгідей ұстап əкете жаздады. Полисмен мені мас деп ойлапты.
Шынында да мас едім... ғашықтықтан есім танып, мас болғаным рас еді!
— Біз лағып кеттік. Сіз екеуміз де баламыз дедіңіз, мен мүмкін емес


дедім. Əңгіме осы туралы еді ғой.
— Менің бұрын ешкімді сүймегенім рас. Сіз менің бірінші
ғашығымсыз, шын сүйгенімсіз.
— Матрос екеніңіз рас қой?
— Рас, ал бір ғана сізге ғашық екенім де рас.
— Өзге əйелдеріңіз де болды ғой... болды ғой, ə!—деп Руфь күтпеген
жерде көз жасын іркіп-іркіп алды. Таң қалған Мартин ғашығын қаттырақ
құшып, көбірек сүйіп, əрең жұбатты.
«Асылзада леди...
Джуди ОТреди,
Ата-тегің кем еді
Өзге жағың тең еді»
Киплингінің осы сөзі Мартиннің есіне түсе кетті. Бұрын-соңды оқыған
романдары өзге пікірді жақтағанымен, осы сөздің де жаны бар-ау деп
қалды ол. Романдардың айтуынша, бекзадалар қауымында əйелге қолың
мен жүрегіңді ресми ұсынсаң болғаны. Ал өзі туып-өскен ортаның қыздары
мен жігіттері арасында сүйісу, қол жүгіртісу деген бола береді. Демек,
үстем таптың кербездері сүйіспеншіліктің мұндай белгілерін өрескел əдет
деп таныса керек еді. Жоқ, олай емес екен. Романдардың сөзі жалған екен.
Мұның дəлелін жаңа ғана өз көзімен көрді. Үн-түнсіз, тек қана сылап-
сипап еркелету жұмысшы кедей əйелге де, жоғарғы қауым бикештеріне де
ұнайтын көрінеді. Қоғамдағы орны алуан саты болғанымен, əйел
атаулының «өзге жағы тең» екен ғой. Герберт Спенсерден оқығаны есіне
түссе, бұған өзінің де ақылы жетер еді. Руфьті аймалап сүйіп, жұбатып
отырғанда асылзада-леди мен Джуди ОТредидің бір-бірінен айырмасы жоқ
екен ғой деген ой Мартиннің көңіліне зор демеу болды. Бұл ой Руфьке
жақындата 
түскендей 
еді. 
Сұлу 
Руфьтің 
уылжыған 
тəні 
өзге
əйелдердікіндей екен ғой. Олай болса, екеуінің үйленуіне ешқандай бөгет
жоқ. Енді араларында таптық айырмашылықтан өзге не қалды? Ол да тек
сырт көрініс қана. Ендеше елемеуге болады Кітаптан өзі оқыған Римнің бір
құлы əйел арқылы ақсүйектің дəрежесіне жетіп, қырмызы шапан киіпті


ғой. Мартин де сол сықылды Руфьтің биігіне көтеріле алмай ма? Айрықша
таза, күнəсіз, білімді, жаны сұлу жан болғанымен ол да кəдімгі Лиззи
Конолли тəрізді əйел, дүние жүзіндегі барша Лиззи Коноллилердің бірі.
Солардың бəріне тəн əдет Руфьте де жоқ емес. Бұл да біреуді сүйеді, біреуді
жек көреді; мүмкін Руфь те ызақор, ашушаң адам шығар. Оның да кəдімгі
қызғаншақ əйел болуы мүмкін. Жаңа ғана порттағы ашыналары туралы
айтқанда қызғанып, шарт ете түскен жоқ па.
— Оның үстіне менің сізден жасым үлкен,— деп қойды Руфь жігіттің
көзіне қарап,— мен сізден үш жас үлкенмін.
— Бəрібір баласыз. Өмір тəжірибесіне қарағанда мен сізден отыз үш
жас үлкенмін.
Ғашықтық мəселесіне келгенде екеуінің де бала екені рас; біреуінің
университеттен 
диплом, 
атақ 
алуына 
қарамастан, 
екіншісінің
философиядан хабары, өмірден тəжрибесі болуына қарамастан, екеуі де
сезім дүниесіне келгенде бала сияқты епсіз, олақ жандар еді.
Сөніп бара жатқан күн шұғыласына шомған екі ғашық осылай бір-
біріне ғашықтардың əдетті сөзін айтып отырды. Сүйіспеншіліктің
тылсымына, екеуінің басын қосқан тағдырдың тамашасына таң қалысты,
бұл дүниеде, о заман, бұ заманда, ешкім екеуіндей бірін-бірі шын сүймеген
шығар деп ойлады. Бірінші рет қалай кездескендерін, бір-біріне қай
қылығы ұнағанын, не ойлап, не сезгенін қызық көріп, қайта-қайта айтып,
бəрін естеріне түсірмек болды.
Бұлтқа батып бара жатқан күн, көкжиегіне алтын арайын шашып, дүние
əлем қызғылт мұнарға бөленген шақта Руфь «Қош бол, қош, бақыт күні,
бақытты күн» əнін салды. Жігіттің иығына басын сүйеп, қол ұстасып,
ақырын əндетіп отырғанда екеуі де бірінің жүрегін бірі алақанына салып,
əлпештеп отырғандай көрген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет