Джек Лондон. Мартин Иден



Pdf көрінісі
бет22/48
Дата22.09.2023
өлшемі1,5 Mb.
#109789
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48
Жиырма екінші тарау
Миссис Морз баласына қоруыш болмаған күнде де Руфьке бір
қарағаннан не болғанын біле қоюға тиіс еді. Екі бетінің алмадай болып
қызаруы, көзіндегі қуанышы аңсаған арманына қолы жетіп, мерейі үстем
болғанын көрсетіп тұрғандай-ды.
— Не боп қалды!—деді ол Руфь төсегіне жатысымен.
— Бірдеме сездің бе!— деді қызы оған.
Шешесі жауап қайтару орнына аймалап, қызының шашынан сипады.
— Маған əлі ештеңе айтқан жоқ! Мен айттырмас та едім,— деді Руфь
дауыстап.— Ақыры осылай болар деп ойлағаным жоқ. Бір ауыз сөз
айтпастан...
— Ештеме айтпаса, ештеңе болмауға тиіс.
— Болуын болды.
— Жасаған-ай, балапаным-ау, не айтып жатырсың!— деді Миссис
Морз.— Не болды? Не боп қалды сонша?
Руфь шешесіне таңырқай қарап:
— Мен сені бірдеме сезген шығар десем, ештеңеден хабарың жоқ екен
ғой. Мартин күйеу, мен қалыңдық болдым,— деді.
Миссис Морз кеңкілдеп күліп жіберді, ылажсыз күлкісінен əрі күдік, əрі
өкініш естілгендей еді.
— Бірақ түк айтқан жоқ,— деді Руфь тағы да.— Мені сүйеді екен,
ғашық екен. Сен сияқты бұл маған да тосын оқиға. Бір ауыз сөз айтпастан
келіп, құшақтай алғаны ғой, сол кезде менің... менің басым айналып
кетіпті. Ол əуелі мені сүйді, сосын мен оны сүйдім... Қайтейін. Сүю керек
болды — сүйдім. Сосын барып ғашық екенімді білдім.


Руфь үндемей қалды, шешесі тағы еркелетер ме екен деп еді, жоқ,
Миссис Морз ызғарын ішіне тартып, тіл қатқан жоқ.
— Əрине, масқара ғой бұл, енді түсіндім,— деді Руфъ өнжұрғасы түсіп.
— Қайдан білейін, күнəмді кешіре алар ма екенсің, мама. Менде өзге ылаж
қалмады. Оны жарататынымды сол минутке дейін білмей келіппін. Бұл
жайды əкеме енді өзің айтарсың.
— Мүмкін, əкеңе əлі айтпай тұра тұрармыз? Мартин Иденмен əуелі
өзім сөйлесейін, бай-жайды түсіндірейін. Түсінер, сертінен қайтар, сені
босатар берген уағдаңнан.
— Жоқ, жоқ!— деді Руфь өзеуреп.— Босатпай-ақ қойсын. Мен сүйемін
оны, сүйіспеншілік деген сондай жақсы екен. Мен өзіме құдайы қосақ
етемін оны, əлбетте, сендер рұқсат етсеңдер.
— Əкең екеуіміздің ойымыз өзге еді, Руфьжан, қарағым... Жоқ, жоқ,
жоқ, біреуге зорлап бергелі жүр екен деп ойлай көрме. Тек өзің қалап, өзің
ұнатсаң ғана өз қатарымызға, нағыз джентльменге, қадірмен азаматтың
біріне қосамыз ба деп едік.
— Мен Мартинді ғана сүйемін,— деп болмады қиылып қыз.
— Сенің қалағаныңа біз қарсы болмаймыз ғой, сонда да қызымыз
емессің бе, əлдекіммен кетуге рұқсатымыз жоқ. Ол сенің жылы мейірің мен
сыпайыгершілігіңе дөрекілік пен көргенсіздіктен өзге не көрсете алады.
Теңің емес. Айта берсе, ол сені асырай алмайды. Зор байлық көксемей-ақ
қояйық, бірақ ер адамның болашақ əйеліне ұсынатын белгілі бір сəн-
салтанаты, əл-ауқаты болуы керек. Қызымыз осындай орнықты біреуге
шықса екен деп тілеуші едік, қайдағы бір қайыршы авантюристің,
матростың, ковбойдың, контрабандистің, тағы кімнің қол жаулығы болып
кетпесін деуші едік. Ол шіркін осындай жөнсіз болуының үстіне
жауапкершілік дегеннің не екенін білмейтін жеңілтек, алаңғасар көрінеді
ғой.
Шешесінің сөзін жөн деп білген Руфь лəм-мим демеді.
— Əліне қарамай уақытының көбін жазуға жұмсап жүр, кітап жазу ол
түгілі онан он есе артық айрықша дарынды һəм білімді адамдардың да


қолынан келе бермейді. Үйленетін жігіт ең алдымен бір əзірлік жасар болар
еді. Бұл оның жырында да жоқ. Мен айттым ғой саған, өзің де байқап
жүрген шығарсың, ол жауапкершілік сезімінен жұрдай жігіт. Сезім оған
қайдан келсін? Матрос қой, матрос біткеннің бəрі добал келеді. Бұл да
ешуақытта сақтық жасап, қанағат қылу дегенді білмей, бетімен өскен біреу
болу керек. Ақшаны есепсіз, беталды судай шашу бұлардың қанына сіңіп
кеткен əдет. Əрине, бұған өзі кінəлы емес-ақ шығар, бірақ қалай болғанда
да істің мəні өзгермейді. Сен оның өткен өмірі туралы, бұрын бұзылған
адамдармен көп араласқаны жайлы ойландың ба, онан не жақсылық күтуге
болады ғой деп жүрсің? Қызым-ау, əуелі неке дегеннің не екенін білесің бе
өзің?
Руфь селк етіп, шешесіне тығыла түсті.
— Ойландым...— Руфь лайықты сөз таппай, біраз уақыт үндемей
жатты.— Əрине, масқара. Есіме түссе,— ұяламын. Кінə менен, бұл
сүйіспеншілік емес, зор бақытсыздық. Бірақ, басқа ылажым жоқ. Өзің
айтшы, баяғыда папамды ұнатпасқа ылажың болып па еді? Мен де
өзіңдеймін. Мартин екеуіміздің арамызда бір сұмдық бар, не екенін өзім де
білмеймін, əйтеуір мені бірдеме Мартинге ынтықтырады да тұрады. Оған
ғашық боламын деп ешуақытта ойлағаным жоқ. Мінеки, ғашық боп
қалыппын,— деді ол мақтанған адамдай.
Екеуі өзара тіл табыса алмай ұзақ əңгімелесіп жатты да, ақыры əзірше
күте тұрайық, аңысын аңдайық деген байламға тоқтады.
Бір сағаттан кейін зайыбының қулығы насырға шауып бара жатқанын
естіген мистер Морз да осы тоқтамға келісімін берді.
— Əлбетте,— деді ол,— ақыры осылай болуға тиіс еді. Руфь бұрын осы
матростан өзге ер адаммен жақын танысып көрмеген бала ғой. Ерте ме,
кеш пе — əйел сезімі оянуы керек еді. Оянды. Сол кезде қасында анау
шіркін ғана болған... Əрине, сол арада көз алдында тұрған жігітке ғашық
бола кеткен немесе ғашық болдым деп түсінген.
Миссис Морз Руфьке қарсы келмей қақпайлап көрейін, уақыт
жеткілікті, Мартиннің күні бүгін үйлене қоюға жағдайы жоқ деді.
— Мейлі, екеуі жолыға берсін,— деді мистер Морз.— Жақын танысып,
жақсы білген сайын өзі-ақ жерінер. Екеуінің арасында салыстыра


жүретіндей біреудің болғаны жөн. Жас бозбала мен қыздарды, өзімізбен
аралас-құралас, мəдениетті, тəрбиелі жастарды, нағыз джентльмендерді
үйге жиі-жиі жинау керек. Олардың қасында матростың ыпыны қашады.
Руфь те игі жақсылар арасында оны бір сынап көрсін. Сол неменің өзі бала
емес пе. Жасы жиырма бірде ғана ғой. Руфь те бала. Екеуінікі
сүйіспеншілік емес, балалық болар, бара-бара басылып кетеді ғой.
Екеуі де осыған тоқтады. Семья ішінде Мартин мен Руфь сөз байласып
жүрген жастар деп танылғанымен, өзге жұртқа лақабы жайылмады. Үлкен
кісілер осы жөн деп тапты. Əлбетте, жастардың танысуы неғұрлым ұзаққа
созылғаны жақсы. Ал Мартинге тұрмысыңды түзе, жұмыс тауып ал деген
жан болған жоқ; жазуыңды қой деп те ешкім ақыл айтпады. Себебі, оған
көмектесу семьяның есебіне кірмейді. Мартиннің өзі де осы ниетті
қолдағысы келгендей тəуір қызметке талпынған жоқ.
— Мен бір жаңалық жасамақпын, қалай көресіз, — деді Мартин Руфьке
арада бірнеше күн өткеннен кейін.— Апамның үйінде тұра беруге
қаражатым жететін емес, бөлек шықсам деймін. Солтүстік Оклендтен бір
оңаша үйден бөлме де табылды, керосинка сатып алдым — тамағымды
өзім пісіремін.
Руфь қуанып кетті. Өте-мөте керосинкасын қол көрді.
— Мистер Бэтлер де өмірін осылай бастаған,— деді ол.
Қадірмен джентльменнің есімін естігенде Мартин қабағын шытып,
сөзін жалғастыра түсті.
— Қолжазбаларымның бəріне марка жапсырдым да, редакцияларға
тағы жібердім. Бүгін жаңа пəтерге шығып, ертеңнен бастап жұмысқа
кірісемін.
— Жұмысқа кірген екенсіз ғой!— деп Руфь кенет дауыстам, қуанышы
қойнына сыймай, жігітке күле қарап, қолын қысып, жақындай түсті.—
Бұрын неге айтпадыңыз! Қандай қызмет?
Мартин басын шайқады.
— Ертеңнен бастап жазуға отырмақпын, соны айтам.— Қыздың
жаратпағанын байқап, жігіт асыға сөйледі:—Мені əуелі дұрыс түсініңіз.


Бұл жолы қиял қумаймын. Салқын ой, қарапайым есепке ғана жүгінемін.
Тағы теңізге шыққаннан да, маған осы тиімді болар, деп отырмын.
Табысым Оклендтің қатардағы қызметшісінен артық болмаса, кем болмас,
бұған сенімім мол. Соңғы айларда, қолым бос қой, көп ойландым. Мəстек
атша зорығып, жұмыс істегенім жоқ, жөнді жазу да жазбадым. Жазсам
баспа үшін жазғаным жоқ. Бар уақытымды сізге ғашық болумен, өз
жағдайымды ойластырумен өткіздім. Оны-пұны оқығаным рас, оны да
ойымдағы мақсатыма керек болғасын оқыдым, мен негізінен журнал
қарадым. Өзім туралы, өмір туралы, өмірдегі орным туралы ойландым,
сізге лайық дəрежеге жетуім үшін алдымда қандай міндет тұрғанын
болжадым. Онан басқа мен Спенсердің «Стиль философиясын» оқып, өзіме
керекті, маған, менің жазғандарыма жəне ай сайын əр журналда басылып
жүрген 
əдебиетке 
тікелей 
қатысы 
бар 
қызық-қызық 
нəрселерді
кездестірдім. Сонымен, сізге ғашық болу, оқу, ойлану-толғану үстінде
нендей тұжырымға тоқтадың деңіз: мен əдебиетті өзіме кəдімгідей қара
кəсіп етпекпін. Аз уақыт шедеврді қоя тұрып, ойыма келгенін жазамын:
фельетон, анекдот, күнделікті көкейтесті əзіл-оспақ, тақпақ, күлдіргі
əңгімелер — қысқасы, алушыға не керек — соның бəрін жаза беремін.
Газетке, күлдіргі беттерге, жексенбі күнгі қосымшаларға материал
жетістіретін əдебиет агенттігі бар. Мен солардың керегін жасап беріп
тұратын болам. Көрерсіз, табысым аз болмайды. Қазір осы кəсіппен ғана
айына төрт жүз, тіпті бес жүз доллар табатын сабаздар бар. Мен оларға
ұсамаймын, бірақ қайткенде де күн көрісіме керекті қаражат табам, оның ар
жағында өз жұмысыма, оқуыма уақыт қалады. Бірте-бірте нағыз еңбек
жазып көрем, үйренем, алдағы үлкен жұмысқа əзірленем. Осы
жұмысымның сəтті болуына өзім таңмын. Қолыма алғаш қалам алғанда, не
жазарымды білмеуші едім. Əлденені қосып-шатып жаза беретінмін. Ешбір
идея, ешқандай ой деген болмайтын. Ойлайтын сөз қоры да аз-ды. Бастан
кешкен оқиғаның бəрі мағынасыз жай сурет болып көрінуші еді. Оқи келе,
сөз қорым молая келе, сол суреттердің бұрын аңғарылмаған қыры мен
сырын көре бастадым. Сонан кейін ғана біраз дүние жазып тастаппын.
«Оқиға», «Қуаныш», «Құмыра», «Өмір шарабы», «Көңілді көше»,
«Сүйіспеншілік туралы сонеттер», «Теңіз толғаулары». Мұндайлардың
тіпті мұнан да жақсы дүниенің тірі болсам талайын жазамын. Əрине,
қолым бос уақытта ғана жазамын. Мұнан былай аспандағы құсты
аузыммен тістеймін деп арамтер боларым жоқ. Ең алдымен табыс келтіру
үшін қара кəсіппен айналысып, сонан кейін ғана шедеврмен шұғылданатын
шығармын. Кеше кешке, əдейі сіздің алдыңызда сөзімді растау ниетімен,
күлдіргі апталықтарға арнап бес-алты ұсақ-түйек бірдемелерді жазып


тастадым да, жатар алдында: əзіл-тақпақ жазып көрейінші деп, бар-жоғы
бір сағаттың шамасында соның төртеуін жазып үлгірдім. Осының əр
біреуіне бір доллардан қаламақы алуым керек. Əншейін, жұмыс арасында,
төсек салып жүріп, төрт доллар табыс кіргізу, құдай біледі, жаман емес
шығар деймін. Əрине, мұндай көр-жердің қасиеті де болмайды. Құрсын, əрі
көңілсіз, əрі көріксіз нəрсе ғой. Əйтсе де, бұл өмір бойы кеңсенің кенегесін
жүргізіп, айына алпыс доллар жалақы үшін ұшы-қиыры жоқ көп цифрды
тіркес-тіркес қылып, тізбектеп отырғаннан гөрі көңілсіз бола қояр ма екен.
Менің қазіргі кəсібіме келетін болсақ, оның, бір жағынан, əдебиетке де
қатысы бар, өсте-өсте нағыз шығарма жазуға төселіп кетемін ғой.
— Сол нағыз шығарма шедевр жазып керегі не, кімге сатпақпыз, кім
алады оны?
— Олай демеңіз...— дей беріп еді Мартин, Руфь сөзін бөліп.
— 
Жақсы, 
жаңағы 
өзіңіз 
атаған, 
өзіңізге 
өте 
ұнайтын
шығармаларыңыздың əлі күнге бір жолын да өткізе алмай жүрген жоқсыз
ба. Ешкім алмайтын шедеврге үміт артып, үйленуге болмайтын шығар,
жігітім.
— Олай болса, жұрттың бəрі шөлдеп отырған тақпаққа үміт артайық та,
қосылайық,— деп Мартин қызды құшақтады. Бірақ Руфьтің еркелегісі
келіп отырған жоқ еді.— Мінеки, тыңдап көріңізші,— деді жігіт əдейі
ойнақы үнмен,— əлбетте, бұл көркем шығарма емес, доллар:
Мен жүргенде қыдырып
Танысым кепті жүгіріп,
Қарыз сұрап алам деп,
Қаһарын маған төгіпті.
Уайдай келін сөгіпті:
Көрсетермін саған деп.
Хан сыртынан жұдырық


Жүре берем қыдырып.
Өлеңі өзіне күлдіргі сияқты көрінгенімен жігіттің жүні жығылып кетті.
Руфь күлген жоқ, тұнжырай түсті.
— Мүмкін, мынауыңызға бір доллар төлейтін-ақ шығар, – деді қыз, –
бірақ, ол циркте ойнайтын əлгі сайтан сарының табысы ғой. Мартин,
осының кəсіп емес, қорлық екенін қалай түсінбейсіз! Өзімнің кəдір тұтқан
қалаулым əлденені шатпақтағаннан да, бір ұялмайтын жөндем жұмыс
тауып алса деген үміттемін.
— Мистер Бэтлерге еліктесе екен дейсіз бе?
— Мистер Бэтлерді жақтырмайтыныңызды білем.
— Жоқ, мистер Бэтлер тамаша кісі, əттең асқазаны бұзылған — басқа
жағының бəрі жақсы. Бірақ, оллаһи-беллаһи, түсінбеймін, тақпақ
жазғанның машина басудан немесе контордың кенегесін шимайлаудан несі
сорақы? Бəрі де белгілі мақсатқа жетудің құралы ғана емес пе? Сіздіңше,
мен бас көтермей кенеге жазумен отырып ақыры бір күні адвокат не
коммерсант болып шығуым керек. Ал меніңше, ұсақ газет жұмысынан
бастап, бара-бара үлкен жазушы болғаным абзал.
— Жоқ, екеуінің арасында айырма бар,— деді Руфь.
— Қандай?
— Айырмасы сол — сіз күні бүгінге дейін жақсы деген
шығармаларыңыздың өзін ешкімге өткізе алмай жүрсіз. Талай жерге
ұсынып көрдіңіз ғой, соның біреуін керек қылды ма?
— Қымбаттым, маған уақыт беріңіз,— деді Мартин жалынып.— Бұл
жұмыс — уақытша кəсіп, қара жұмыс, оған мəн беріп жүрген мен жоқ. Екі
жыл ғана пұрсат берсеңіз еді. Осы екі жылда ойлағаныма жетер едім.
Шығармаларымды жұрт таласып оқитын болар еді. Бұл бос сөз емес.
Күшіме сенемін, өз шамамды жақсы білемін. Əдебиеттің не екенін
түсінемін. Жазушы емес, өңшең білімсіз бишаралардың газет-журналдарға
түкке тұрмайтын шатпағын бастырып келе жатқанын көріп жүрмін.
Сондықтан мен екі жыл ішінде абыройға да, атаққа да жетер едім деймін.
Тегі қызметтен мансап көрмеспін. Қаным сүймейді соны. Меніңше, ол


көңілсіз ұсақ, бас қатыратын мағынасыз майда-шүйде. Менің оған дəтім
төзбейді. Ешуақытта қатардағы клерктен оза алмайтыным өзіме аян, сонда,
Руфьжан-ау, контордың ауыз жарымайтын жалақысынан екеуіміз не бақыт,
не рахат көреміз? Шамам келсе бұл дүниенің бар жақсылығын бір сіздің
басыңызға орнатсам деп едім, орнатам да. Қолымнан келеді! Атақты
жазушы мистер Бэтлер сияқтылардың ең мықтысынан он есе артық. Кітап
бір «өтіп кетсе» авторына елу мың доллар, тіпті, жүз мың доллар олжа
келтіретінін білесіз бе? Бірде көп, бірде аз, əйтеуір орта есебі осы шама.
Руфь үндеген жоқ. Қатты ренжіп отыр еді ол, мұнысын жасырмады да.
Жігіт:
— Ойлаңызшы, осыным олқы соға қояр ма екен?—деген еді, Руфь:
— Менің үміт артып жүргенім ол емес. Сізге стенографияға үйрену
керек, машина баса білесіз,— сонда папамның конторына орналаса қояр
едіңіз. Қабілетіңіз бар адамсыз, түбінде жақсы юрист болып кетер едіңіз,—
деді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет