жатқанда
,
кеше одан
теріс айналған адамдар енді бүгін
құттықтау үшін қасына келіп қолынан қысып жатыр.
Дүкеннің иесі сыртқа
шығып.
–
Бұл баладан бір нәрсе шығатынын білгенмін, –
деді. Сіздер оны жақсы тәрбиелегенсіздер.
Автобустың ішінде де балалардың барлығы тек
Джек Джонсонның ерлігі
жайында әңгімелесті. Ӛзін
қалай мақтап жатқанын Джек ӛз құлағымен естісе ғой
деп ойлады
Петя ішінен
.
Түстен кейін де бала қайтып оралмады, Ярвистер
отбасы
шындап уайымдай бастады.
–
Қой, мен сақшы Джонеске қоңырау шалайын, –
деп, кішкене ер адам ішілмеген тамағын кері
ысырып
қойды.
–
Әуре болмай
-
ақ қой.
–
деді терезеге қарап тұрған
әйелі. –
Әне, ол ӛзі кіріп келе жатыр.
Джектің түні бойы үйде болмағанын естігенде,
полиция қызметкері шындап ойланып қалды.
–
Виксер мырзаның малшысы жаңа ғана маған
мынаны берді, –
деп
,
ол үстелдің үстіне тозығы жеткен
80
ескі
ақша қалтаны
қойды. –
Мұның ішінде ақша бар
және «Джек» деген есім жазылған. Маған
мұны
ертерек
әкеліп
бермегені үшін Тед түні бойы қатты уайымдаған.
Сіздерге
жаман хабар келер ме екен деп қорқамын.
Кеше кешке таман Тед сиырларын үйіне, айдап келе
жатқанда Джекті кӛріпті. Кӛпірдің жиегінде
,
бӛгеннен
тӛмен қарап тұрған баланың тұрысы
оған бір түрлі оғаш
кӛрінген.
Қайта оралған кезде, Тед сол жерден мына
кішкене
қалтаны
тауып алған, мұны сол жерге әдейі
қойып кеткендей екен.
Қорыққанынан пошташының кӛзі шарасынан шығып
кеті.
–
Ол ӛзенге секіріп кетті деп ойлайсыз ба? –
деп
қарлыға сұрады ол.
–
Мүмкін үйді ӛртегені үшін, ұрлық үшін және кісі
ӛлімі үшін ӛзін кінәлайды деп ойлаған болар.
Солай
болуы әбден мүмкін,
солай емес пе? –
деді қайғырған
полиция қызметкері. Пошташы қолымен бетін жапты; ал
әйелі болса
,
керісінше
,
тым есі шыққандықтан жылай да
алмады.
***
Полиция қызу іске кірісіп, Джекті бүкіл аймақтан
іздестірді. Бірақ оны ешкім де кӛрмеген болып шықты.
–
Оны кӛрген адам байқамай қалуы мүмкін емес,
ӛйткені
бетінде үлкен қалы бар, –
деді сақшы Джонес.
Судан құтқарушы топ бӛгеннен тӛмен қарайғы жақты
түгелдей тіміскілеп шықты. Газет тілшілері
топ
-
топ
болып, араның ұясындай гуілдеді.
Лонгфилдтің
тұрғындары бір жамандықты күткендей үрейде.
Дженни Хаппиді құшақтап, тырп етпестен
ұзақ
отырып, ойға шомады.
Петя болса қораның қасынан
ӛтуге батпады, ӛйткені онда сүйеулі тұрған Джектің
велосипедін кӛруге сескенді.
Лондондық бӛлімшеде отырған Левис мырза
тынысы тарылғандай
болып, жағасын мазасыздана
жұмалай берді. Ол ӛзінің
Джекті тірі күйінде
соңғы рет
кӛргендердің
бірі екенін
түсінді. Полковник Вит болса
81
ауыл алаңындағы үлкен үйінің қасында
жалғызсырап
отыр. Ол
ӛзі менсінбей жүретін
кішкене пошташыға
қарағанда
беделінің
әлдеқайда
тӛмен
екенін
мойындайтын сияқты.
***
Петя туралы ойлары Джекті кӛпірден секіріп кетуден
тоқтатты. Тіпті ол түрмеге түскен күннің ӛзінде де,
күндердің
бір күнінде Петяны кӛруге мүмкіндік туар
еді.
Ол қатты сіңбіріп жіберді де, автобусқа қарай бет алды.
Беторамалын алған кезде қалтасындағы ақшасы
кӛпірдің қасында
түсіп қалғанын ол
байқамады.
Істерінің бәрі кері кетеріне Джек әбден дағдыланып
алған. Сондықтан да сағатының артта қалып қалғанына
мән беріп таңданған жоқ: орталық кӛшеге жүгіріп шығып,
жаңа ғана автобустың бұрылыстан ӛтіп кеткенін кӛрді.
Бұл Джек үшін ӛте ауыр соққы болды, бірақ ол қарқынын
бір сәтке ғана баяулатты.
«Егер ормандағы тӛте
жолмен қатты жүгірсем, оны
«Корона» қонақүйінің алдынан қуып жетермін», –
деп
ойлады ол. –
Сол жерде ол бір
-
екі минуттай кідіреді».
Бұл оған соншалық үміт бермесе де, бостандықта
қалуы автобусты қуып жету не жетпеуіне байланысты
деді ӛз
-
ӛзіне. Ол
кӛп ойланып жатпастан
қақпадан
секіріп түсіп, арғы жағындағы орман ішімен
бар
пәрменімен
жүгіре жӛнелді.
Егер
ол
дұрыс ой сарабынан ӛткізген болса
бұл
темір қоршаудан
секіруге тырыспас еді.
Асығыста ол
аяғын темірге іліп алып, бар салмағымен
бүктеліп
қалған оң аяғына құлап түсті. Алғашында қатты
ауырғанықтан ӛзін жаман сезінді. Содан кейін біртіндеп
ӛзінің қандай
сұмдық күйге душар болғанын түсінді. Енді
оның ары қарай жүгіруге
ешқандай мүмкіндігі жоқ! Ол
тіпті аяғын сәл де болса
қозғалта алмады, бірақ сол
орнында жатып, полицияның алып кетуін күтуге
намыстанды.
Ол тығырыққа тіреліп, жан
-
жағынан
қорған іздеді.
Сол кезде есіне жартылай құлаған үй түсті. Бірде
Петя
екеуі жарты күн бойы құлаған үйіндінің қасында
82
уақыттарын тамаша ӛткізген. Олар бұл үйді де Поттс
ханымның үйі сияқты зауыттың бір бӛлігі болар деп
шамалаған, бірақ бірнеше жылдан бері мұнда ешкім
тұрмаған кӛрінеді. Оның
жақын маңда екеніне Джек
сенімді еді. Тек соған
жетіп алу
қажет! Сол
жерде ол
табанының ауырғаны басылғанша жасырына тұрар еді.
Сынған аяғын сүйрете
,
еңбектеп
жүру оған
ауыр
тиді
.
Маңдайынан аққан тері судай сорғалап, діттеген
жеріне жеткенде, Джек ӛксіп
-
ӛксіп жылады.
Ол бар
күшімен ернін тістеп, ескі баспалдақпен жоғары қарай
кӛтерілуге тырысты. Жоғарғы жағы тӛменгіге қарағанда
онша сыз болмағаны есінде қалыпты. Ескі қаптардың
үстіне құлай кеткені сол
-
ақ екен, есінен танып қалды.
Жартылай құлаған баспананың ішіндегі келесі екі күн
Джек үшін ӛте баяу
ӛтті. Табаны қатты ауырып, денесі
бір ысып, бір суып,
оны қатты мазалады. Бақытына
орай
,
ауа райы жаңбырлы болып, ол шатырдағы
жарықтан тамған тамшыларды алақанымен тосып ішті.
Бұл жауын оның азабын
біраз жеңілдетті
.
Екінші күні
таңертең ол шатырдағы тесіктен
екі полиция
қызметкерінің орман ішін тіміскілеп жүргендерін кӛріп
қалды.
«Яғни, Поттс ханым
қайтыс болған екен, –
деп
қайғыра ойлады ол, –
олар шынында да мені іздеп
жүр!» Полициядан үнемі осылай жасырынатындықтан,
ол абыржыған жоқ. Бірақ құлап тұрған ескі пештің ішіне
кірген кезде, аяғы қатты ауырғандықтан, айқайлап
жібере жаздады. Шындығын айтқанда, оны тауып алса
да, алмаса
да оған бәрібір болатын. Ол біреуінің «Сен
жоғарыға бар,
Браун.
Мына
баспалдақ
менің
салмағымды кӛтермейді»
–
дегенін естіп қалды. Бірақ
сақшы Браун селкілдек ескі баспалдақтан қорыққан
сияқты. Оларды кері шақырсам қайтеді
?
Оған міндетті
түрде дәрігерлік кӛмек қажет еді. Жоқ, олардың қолына
ӛзі барып түскенше, қиналып ӛлгені
жақсы. Мүмкіндік
болып тұрған кезде ол әлгі
кӛпірден секіруі қажет еді.
Неге ол ешқашан да істі соңына дейін аяқтамайды?
Күні бойы оның қайғысы үдей түсті.
83
Джектің бар ашуы зым
-
зия жоқ болды.
Ярвистер
жанұясы ӛртенген үйдің орнынан күйген
заттарын іздеп
жатқан шығар
деген ой жанын жегідей жеді. Ешқашан
ӛзіне жамандық жасамаған адамдарға бұл қалайша
сондай оңбағандық
істеді? Кішкене Дженни оттан аман
қалды ма
екен? Петя гитарасын алып үлгерді ме екен?
Егер мен оларды бұрынғыдай жек кӛрсем, қазір
онша қиналмас едім.
Бұл Петямен достығымның
нәтижесі ме? Ол Петяның
ӛмір сүру салты
басқаша
екенін,
оның ӛмірі
нағыз, үміті үзілмейтін ӛмір
екенін
кӛрді. Бұл үйдің
адамдары
нағыз жанұяда туған –
олар
сәбилерін тағдыр тәлкегіне қалдырмайды.
Тастанды
адамдар ешкімге де қажет емес. «Жақсылық жасағысы
келетін»
ӛгей
әке
-
шешеге
де
,
әлеуметтік
қамсыздандыру қызметкерлеріне де, Құдайға да керегі
жоқ. Бірақ та ол ӛзін
Құдайға асырап алуды ӛтініп
сұрауға батылы бармады. Исаға, әрине, тәртібі
дұрыс
,
жақсы
достар керек деп қорытты Джек.
Кішкене пошташы орман адамға оң
әсерін тигізеді
деген пікірде болатын. Осы кеште де ол Хаппимен бірге
алысқа серуендеп шықты. Кішкене ит
те
үйіндегі
тұнжыраңқы
кӛңіл
-
күйден әбден қиналып еді. Енді ол
асыр салып ойнап
,
әр жерді бір иіскелеп
орманның
жұпар иісін жұтып
келеді. Бірақ пошташының кӛңілі еш
серпілмеді.
Кенет ол ӛз
-
ӛзін шаршағандай сезінді.
–
Үйге кеттік, күшігім! –
деп шақырды ол. Бірақ ит
үздіксіз үріп,
ескі үйдің
есігін тырналай берді.
–
Онда тышқандар толып жүрген
болар, Хаппи, бірақ
біз қазір үйге қайтуымыз керек, –
деді шаршаңқы үнмен
пошташы. Бірақ Хаппи оған мүлдем назар аударған жоқ.
Ол есікті бар күшімен итеріп, үйдің ішіне кіріп жоқ
болды. Ярвис
мырза оның екінші қабатта шәуілдей
үрген дауысын естіп, иті тышқанның інін тауып алып,
соған үріп
жатқан болар деп, желініп кеткен
баспалдақпен солай
қарай абайлай кӛтерілді.
Баланың денесінде ит жаламаған жері қалған жоқ.
Ярвис мырза жайлап жақындағанда
Джек бетін
қабырғаға қарай бұды. Иісі мұрын жаратын жарылыстан
84
кейінгі
пошташының
аянышты түрі есінде қалған
Джек
сол кӛзқарасты тағы да кӛргісі келмеді.
Пошташы ләм
-
мим деместен
еденге отырды да,
итінің мауқы басылғанын күтті. Кенет
ол Джектің
аяғы
күп болып
ісіп
кеткенін,
түрі де бұзылып, жүдеп кеткенін
байқады.
Ақырында ол былай деді:
–
Поттс ханымның жағдайы
қазір тәуір болып қалды.
Ол полковник Витке сол түні сен оның ӛзін және
ақшаларын аман алып қалғаныңды
айтыпты. Енді сен
Лонгфилдтің батырысың. Ӛткен түні
кетіп қалғаның да
жақсы болды, ӛйткені сол күні сенің бӛлмеңде ӛрт
болды.
Джек бетін бұрып:
–
Оны мен ӛртегенмін, –
деді.
–
Иә, мен де солай ойлағанмын. Бірақ мен сені
айыптамаймын
–
деді пошташы. –
Бізді сен
Потс
ханымның үйіндегі ӛртті сенен кӛреді деп ойладың.
Бірақ, біз саған сенгенбіз.
Біршама үнсіздіктен кейін Джек былай деді:
–
Сіздердің үйлеріңізді ӛртегенім үшін ӛкінемін.
–
Үй ӛртенген жоқ,
қорықпай
-
ақ қой! –
деді оның
артынша мейірімділікпен жауап қатып. –
Петя екеуміз
ӛртті жылдам сӛндірдік. Сенің бӛлмең қазір біраз
күйеленіп қалды, бірақ біз бұл туралы ешкімге де тіс
жармаймыз.
–
Неге? –
деп сұрады Джек сол кезде кӛмейіне бір
нәрсе тығылғандай дауыспен.
–
Сені асырап алуға кедергі болмасын дедім.
Джек оның бетіне жалт
қарады.
Пошташы жымиып:
–
Мүмкін, сен Ярвис болғың келмейтін шығар, бірақ
менің
ұлым ауылдың батыры екенін мақтан тұтар едім
.
Джек тағы да
бетін
қабырғаға қарай шұғыл бұрып:
–
Мен қарсы
емеспін, –
деді қырылдай сӛйлеп.
–
Тамаша! –
деді Ярвис мырза
,
сӛйтті де Джектің
біраз ӛз
-
ӛзіне келуін күтті: –
Біз үнемі жанұямыздың
үлкен болғанын қалайтынбыз, сондықтан да ӛз
балаларымыз болмайтынын білгенде,
бізге
қатты ауыр
85
тиді. Соңғы жылдары біз кӛптеген балаларды алдық,
бірақ осы уақытқа дейін соның екеуін ғана асырап алуға
мүмкіндік туды.
Бұл сӛздер Джектің жүрегіне қатты
әсер етті.
Ол бар
күшін
жинап, басын кӛтерді де:
–
Петя мен Дженниді ме? –
деп сұрады.
–
Иә
!
–
деп күле жауап берді кішкене адам.
–
Мен оларды
сіздің туған балаларыңыз деп
ойлайтынмын!
–
Дәл
солай! –
деді қуана жауап беріп Ярвис мырза.
–
Олар біздің туған балаларымыздай қымбат. Петяның
жасы екіде болған кезде, анасы оны тӛсекке таңып
,
біржолата
тастап кеткен. Біздің қолымызға келгенде
оның салмағы мүлдем жеп
-
жеңіл еді. Бүгінгі түріне
қарап оны
солай болған деп айта алмайсың. Бұлай
ӛсуіне,
әрине,
мамасының
аспаздық
шеберлігі
кӛмектесті
.
–
Ал Дженни ше? –
деп сыбырлай сұрады Джек
басы
қатып.
–
Ол бізге келген кезде үсті
-
басы кӛкпеңбек болып,
жара басқан еді, Хаппи мұжығысы келетін ешкімге керегі
жоқ шүберек қуыршақ сияқты болатын. Ал қазір
Дженнидің жағдайы ӛте
жақсы. Құдайға шүкір!
–
Неге олар осы уақытқа дейін маған еш нәрсе
айтпаған? –
деді Джек, қайтадан
қаптардың үстіне жата
кетіп
.
–
Мүмкін, олар бұл жайында
кӛп ойламағандықтан
болар. Шынымен де бұл маңызды
емес. Енді олар
Ярвистер, маңыздысы –
сол. Дәл солар сияқты сен де
жақында Ярвис атанасың! Бірақ біз бұл жерде түнімен
отырып әңгімелесе бермейміз ғой, –
деп
сӛзін
аяқтап
орнынан тұрды. –
Мен қазір барып жедел жәрдем
шақырып келемін. Мен келгенше, Хаппи сенің қасыңда
болады.
Джектің қуаныштан басы айналды: асырап алған
баланы енді ешқашан тастамайды, қандай керемет!
Кенет ол бір нәрсені есіне түсірді:
–
Сен ӛз Сӛзіңде тұрдың, Құдайым! –
деді
сыбырлап. –
Ярвистер отбасы мені тастамауына Сен
86
кӛмектестің. Рахмет! Сонан кейін ол тағы да шынтағына
сүйеніп орнынан тұрды да, уәдесін
орындады:
–
Құдайым, Сен менің Әкем болғаныңды қалаймын.
Барлық істеген жамандықтарымды кешіре гӛрші. Мен
үшін келіп, мені басқа адам етіп ӛзгерткің келетіні үшін
рахмет Саған, Иса.
Аумин.
Орнына қайта жатқан кезде
оның
жүзі нұрланып
кетті.
–
Жақында мен Ярвис боламын, енді мен Құдайдың
қабылдаған баласымын!
87
Бұл оқиғаны балалар да, ересектер де қызыға
оқиды. Онда Джек есімді баланың тағдыры жайында
тартымды әрі кӛркем түрде жазылған. Оның балалық
шағы ӛмір бойы естен кетпейтіндей немесе мүлдем
естен сызып тасталғаны жақсы болар еді дейтіндей әр
түрлі қайғылы әрі қуанышты жайттарға толы.
Кішкене тастанды Джек ӛзін қамқорлап, асырап
алғысы келетін адамдардың арасынан шын жүректен
бауырына тартып, жанашырлық кӛрсететін жандарды
кездестіре бермейтін.
Оның жауабы дӛрекілік пен тентектік болатын.
Ол бәрімен де ашық күрес жүргізді...
Баланың кекті жүрегі ӛзін сүйетін, қамқор болатын,
оған сүйіспеншілігі мол Құдайға жол сілтейтін нағыз
отбасын тапқаннан кейін жұмсарып, мейірімге толады
.
Баспадан
88
Сіздің бұл кітап туралы ой
-
пікіріңіз, әлде
сұрақтарыңыз болса, мына мекен
-
жайға жазыңыз:
050031 Алматы
п/ж 68
―ШЫҒЫС СӘУЛЕСІ‖
www.shsaulesi.at.ua
www.tabisu.kz
Достарыңызбен бөлісу: |