Дүниежүзі қазақтарының ІV құрылтайын


– Елбасы нұрсұлтан Әбішұлы назарбаевтың



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата06.03.2017
өлшемі13,88 Mb.
#8010
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

– Елбасы нұрсұлтан Әбішұлы назарбаевтың 
көші-қон туралы сындарлы саясатының 
арқасында еліміз тәуелсіздік ала салып, яғни 
Әлем қазақтарының тұңғыш құрылтайынан 
кейін қазақ көші атажұртқа бет түзеді. Сол көшті 
құшақ жайып қарсы алған ел азаматтарының 
көшбасында өзіңіз жүрдіңіз. Жалпы, тәуелсіздіктің 
20 жылдығы келе жатқан осы уақытта қазақ көші 
қай деңгейде жүріп жатыр?
 
– Қазір қазақты, Қазақстанды, сол мемлекеттің бас-
шысы,  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевты  білмейтін  адам  да, 
мемлекет те жоқ болар. Күні кеше, Кеңес Одағының бір 
пұшпағы болып жүрген  елдің аты болғанымен, егемен, 
тәуелсіз заты болмады.  Сондықтан да ғасырлар бойы  
бабаларымыздың қаны төгіліп, тәуелсіз мемлекет құру 
идеясы  бір  босаңсыған  жоқ  еді.  Қазақ  жүздеген  жыл 
күресті, «мың өліп, мың тірілді».
1991  жылы  Кеңес  Одағы  ыдырап,    Қазақстан 
тәуелсіздігін жариялады. Ел болып қуандық, ел болып 
жыладық. Ел болып тізгінді  өмірді  көрген, от көсеп,  
еңбек көрігінде шыңдалған ұлы Нұрсұлтан Назарбаевқа 
ұстатты. 
Әлі есімде. Түркия бірден Қазақстанның егемендігін 
мойындап,  Н.Назарбаевты  ресми  сапармен  Түркияға 
шақырды. Есенбұғы бабамыз атындағы әуежайда нөпір 
түрік, нөпір қазақ. Олар «Абылай, Абылай, Нұрсұлтан – 
Абылай» деп жер жаңғырықтыра, бес ісек қойды, тіземен 
басып,  «ақсарбас»  деп    құрбандық  шалып  еді.  Сонда 
Н.Назарбаев  ерекше  толқып:    «Мен  Абылай  емеспін» 
деп еді. Міне, содан бері жиырма жыл өте шықты.  Осы 
мерзімде    Н.Назарбаевтың  басшылығымен  ғасырға  
бергісіз жолдан өттік. Ол қазақтың етектегі басын төрге 
шығарды, кәрі құрлық Еуропаға қазақты танытып қана 
қоймай, ЕҚЫҰ-ға төрағалық етті, әлемде теңдессіз Астана 
салды. Қазақ мемлекетін құрды. Осылай Абылай баба 
арманын жүзеге асырды.
Уәлихан ҚалиЖан, 
Қазақстан Республикасы Парламент 
мәжілісінің депутаты, жазушы
ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ IV ҚҰРЫЛТАЙЫ

11
Иә,  сол  Түркияға  тұңғыш  ресми  сапар 
кезінде    әлемде  тарыдай  шашырап  кет-
кен  қазақтардың  басын  қосып,  құрылтай 
өткізу  мәселесі  шешілді.  Осылай  1992 
жылғы 28 қыркүйекте  Алматыда дүниежүзі 
қазақтарының бірінші құрылтайы өтті.
Бұл күнде әлемге аты мәшһүр  Нұрсұлтан 
Назарбаев  үлкен  қолдау  мен  қошемет, 
һәм  ризашылықпен    Дүниежүзі  қазақтары  
қауымдастығының төрағасы болып сайланды.  
Осыған дейін үш рет құрылтай өтіп, Елбасы  
ойлы жүрекке жетер жансергітер баяндама жа-
сады. Н.Назарбаевтың жеке қадағалауымен « 
Халықтың көші-қоны туралы» заңы, бертінде 
«Нұрлы көш» бағдарламасы  қабылданды.
  Санаулы  жылдар  ішінде  сыртта  ресми 
тіркелген  5  миллион  қазақтың  1  миллионы 
атажұртқа    оралды.    Олардың  Қазақстан 
қоғамына  кірігу мәселесі  оңтайлы шешілуде. 
Арнайы  квоталар  бөлініп,  келіп  жатқан  
қандастарымызға  мемлекет    қамқорлық 
жасап,  республикалық  бюджеттен  қомақты 
қаржылар бөлінуде.  Осының бәрі  Елбасы, 
Қазақстанның  Тұңғыш  Президенті,  әлем 
қазақтарының ғана емес, бүкіл түркі әлемінің 
ағасы  атанып  отырған  Н.Ә.Назарбаевтың 
іргелі саясатының жемісі болып отыр.
Алматы, Түркістан, Астана құрылтайынан 
соң қайтадан Дүниежүзі қазақтарының кезекті  
құрылтайы өткелі отыр. Бұған, әрине, әр қазақ 
үшін үлкен оқиға, рухани түлеу мен жаңару 
үстіндегі  жаңа  Қазақстанның  жаңа  ұлттық 
идеологиясының бір көрінісі деп қарау қажет.
Қазақтың    бір  ғана  Отаны,  бір  ғана  Елі, 
бір  ғана  Жері  бар.  Ол  –  Қазақстан.  Ал 
Қазақстанның Нұрсұлтан Назарбаевтай әлем 
мойындаған ұлттық лидері бар. Алладан қайда 
жүрсе де бар қазақтың амандығын тілейтін 
Елбасысы бар.
Ал  көші-қонға  келсек  Шетелде  жүрген 
қандас бауырларымызды Отанына шақырып, 
көмек  жасау  егемендіктен  кейін  жаңа  бір 
бағытқа  ие  болды.  Тәуелсіздіктің  алғашқы 
жылдарындағы  эконо микалық,  әлеуметтік 
қиындықтар қысып тұрған кезеңде де бұл мәселе 
мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының 
айнымас ірі қадамы, ұлттық идеялогияның 
маңызды құрамдас бөлігі ретінде қаралды. 
Көші-қон саясатын дұрыстап атқару туралы 
Елбасының  бұйрығына  сәйкес,  «Көші-қон 
агенттігі»  құрылды,  көші-қон  жөніндегі 
заң  қабылданды,  сол  заңның  аясында 
ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ IV ҚҰРЫЛТАЙЫ

12
Отанға оралған қандастарымызға мемлекет 
есебінен  баспана  беріліп,  жұмыс  істеуіне 
мүмкіндіктер жасалды. 
Қазір  үкіметте  жаңа  көші-қон  саяса-
ты  жасалып,  көші-қон  туралы  жаңа  заң 
талқыланып  жатыр.  Біз  осы  заң  аясында 
оралман  бауырларымыздың  Қазақстан 
қоғамына  кірігіп,  үйлесуіне  алдын-ала 
жағдай  жасауымыз  керек.  Яғни  Қазақстан 
заңдарын  олар  білуі  тиіс.  Сол  үшін  ар-
наулы бейімдеу орталықтарын құрып, осы 
орталықтар  арқылы  олардың  білімдерін 
жетілдірумен қоса, білікті мамандардың өз 
кәсібі бойынша жұмыс істеуін қамтамасыз 
етуді қолға алып отырмыз. Бұдан сырт тағы 
бір  үлкен  бағдарлама  дайындалу  үстінде. 
Сол бағдарлама бойынша шетелден келген 
қандастарымызды  еңбеккүш  қажет  ететін 
өнеркәсіптік  орындарға  шоғырландырып, 
оралмандар  ауылын  құрып,  сол  жерде 
тұрақтап тұру мүмкіндіктері қарастырылады. 
Бұл  шетелден  келген  қандастарымызды 
еңбеккүш  ретінде  дұрыс  пайдалануға 
мүмкіндік  береді.  Қазір  көптеген  бауыр-
ларымыз  Жетісу  өңіріне  қоныстануды 
қалайды. Ал кейбіреулері үлкен мегаполис 
қалаларға, мысалы, Алматы, Астана, Шым-
кент қалаларына ат басын тірейді. Мұндай 
үлкен қалаларға келген қандастарымыздың 
ұзақ  уақыт  сол  ортаға  бейімделуіне  тура 
келеді,  халқы  тығыз  қоныстанған  бұл 
өңірлерден  жер  телімдерін  алу  да  оңай 
емес. Сондықтан олар мемлекет тарапынан 
белгіленген  жерлерге  қоныстанса,  қажетті 
жағдайлар жасалып, баспана мен жұмыс та 
оң шешімін табады деп ойлаймын. 
Осылардың  барлығы  бүгінгі  көші-
қон  саясатының  орныққан,  қалыптасқан  
жақсы  дәстүрі  бар  екенін  көрсетеді.  Ел 
азаматтарының осындай игі   бастамасының  
арқасында  Қазақстанға  ат  басын  тіреген-
дердің  саны  бұл  күнде  бір  миллионға 
жетті. Олардың түрлі қоғамдық ұйымдары 
құрылды. Сол ұйымның төңірегінде қандас-
тарымыз  ел  игілігі  үшін  белсенді  жұмыс 
атқарып келеді.
–  ащы  да  болса  шындық.  Қазіргі 
күнде қазақ көші «қаңтарылып» тұр. бұл 
қандастарымызға қажетті жағдайлардың 
жасалмауынан ба, әлде басқа себептерден 
бе? Жалпы, көштің саябырлауы неден деп 
ойлайсыз?
–  Әрине,  соңғы  уақыттарда  квота лық 
әдістерді  игеруімізге  байланысты  және 
әлемдік  қаржылық  дағдарыстың  әсерінен 
де көш легі өткен жылдағыларға қарағанда 
саябырлағандай  болып  тұр.  Бұл  бізде 
қаржылық  жетіспеушіліктің  әсерінен 
оларға  қажетті  жағдай  жасалмады  дегенді 
білдірмейді.  Қазақстан  мұнан  да  қиын 
ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ IV ҚҰРЫЛТАЙЫ

13
кезеңде қандастарымыз үшін бар жағдайды 
жасаған, әлі де жасай береді. Бірақ квоталық 
тапсырыстардың  орындалмауы  қаржылық 
дағдарыстың  әсерінен  қазақтар  тұратын 
кейбір  елдердегі  ішкі  саясаттың  өзгеруіне 
де  байланысты.  Осыған  орай  бізде  үкімет 
тарапынан  біршама  жұмыстар  атқарылды. 
Жақын  күндері  «Нұр  Отан»  ХДП-ның 
ұйымдастыруымен  көші-қон  саясатына 
байланысты  үлкен  дөңгелек  үстел  өтпек. 
Қазақстандағы  барлық  саяси  партияларды 
көші-қон  саясатына  байланысты  үзіліссіз, 
жалғасты жұмыс істеуі үшін келісімге келу 
жөнінде  ұсыныстар  талқыланады.  Бұл 
қандастарымызды  үлкен  саяси  доданың  ар 
жақ,  бер  жағына  тартуды  емес,  қайта,  бұл 
көшті ұлттық саясаттың негізгі алтын діңгегі 
ретінде қарап, кемелді жүзеге асуы үшін ортақ 
күш жұмсауды мақсат етеді.
– «Оралман» атауы туралы мәжілістің 
биік мінберінде өрелі ойлар айтып келесіз. 
мәселе атаудың атында ма, әлде затында ма?
–  «Оралман» атауы туралы көп ұсыныстар 
болған. Отандастар деп атаймыз ба, қандастар 
деп атаймыз ба, әлде этникалық отандастар 
деп атаймыз ба деген. Егер отандастар десек, 
онда сонау Кеңес үкіметі тұсында басқа елдер-
ге кетіп қалған өзге ұлт өкілдері де қамтылып, 
олар осы заңның аясында біз де Қазақстанға 
келеміз, бізге де жағдай жасаңдар деуі мүмкін. 
Сондықтан мен қандастарымызды «этникалық 
отандастар» деп атайық деген ұсыныс айтқан 
болатынмын. Яғни этникалық деген сөз, нағыз 
қазақтарды меңзейді. 
Кейбір  адамдар  оралмандар  Қазақстан 
қиын  жағдайға  қалған  кезде  қашып  кетіп, 
енді барлығы дұрысталғанда қайтадан келіп 
жатыр  дейді.  Бұл  пікір  әуелі  бұқаралық 
ақпарат  құралдарында  да  жазылып  жүр. 
Мен    мұндай  көзқарасқа  барған  адамдар-
ды  мемлекеттің  ұлттық  саясатының  негізгі 
бағытынан бейхабар адамдар деп есептеймін. 
Тарлан тарихтың тар жол, тайғақ кешулерінде 
амалсыз ата жұртынан кетіп, болмаса, екі алып 
державаның шекара бөлуі тұсында сызықтың 
ар  жағында  қалып,  енді  Отанға  оралған 
қандастарға  көмек  қолын  созып,  жағдай 
жасау – кемел өркениеттің белгісі. Дамыған 
ел  бола  тұра,  Германия,  Израиль  елдері  не 
үшін өз отандастарын шақырып жатыр, тіпті, 
алпауыт Ресей де шашырап кеткен ормандай 
орыстың  басын  қосуға  мүдделі.  Бұл  елдер 
мемлекеттік  бағдарлама  қабылдап,  көші-
қон саясатының жүйелі жүруі үшін барлық 
жағдайлар жасады. Ал Қазақстан өз елімізде 
мемлекет  құраушы  ұлт  ретінде  өте  аз  бола 
тұрып, не үшін шетелдегі қандастарымызды 
Отанға шақырмаймыз?!
Оралмандардың арқасында бізде ең үлкен 
мәселе оң шешімін тапты. Ол – демографиялық 
мәселе. Халық санының өсуіне оралмандардың 
қосқан үлесі зор. Нақтысын айтсақ, соңғы бес 
жылда ғана Қазақстанда табиғи өсім пайда 
болды.  Осының  арқасында  өткен  жылғы 
санақ бойынша қазақтардың жалпы саны 63 
пайызды құрады. 
Жалпы, біз бұл атаудың атынан гөрі мәніне 
қарағанымыз  жөн.  Кімде  болса  оларды  өз 
кезінде қашып кетіп, қайта оралғандар деуге 
қақысы жоқ. Олар – империялық саясаттың 
құрбандары.  Мысалы  сонау  1867  жылғы 
«Шәуешек  келісіміне»  сәйкес  Ресей  мен 
Қытайдың арасында үлкен келісімшарт жа-
салды. Осы екі держава өзара шекара сызығын 
бөлген  кезде  қазақтың  атамекенімен  қоса, 
миллиондаған  қандастарымыз  Қы тай дың 
қарамағында қалды. Сөй тіп Қытай азаматы 
болып кетті. Ал біз жер ден де, халықтан да 
айрылған елміз.
– Соңғы кездері «оралмандар Отанына 
олжа салмады» деген сөз жиі айтылып жүр. 
мұндай көзқарастардың қалыптасуына не 
себеп, бұған келісесіз бе?
– Қазақстанға келген бір миллионға жуық 
оралманның    4  пайызы  ғана  зейнеткерлік 
жаста. Яғни, келгендердің барлығы жұмысқа 
жарамды азаматтар. Олардың арасында елу-
ден астам ғылым докторы, екі жарым мыңнан 
астам ғылым кандидаттары, академиктер бар. 
Шетелден келген қандастарымыз – қазақтың 
тіл байлығын, мәдениетін, қолөнерін сақтап, 
дамытып келе жатқан адамдар. Бұдан сырт 
олардың арқасында қаншама кәсіпорындар, 
зауыттар, фирмалар, медициналық мекемелер 
ашылып, жұмыс істеп жатыр. Елдің рухани, 
әдеби өміріне де бауырларымыздың қосқан 
үлесі зор. Сондықтан «оралмандар елге олжа 
салмады»  деу  мүлде  үстірт  көзқарас  деп 
білемін. 
– Шетелден келген қандаста ры мыздың 
мемле кет тік  лауазымды  қызметтерде, 
ауылдық, ау дандық әкімшілік терде әліге 
ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ IV ҚҰРЫЛТАЙЫ

14
дейін  бой  көрсетпей  келе  жатуы  нені 
аңғартады, олардың мұндай қызметтерге 
баруына қазіргі заң қаншалықты мүмкіндік 
беріп отыр?
– Қазақстанға келген қандас тарымыздың 
Қазақстанда  орнығып,  орнын  табуы  –  ең 
басты  түйін.  Олар  алғаш  келгенде  бірден 
мемлекеттік лауазымды қызметтерге ие бола 
алмай  жатса,  бұл  –  уақыт  еншісіндегі  ша-
руа. Ел азаматы ретінде толық қалыптасып, 
түрлі  қоғамдық  ұйымдар  арқылы  саяси 
көзқарастарын  шыңдап,  ұлт  мәселелеріне 
сәйкес құнды ой-пікірлер айтып жүрген аза-
маттар баршылық. Болашақта осындай азамат-
тар, әрине, мемлекеттік жауапты қызметтерде 
бой көрсете алады деп сенемін. Бұндай мысал-
дар өркениетті мемлекеттерде бар. Мысалы 
Чехияда Жәмила атты қазақ қызы парламентте 
қызмет етіп, министр де болды. Сол сияқты 
біздегі заң да   бұл  талаптардың орындалуы-
на мүмкіндік береді. Жалпы, шетелден кел-
ген қандастарымыз Қазақстан азаматтығын 
алғаннан кейін, Ата Заңның талабы бойынша 
ел азаматы ретінде барлық мүмкіндіктерден 
игіліктенуге құқылы. 
– Қазір Қазақстан азаматтарымен қоса, 
шетелдіктер мен азаматтығы  жоқ адам-
дарды    тұрақты  тұратын  жері  бойынша 
тіркеу тәртібі қабылданды. бұл қандас бау-
ырларымыз үшін айтарлықтай қиындық 
туғызып отыр...
–  Әрине,  бұл  –  қазіргі  таңда  үлкен 
қиыншылықтар  туғызып  отырған  мәселе. 
Біз  шетел  азаматтарын  есепке  тұрғызуға 
өте қырағы қарамасақ, Қазақстан тіркеусіз, 
құжатсыз сайда саны, құмда ізі жоқ адамдар 
өмір сүретін келімсектер  отанына айналып 
қалуы мүмкін. Мысалы, Қазақстанда кезінде 
бір миллионға жуық заңсыз мигрант болды. 
Олардың  заңды  тіркеуі  болмағандықтан, 
қайда тұрып жатқанын білмедік. Елде болып 
жатқан ірілі-ұсақты қылмыстардың көбі сол 
келімсектердің қолымен жасалды. Ал оларды 
іздеген кезде қайда тұратындарын білу мүмкін 
емес. Сондықтан ішкі тәртіпті бақылауда бұл 
өте қажет қадам. Ал шетелден келген азамат-
тар үшін есепке тұру – Қазақстанның заңына, 
тәртібіне қатаң бойұсыну деген сөз. Қандас 
бауырларымыз  үшін  бұл  мәселе  жүйелі 
шешілген. Олар шекара аттасымен-ақ бірден 
бейімдеу  орталықтарына  барып  тіркеледі. 
Ал басқа мемлекеттердің азаматтары туралы 
мәселе басқа.
– Елдегі толғақты мәселе лердің бірі – тіл 
мәселесі. Сіздіңше, мемлекеттік тіл қашан 
өз тұғырына қонады? 
Қазақстанда тілге байланысты мәселе көп. 
Енді бір 15-30 жылдан кейін Қазақстандағы 
қазақтардың үлес салмағы 80-90 пайызға жет-
се, тіл мәселесі өздігінен-ақ шешіледі. Ең ба-
стысы, Кеңес одағынан бері қалыптасып қалған 
санаға сілкініс керек. «Орыс тілін білмесең 
адам болмайсың, орыс тілін білмесең қызметің 
өспейді» деген қате пікірді жоққа шығаратын 
кез  жетті.  Құдайға  шүкір,  тәуелсіздіктен 
кейін  туған  жастардың  отаншылдық  сезімі 
күшті. Мемлекетте біртіндеп қазақ тілді орта 
қалыптасып келеді. Қазақ тілді мектептердің 
санының артуы, жаңадан қабылдану алдында 
тұрған мемлекеттік тіл туралы заң – барлығы 
да  бізде  тіл  мәселесінің  болашақта  дұрыс 
шешім табатынын көрсетеді. 
Қазақ тілін дамытуды әркім өз отбасынан 
бастағаны жөн. Яғни, әр отбасы – мемлекеттік 
тілдің  тұғыры  болуы  тиіс.  Мысалы,  елдегі 
ұйғыр ұлтының 90 пайызы өз тілінде сөйлейді, 
ал өзбектер 100 пайыз өз тілдерін пайдалана-
ды. Тіпті аз ғана ұлт корейлер де корей тілінде 
сөйлейді. Сонда қазақтар не үшін өз тілінде 
сөйлемеуі керек?! 
бүгінгі қазақ баспасөзінің хал-ахуалы 

туралы ойыңызды білсек...
Кеңес  үкіметі  тұсындағы  бұқаралық 

ақпарат құралдарының жағдайын мен айтпай-
ақ оқырман жақсы біледі. Сол кезде шығып 
тұрған біраз газеттер кейін тәуелсіз елдің жаңа 
басылымдарына айналды. Қазір Қазақстанда 
2700-ден астам бұқаралық ақпарат құралдары 
бар. Бұлардың 70 пайыздан астамы тәуелсіз 
басылымдар. Мемлекеттік меншіктегі газет-
журналдар  мен  телеарналар  санаулы  ғана. 
Қалғандары  жеке  тұлғалардың  демеушілігі 
арқылы  және  тәуелсіз  ұйымдар  мен 
партиялардың қолдауы арқылы шығып тұрған 
басылымдары.  Бұған  интернет  сайттарын 
қосыңыз.  Бұл бізде БАҚ-қа еркіндіктің бар 
екенін білдіреді. Яғни дамыған елдердегідей 
қажетті талаптар мен тәртіптер орындалып 
отыр деген сөз. Қазақстанда Ата заңға сәйкес 
сөз бостандығына, дін бостандығына қажетті 
еркіндік берілген. Алайда мемлекет ақпарат 
айдынында  өзінің  ұлттық  қауіпсіздігін 
ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ IV ҚҰРЫЛТАЙЫ

15
қорғауға міндетті. Сол үшін де БАҚ туралы 
заң қабылданды, оларды тіркеуге байланысты 
көптеген жеңілдіктер жасалды...
Журналист әрі саясаткер ретінде айтарым, 
мейлі жеке басылым болсын, оппозициялық 
басылым  болсын  барлығының  да  ең  басты 
мақсаты – Қазақстан және ұлт болашағы болуы 
тиіс. Олар әрқашан қазақтың ұлттық саясатын 
жүргізуге  қолдаулар  мен  демеушіліктер 
жасауы қажет. Ал жеке саяси ұстанымдары мен 
көзқарастары екінші орында тұрғаны жөн.
Қазір біздегі БАҚ-та біржақты жазу үрдіске 
айналып  барады.  Мысалы  оппозициялық 
басылымдарды  оқысаңыз,  Қазақстанда 
ешқандай  бір  жаңалық  болып  жатқан  жоқ 
сияқты сезіледі. Бейне Қазақстан қара түнекке 
оранып,  жардың  шетінде  құлауға  тақап 
тұрғандай, елде мүлде жақсылық жоқтай етіп 
көрсетіледі. Ал ел аралап, халықтың хал-күйін 
байқасаңыз, құдайға шүкір, қазір халықтың 
еңсесі  көтерілді,  елдің  президентке  деген 
сенімі жоғары. Бұл күнде Қазақ елі алпауыт 
мемлекеттердің  басы  қосылған  ұйымдарға 
төрағалық ететін қуатты мемлекетке айналды. 
Дүниежүзілік  экономикалық  дағдарыстан 
шығудың  да  бірінші  кезегінде  біз  тұрмыз. 
Сондықтан мұндай жақсылықтарды көрмей 
тек  қана  көлеңкелі  тұс  іздеп,  теріс  жазу 
халықты  сендірмейді.  Олар  айтқандай, 
«билік  барлығын  тартып  алды»  деген  сөз 
мүлде қате. Егер билік ашық жұмыс істесе, 
оппозиция да ашық жұмыс істеуі тиіс. Сонда 
ғана  біз  Қазақстанның  орнықты  дамуына 
мүмкіндік жасай аламыз. Кез келген өркениетті 
мемлекеттердегі саяси партиялар және БАҚ 
осылай жұмыс істейді. Олар өз көзқарастары 
үшін  халықтан  қолдау  сұрайды.  Ешқашан 
мемлекетті жамандамайды.Тек Қазақстанда 
ғана  өз  елін  жамандайды.  Бұл  бізде  әлі  де 
балаң оппозициялық көзқарастардың орнығып 
отырғанын көрсетеді. 
Қай  кезде  болмасын,  саяси  күштер  ең 
алдымен  билікті  қолына  алу  үшін  келетіні 
шындық. Ал биліктегі партия өзінің саясатын 
жан-жақты қорғауға міндетті. БАҚ арқылы, 
түрлі  қоғамдық  шаралар  арқылы,  әлемдік 
саясаттағы өзінің көзқарасы арқылы халықтың 
сенімін өзіне аударуға ұмтылады.  Сонда ғана 
оның билеуші пария ретіндегі беделі артады. 
Бізде  «Нұр  отан»  партиясының  саясаттағы 
біліктілігі  де,  салмақтылығы  да  бөлек.  Бұл 
партия  жетекшісі  Нұрсұлтан  Әбішұлы 
Назарбаевтың жеке саясаттағы рөлінің жоғары 
екендігін  айғақтайды.  Мұны  мойындайтын 
уақыт  жетті.  Осындай  мемлекеттік  келелі 
істе,  әрине,  БАҚ-тың  атқарып  келе  жатқан 
рөлі өлшеусіз.
– Көп адамдар қазақ баспасөзі қоғамдық 
пікір  қалыптастыра  алмайды  дегенді 
айтып жатады...
– Мен қазақ тілді басылымдар қоғамдық 
пікірді қалыптастыра алмайды дегенге келісе 
алмаймын.  Барлық  қазақ  басылымдарының 
өз  ұстанымы,  өз  оқырмандары  бар.  Егер 
қазақ  газеттері  арқылы  көтерілетін  ұлттық 
мәселелер  орнықпаған  жағдайда  біз  бұл 
көзқарасты құптасақ болар еді... 
Сайлау қарсаңында немесе басқа да шаралар 
кезінде  болсын,  әлеуметтік  зерттеулердің 
қорытындыларына қарасаңыз қазіргі саясатты 
қолдап  отырған  адамдардың  үлес  салмағы 
анағұрлым жоғары. Яғни, қазақ баспасөзі осы 
бағытта көрнекті жұмыс істеп отыр деген сөз. 
Жалпы, бұл көзге көрінбейтін жұмыс. 
–  ұзақ  жыл  баспасөзде  қызмет 
атқардыңыз,  ұлт  мәселесі  төңірегінде 
ұлағатты ой қозғап келесіз, дегенмен, әлі де 
айта алмай жүрген ойыңыз бар шығар?
– Әлі де айта алмай жүрген ой жоқ десем 
де  болады.  Бұрынғыдай  БАҚ-та  істемесем 
де, парламент мінбері бар. Мен парламенттің 
мінберін дұрыс пайдаланам ғой деп ойлаймын. 
Бұл мінберде тек қана көші-қон мәселесі емес, 
ұлттық менталитетімізге, ұлттық рухымызға 
қатысты  келеңсіз  жағдайларды  болдырмау 
жөнінде  депутаттық  сауалдар  жолдаймын. 
Өткен  жолыма  сараптама  жасап  көрсем 
депутаттық  сауалдарымның  50-60  пайызы 
мемлекеттік  органдар  тарапынан,  құқық 
қорғау органдары тарапынан дұрыс қаралып, 
соған  сәйкес  оң  шешімдер  қабылданыпты. 
Уақыт тауып, қазақ тілді БАҚ-тарда өзекті, 
өмірлік  мәселелер  төңірегінде  ой  айтып 
тұрамын. Тікелей сауалдарға жауап беремін, 
мақалаларым  жарияланады.  Сондықтан 
журналист  ретінде  өзімді  жоғалтып  алған 
жоқпын деп ойлаймын. 
Әңгімелескен, 
Мамырбек Төкеш
ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ IV ҚҰРЫЛТАЙЫ

16
Күн болған жерде түлеу болмақ. Түлеу – өзгеру, табиғат 
болмысының реңіне ену. Түлеу қоғамда да болады. Нағыз 
түлеу  Кеңестік  Империядан  Егемендікке  өткен  (1991-
2000) жылдары болды. Түлеу кезінде ыстық, суықтың 
бәрі қауіп. Еншалла, сол қауіптен ел болып аман-есен ес 
жинап, шығып келеміз. Түлеу кезінде ел қиналды, бірақ 
бүгінде  сол  ел  ширықты,  шынықты.  Нарықпен  бірге 
енген Тәуелсіздік сыннан өтті. Сондықтан ендігі жерде 
Қазақ Ренессансы деген идеяны ашық айта алатын кезге 
жеттік. 
***
Ренессанс – бұл сөзге таңданып, оған тылсым мағына 
беріп, өскен ұрпақпыз. Себебі, Ренессанс Батыс Европа 
аймағында  болып  өткен  мәдени-тарихи  феномен  деп 
түсініп  келгенбіз.  Бізді    ұстаздарымыз  кезінде  солай 
оқытқан. Ренессанс заманы алыптарды туғызады, яғни, 
ол  алыптар  заманы,  мысалы  суретшілер  Леонардо  да 
Винчи  (1452-1519),  Альберт  Дюрер  (1478-1521),  ақын 
Франческо Петрарка (1304-1374), жазушылар: Джованни 
Боккачо (1313-1375), Уильям Шекспир (1564-1616), ғалым 
Никола  Макиавели  (1469-1527),  ойшылдар:  Николай 
Кузанский  (1401-1464),  Джордано  Бруно  (1548-1600), 
Мишель  Монтень  (1533-1592)  және  жаратылыстану 
саласындағы  әйгілі  ғалымдар:  Николай  Коперник  пен 
Галилео  Галилей  т.б.  Ренессанс  дәуірінің  мәдениеті, 
өнері,  дүниетанымы,  философиясы  таусылмас  әңгіме 
өзегі. Сондықтан бұл дәуір кезінде, мектеп оқушылары, 
біздерге ертегі сияқты көрінетін. Есейе келе қарастырсақ, 
шынында да, Ренессанс деген антикалық дәуірде болған 
ізгі істердің қайтадан жаңғырып, жаңа қалыптасып келе 
жатқан капиталистік дәуірде шындыққа айналуы екен. 
Иә,  Ренессанс  адамзат  тарихында  болған  істің  қайта 
жаңғыруы. Ренессанс өткенді ой елегінен өткізіп, содан 
болашаққа тірек болатын құндылықтар тауып, оны жаңа 
заманға сай жаңарту, жаңғырту. Осы тұрғыдан келсек, 
Қазақстан  Республикасы  өзінің  тарихында  “алтын 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет