ственных организаций?
- В 1996 году в России принимается но-
вый закон об общественных организациях. В
России есть 18 федеральных национальных
культурных автономий. Казахи, по многим
причинам, в числе последних создали свою
автономию в 2007 году. Мы не знали даже
законы. Сначала в Омске, потом в Орен-
бурге предприняли меры по консолидации.
ҚАЗАҚТЫҢ НАРҚАСҚА ЖІГІТТЕРІ
48
Многие боялись самого слова «автономия».
Поэтому 26 региональных общественных
организаций решили объединиться в Все-
российский Координационный центр. По
закону из 89 областей в половинах должны
быть общественные организации. Только
тогда можно создать автономию. Но не объ-
язательно всем региональным автономиям
быть представленными в федеральной. Вот
этот момент некоторые понимают, а другие
до сих пор не вникают. Это тормозит про-
цесс консолидации. На одну область лучше
имеет одну организацию. А сейчас в некото-
рых областях есть 2-3 «хозяина». Поэтому
сейчас все казахские организации России
должны получить статус автономии. Это по-
требность дня. По закону статус автономии
трехступенчатый – местная, региональная
и федеральная. Каждая из автономий
имеет свое место. Им государство выделя-
ет бюджетные средства. А общественные
организации, созданные согласно Уставам,
не получают финансирование из бюджета.
Например, в Астрахани есть региональное
и областное общество. Но в связи с отсут-
ствием национальной культурной автономии
астраханские казахи не могут получить
финансирование.
По законам сначала надо создать мест-
ные автономии. Местные учреждают ре-
гиональную автономию. Она должна быть
единственная на область. В свою очередь
региональные автономии учреждают одну
единственную, федеральную автономию в
России. У нас же в одних регионах функ-
ционируют общественные организации, а в
других автономии. На момент создания фе-
деральной автономии мы имели 5 региональ-
ных автономий. Сейчас есть 9 региональных,
около 20 местных автономий. Среди них
Самара, Омск, Оренбург, Тюмень, Москва и
Московская область, Татарстан, Саратов и
Алтайский край.
- Каково ваше мнение по вопросу о двой-
ном гражданстве?
- Нет необходимости. Я - против двойного
гражданства. В Казахстане и без этого мало
народа. Если будут хорошие программы по
этнической репатриации, то зарубежные
казахи вернутся на историческую родину.
«Нұрлы көш» - хорошая программа. Нам
сейчас нужна мотивация переезда. Нужны
центры адаптации. Для этого государство
должно понести определенные расходы. В
большинстве россияне имеют высшее образо-
вание, представлены по всем специальностям.
Возможно им не хватит финансов для покупки
дома при переезде в Казахстан, поэтому если
им дать кредит на 20 лет, то они переедут в
Казахстан.
-Какие достижения Казахстана вас ра-
дует, какие проблемы волнуют?
- И меня, и зарубежных казахов радует
Астана. Каждый раз, когда я вижу Астану,
горжусь, что родился казахом. Если остнано-
вится на проблемах, которые меня огорчают,
то могу назвать многословность чиновников,
в их делах мало содержательной части. Толь-
ко в Казахстане можно встретить чиновника
казахской национальности, который не знает
казахского языка. Наше предложение, чтобы
были жесткие требования по знанию госу-
дарственного языка при приеме на работу в
государственные органы.
- Как русские в россии воспринимают
Казахстан?
- Многие не знают, что происходит в
Казахстане. Очень мало информации о Ка-
захстане на радио и телевидении. Поэтому
не удивительно, что до сегодняшнего дня
некоторые не знают, где вообще находится
Казахстан.
ҚАЗАҚТЫҢ НАРҚАСҚА ЖІГІТТЕРІ
49
бізге екі халықтың
ынтымағы, достығы керек
марат үКібаЕв,
Өзбекстан Республикасындағы
Қазақ мәдени орталығының
төрағасы
- Елмен байланыстарыңыз қалай, қандай көмек алып
отырсыздар?
- Біз атажұрттан ешқашан қол үзген емеспіз. Бұған екі
елдің көрші отыруының әсері де мол болуы керек. Мұндағы
атаулы шаралардан қалыс қалмаймыз. Жаңалықтарға қашан
да құлағымыз түрік. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен
тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейміз. Сонымен бірге
бүгінгі таңда жастарымызды жоғары білім алу үшін
дайындық бөлімдерінде оқытамыз. Балаларымыздың
көпшілігі Қазақстанда білім алып жатыр. Бала біздің
қуанышымыз десек, бұл Қазақстан мемлекетінің бізге деген
үлкен көмегі. Талантты жастарымыз көп. Солардың бәрі
жоғары білім алуда.
- Өзбекстанның билігіне араласқан қазақтар бар ма?
- Мемлекеттік тұрғыда үлкен дәрежеге жетіп, еңбек етіп
жатқан азаматтарымыз бар. Мысалы, көп жыл Президент
кеңесшісі болып істеген Тұрсынхан Құдайбергенов қазір
Төтенше жағдайлар министрі. Академик Тасболат Бабажанов
та кезінде министр, депутат болған. Бүгінде республикалық
геофизика мекемесін басқарады. Жоғары кеңесте бірнеше
қазақ азаматы депутат болып отыр. Төрт ауданның әкімі қазақ
жігіттері. Министрдің орынбасары дәрежесіне жеткендер
де жетерлік. Сондықтан Өзбекстанда қазақ халқының өсіп-
өнуіне, өздерін көрсетуіне барлық мүмкіндік бар. Спорт са-
ласын алсақ, әлем чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Өзбекстанда
туып-өскенін барлық қазақ біледі деп ойлаймын. Олимпиада
ойындарында жүлделі орын алғандар да баршылық.
- мәдени орталықтың бастамасымен қандай істер
атқарылуда?
- Өзбекстанның сегіз облысында орталықтың бөлімшелері
жұмыс істейді. Олар ең алдымен халқымыздың салт-дәстүрін,
мәдениетін, тілін сақтап, өркендету, жастарға білім беру, тағы
басқалар мәселелермен айналысады. Жалпы айтқанда, қазақ
халқына тиісті барлық мәселелерді шешу біздің міндетімізге
кіреді. Яғни, министрлік, құзырлы мекемелермен байла-
ныс жасап, туындаған мәселенің шешілуіне ықпал етеміз.
Мәселен, бүгінде Өзбекстанда бір миллион үш жүз мыңнан
ҚАЗАҚТЫҢ НАРҚАСҚА ЖІГІТТЕРІ
50
астам қазақ тұрса соның 575 мыңы Ташкент
облысын мекендеген. Сол жердегі Анарқұл
Құлманов атындағы драма театрды жақында
кеңейтпекпіз. Ол Ташкентке он шақырым
жерге орналасқан.
- анарқұл Құлманов атамыз жайлы да
мәлімет бере кетсеңіз.
- Анарқұл Құлманов, суырып салма ақын.
80 жасында атақты Тәушен апамызбен ай-
тысып, ол кісіні жеңіп кеткен. Жоғарыда
айтқанымдай сол кісінің атындағы театрды
бүгінде республикалық театр дәрежесінде қайта
ашу жұмыстарын қолға алып жатырмыз.
- мұнда қазақ мектебінің мәселесі қалай
шешілген?
- Жалпы Өзбекстанда 520 мектеп қазақ тілін-
де сабақ өтеді. Ал, алты жоғары оқу орнында
қазақ кафедралары бар. Олар қазақ тілі маман-
дарын дайындайды. Сондықтан, бұл жақта
қазақ тіліне байланысты аса қиындық жоқ.
- Өзбек елінде халқымыздың батыр ұлы,
генерал Сабыр рахимовтың ескерткішіне
байланысты біраз дау туды. Осы мәселенің
басы-қасында жүрген азамат ретінде анық-
қанығын айтсаңыз.
- Бұл мәселенің мән-жайын түсінбеген,
яғни, шетте жүргендердің дауы. Сабыр
Рахимовтың ескерткіші бұзылған жоқ. Оны
ешкім басбұзарлықпен алып тастаған да жоқ.
Қалада ақын Ғафур Ғұлам атындағы саябақ
бар. Ескерткіш сол саябаққа орнатылды. Бұл
Сабыр Рахимовтың мүсіні тұруға лайықты
орын. Сондықтан, оны дау етудің қажеті жоқ.
- болашақта атажұртқа оралсам деген
ойыңыз жоқ па?
- Менің бе?
- иә.
- Менің ойым, біз Өзбекстанға да керекпіз.
Ата-бабамыздың жұрты, ата-анамыз сол
жерге қойылды. Қазақ үшін әке-шешесінің
жатқан жері әрқашан да ыстық. Оның үстіне
ол жер қазақтың жері болғаны тарихта аян.
Тек кейіннен шекара сызығы пайда болып
шетел азаматы болғанымыз, әйтпесе ата-
бабамыз осы өлкеде туып-өскен. Сол себепті
екі мемлекеттің достығын нығайтып, одан
әрі жалғастыратын жандар әрқашан да қажет.
Баса айтарым, біз басқа елде жүрсек те қазақ
екенімізді ешқашан ұмытпаймыз. Жанымыз,
жүрегіміз елмен бірге. Ең бастысы, бізді
қазаққа қатысты мәселенің бәрі ойландыра-
ды. Қазіргі таңда Қазақ мәдени орталығын
басқарып отырмын. Күшім жеткенше осы
жұмысты жалғастыратын ойым бар.
Отбасыңыз жайлы айта кетсеңіз?
- Екі қызым өз Отанымыздың яғни,
қазақстандық жігіттерге тұрмысқа шықты.
Ұлым да осы жерде жұмыс істейді. Бес неме-
рем бар. Жұбайым үй шаруасында. Зейнеткер.
Алланың бұйыртқан несібесімен тірлігімізді
істеп жатырмыз. Жоғарыда айтқанымдай,
тыныс-тіршілігімізді Қазақ елінен бөліп қарай
алмаймыз.
- Парыз, қарыз дегенді қалай түсінесіз?
- Әркімнің өз елі мен жерінің алдында па-
рызы бар. Қай жерде жүрсе де сол парызды
өтеуге міндетті. Біздің пешенемізге парызы-
мызды шетте жүріп өтеу жазған екен. Шама-
шарқымызша, Отанымызға қызмет етуге, ел
алдындағы парызымызды өтеуге тырысып
жүрміз.
- «туған тіл» альманағының оқыр-
мандарына тілегіңіз.
- Біздің бар екенімізді бір-бірімізге білдіріп,
танытып жүрген альманах қызметкерлеріне
алғысымыз қашан да шексіз. Қандастарыма
альманах арқылы айтарым, біз әрқашан да
көршілес, бауырлас екі елдің ынтымағын
жалғастыруға тиіспіз. Өйткені, бізге екі
халықтың ынтымағы, достығы керек.
- Уақыт тауып, ой бөліскеніңізге рақмет.
Әңгімелескен,
Түймегүл ЖұМаДілова
ҚАЗАҚТЫҢ НАРҚАСҚА ЖІГІТТЕРІ
51
Өз халқымның рухшылдығын,
даналығын және өзгерістерге
бейімделгіш қабілетін мақтан тұтамын
Гүлмира аКимОва,
Ресей, Чебоксары
Гүлмира Акимова 1960 жылы
25 наурызда туған. Үш жоғары
білімі бар: математик, экономист,
заңгер. Чуваш Республикасы ауыл
шаруашылығы министрінің орын-
басары (1998-2002), министрдің
бірінші орынбасары (2002-2004)
және экономикалық даму және
сауда министрі (2004-2006) болып
қызмет еткен. Қазіргі уақытта
Чебоксарыдағы политехникалық
институттың доценті. Отбасы
бар. Куйеуі – Александр Акимов
– Чуваш Республикасы Жоғарғы
Сотының судьясы. Ұлдары –
Андрей (ЖШС «Мокко» директоры)
және Александр (аға тергеуші).
балалыҚ ШаҚ ПЕн
ЖаСӨСПірім КЕзЕң
Мен Қырғызстанның Ош облысында дүниеге
келгендіктен, алғашқы балалық сезімім оңтүстіктің
түрлі-түсті ландшафты, жұмсақ табиғатынан құралады.
Балалық шағымның бір бөлігін Орынбордың маңайында
жап-жасыл белестерде орналасқан ауылдағы әжемнің
қолында өткіздім, ал мектеп қабырғасындағы кезеңім
шығысқа қарай созылып жатқан Орынбордың тың да-
ласында өтті. Мен үшін Отан деген ыстық сөз кешегі
Кеңестік Одақтың менің жаныма жақын болатын
түрлі жерлерінен құралады деуге болады. Ал жақын
ағайындарым түрлі ұлттың өкілдері – орыстар, қазақтар,
украиндар және т.б.
Балалық шағым мен жасөспірім кезімді осы жастағы
көптеген адамдар секілді мен де кең байтақ елімізде
өмір сүріп жатқан біздің ұрпақтың бір бөлшегіндей
сезіндім, ешбір жерде ешкімнен де ұлтымызға байланы-
сты жауластық көзқарасты байқаған емеспін, әрі мұны
сол кездегі мемлекеттік саясаттың салиқалы жетістігі
деп білемін. Сонда да болса бүгіндері өзіңнің ұлттық
қадір-қасиетің, түйсігің, бабалардың мәдени мұрасы,
тарихи түп-тамырыңды ойлайды екенсің.
Бақытымызға орай, этникалық қазақтардың өздерінің
тарихи отандарына қайта оралуына, тұма бастау-
ларынан нәр алуға, өзінің халқын, оның рухымен,
даналығымен және өзгерістерге ыңғайлылығымен
мақтануға мүмкіндік беріп отыр. Осы аталған абы-
ройлы міндетті Тәуелсіздіктің жаңа атып келе жатқан
таңында, қазақ елінің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен 1992 жылы
іргесін қалаған Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы
атқарып келеді.
Орынбор облысы Адам ауданындағы Тереңсай орта
ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗДАРЫНА ҚАЙРАН ҚАЛАМ
52
мектебін бітірген соң мен Саратов мемлекеттік
университетінің механика-математикалық
факультетіне түстім, сөйтіп қайта оралмас
тамаша студенттік шақтарымды Еділдің
бойында орын тепкен шырайлы Саратов
қаласында, театрлар мен мұражайлар, жа-
стары көп, әсем жағалауы мен шулы даңғыл
көшелері бар, студенттік думан, қызу таласпен
сұхбат өткізетін, достыққа, арманға толы,
бейқам да бақытты тіршілік кешетін қалада
өткіздім. Өзімнің университетімді ылғи жылы
сағыныш сезімімен, ондағы алғашқы өмірлік
дәрістерді беріп, шыдамдылық, табандылық
пен төзімділікке үйреткен жоғары кәсіби
профессорлық-оқытушылық құрамды үлкен
құрметпен еске аламын. Осы кезеңді бастан
кешпеген болсақ, табиғи жаратылысымнан са-
нама құйған өмір шындығынан өзге өмір және
мансап жолында кездескен ауыртпашылық
пен қайшылықтарды жеңуге, тағдырдың талай
тосқауылдарына қарсы тұруға шамам келер ме
еді деген ой жиі мазалайды.
Отбасы және кәсіби қалыптасуым
Студенттік шағымда болашақ жарымды
кездестірдім, университетті аяқтаған соң жол-
дасыммен бірге оның отаны Чувашияға, оның
астанасы – Чебоксары қаласына жол тарттық.
Мені зауытқа, басқарудың автоматтандырылған
жүйесі бөліміне инженерлік қызметке
шақырды. Көкейімдегі басты арманым
орындалғандай көрінгенмен, күйеуіме шалғай
жатқан ауданның халық сотының төрағасы
ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗДАРЫНА ҚАЙРАН ҚАЛАМ
болып қызмет ету ұсынылды және қалада
қандай да болмасын бір баспанаға қол
жеткізуге мүмкіншіліктің болмайтындығы да
біздің шешіміміздің оңтайлы болуына ықпал
жасады. Сонымен біз шалғайға жол тарттық.
Ұзаққа созылған 20 жылға.
Жасыратын несі бар, сол кездегі біздің
көптеген қатарластарымыз да, бүгінгі жа-
стар да қолдан келсе амалын тауып жағдайы
келіскен, өркениетке жақын жер қалада
қалуға тырысатыны айдан анық. Алғашқы
кезде Чуваш жерінің бір түкпірінде өмір сүру
маған оңайға соқпады, оның үстіне жергілікті
халықтың тілін білмеуім де, тек тұрмыста ғана
емес, қызмет бабында да алдымнан кедергі
келтірді.
Аудандағы статистика бөлімін басқардым,
ол маған жаңа мамандықты және экономика
саласын игеруіме көп мүмкіндік берді. Мен
шығармашылық тұлға ретінде кез келген
істе қызығушылығыңды табуыңа болады
деп есептеймін, ал бұл жерде маған көптеген
жаңа көкжиектер ашылды десем де болады
– статистикалық ілімнің әліпбиі, менің тың
жердегі ауылымнан осындағы ауылдық жердегі
экономикалық тұрмыстың құрылымдық
айырмашылығы, әріптестеріммен қарым-
қатынасымыз, жас отбасылық өмір және
алғашқы нәрестемнің тәрбиесі. Біршама
уақыттан соң күйеуімнің Чебоксары қаласына
таяу, басқа ауданға қызметі ауысты, екінші
ұлымыз өмірге келді, қарап отырсам сол кезде
бәрі де сәтті қалыптасқандай, тұрмысымыз
түзеліп, тіршілігіміздің орайы келіп орныға
бастадық. Қызметімізге қарай көшіп-қонып
жүргенімізбен, сол кездері осының бәрі то-
сыннан тосын, ешбір тер төкпестен сәтімен
болып жатқан секілді көрдік. Дегенмен
қиыншылықтар да алдымыздан шығып
жатты, жас мамандардың бойынан тек қана
айтқанға көніп, айдағанға жүретін момын-
дарды көргісі келетін партия орындарымен
алғашқы қақтығысулар да, жалған жала
мен айыптаулардан да қорғануға тура келді,
алайда болашаққа деген сенім мен жастық
құлшыныс, өмірге деген құштарлық, жұмысқа
деген сүйіспеншілік қиындық атаулының
бәріне төтеп беруге, сондай-ақ сол кездегі
53
ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗДАРЫНА ҚАЙРАН ҚАЛАМ
қиыншылықтардан сабақ алып алға ұмтылуға
тырыстық.
Кеудемде бір күй ойнайды…
1994 жылдан бастап мемлекеттік орында-
рында қызмет еттім, сол тұста қайта құрудың
кезеңі басталып кетті, онымен бірге қоғамда,
басқаруда, шаруашылық өмірде болатын
өзгерістерге деген үміт те оянды. Республика
үкіметіндегі экономикалық даму министрінің
бірінші орынбасары мен министрлік қызмет
менің кәсіби өріс алуыма, республиканың
экономикалық өмірін белсендіруге арналған
федералдық құрылымның қатысуымен өтетін
жобаларға кірісуіме мүмкіндік берді.
Қ ы з м е т б а б ы б о й ы н ш а с ы р т қ ы
экономи калық байланыстарды кеңейту
мақсатында түрлі ұйым өкілдерімен, инве-
сторлармен кездестім. Міне, осы кезеңде
Ресей Федерациясындағы Қазақстан
Республикасының Елшілігінде сол кездегі елші
Қырымбек Елеуұлы Көшербаевпен кездестім.
Кездесу қысқа болды, бірақ жарқын өтті. Мені
сол кісінің бойынан табылған шығыс данала-
рына тән данышпандығы, төзімділігі, жылы
шырайы, қасиеттілігі қатты таңқалдырды.
Сол сәттен бастап менің кеудемде бір толқын
жүгіріп өтіп, жан-дүниемді оятты десем
болады. Қазақтармен жақын таныс болып,
өз халқымның тарихын, мәдениетін көбірек
білуге деген құштарлық сезім менің бойымда
осы кезде пайда болды.
Дүниежүзі қазақтарының ііі Құрыл-
тайы әлі күнге жадымда
Менің жолым болды, 2005 жылы мен
Астанада өтетін Дүниежүзі қазақтарының ІІІ
Құрылтайына шақыру алдым, оған қатысуым
оның қызықты бай мәдени бағдарламасынан
алған ұшан-теңіз әсерім өміріме өшпес
із қалдырды. Қазақ елін дүр сілкіндірген
осындай салиқалы зор Форумға келген
көптеген қонақтар, қазақтың мәдениет,
ғылым қайраткерлері, ақын-жазушылар әлі
күнге есімде. Ұйымдастырушылар билік
өкілдерімен кездесулер жасап, олардың
этникалық қазақтардың репатриациясы мен
тарихи отандарында бейімделуіне байланы-
сты мол тәжірибесімен танысуға мүмкіндік
берді. Маған, әсіресе Қазақстанның эконо-
мика салаларында қол жеткізген жетістіктері
қатты әсер етті.
Құрылтайдан соң, 2005 жылы ҚР мен РФ
елшіліктерінің қызметкерлерімен бірлесіп
Чуваш Республикасына қазақстандық
делегацияның сапарын ұйымдастырдық,
оған банк, бизнес өкілдері кірді. Тағы бір
сапар 2006 жылдың маусым айында, мұнда
Чуваш Республикасының Мемлекеттік
күнін мерекелеуде Қазақстан Республикасы
біршама оңтайлы жағынан көрініс тап-
ты. Осы сапарлардағы кездесулер бары-
сында қазақстандық іскер орта өкілдері
Еділ өңірі республикасымен барынша
таныс болды, ал чуваштық іскер адамдар
қазақстандық ұйымдармен сұхбат құрып,
байланыс орнатуға мүмкіндік алды. Бұл
кездесулер қызықты да табысты өтті,
Қазақстанның даму бағыттары, жетістіктері,
серіктестіктердің белгілі бір түрлерін орнату
мүмкіндігі жайында ақпарат алынды.
Өкінішке орай, Ресейде қазақ жазушы-
ларының орыс тілді оқырмандарына
ұғынықты да жатық жазылған жақсы
шығармаларын табу қиынға соғады. Кезінде
танымал «АзиЯ» кітабының авторы Ол-
жас Сүлейменов туралы көп естідім, оның
ұлтаралық қатынастар туралы дана ой-
толғамдары сонау бір буалдыр 90-шы
жылдары, тіптен шағын Чуваш елінде
ұлттық мәселелер көтеріліп жатқан тұста
өте орынды болып еді. Герольд Бельгердің
54
ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗДАРЫНА ҚАЙРАН ҚАЛАМ
шығармашылығы мен ұстанымы, оның туған
жері мен халқына деген сүйіспеншілігі мен
құрметі, қазақ тілінің сұлулығын жеткізе
білген орыс тілін жетік білуі де шынайы
құрмет сезімін тудырады.
Қазақстанның қазіргі дамуы, саясат пен
экономикадағы болып жатқан оң өзгерістер,
өмірдің түрлі саласындағы болып жатқан
реформалар, ТМД елдерінің интеграциялық
үдерістеріне белсене қатысуы, халықаралық
аренадағы бастамалары қуаныш сезімін ту-
дырмай қоймайды. Көріп отырғанымыздай,
Елбасы Н.Назарбаевтың іске асырып отырған
саясаты өз жемісін беріп жатыр. Соның бір
куәсі Тәуелсіз Қазақстанның 20 жылдығы,
яғни, менің көзқарасым бойынша, мемлекеттік
шекарамен, түрлі саяси жүйемен, теңіз,
мұхиттармен, дала мен таулармен бөлінген
халықтың біртұтастығы болып табылады.
Қазақстандықтарға орасан жоспарларын
іске асыруларында тұрақтылық тілеймін.
Мейірімді де еңбекқор, ашық және қонақжай
адамдар бақытқа, жетістікке, ертеңіне деген
сенімділікке әбден лайықты.
Осы сәтті пайдалана отырып, Дүниежүзі
қазақтары төрағасының бірінші орынбасары
Талғат Асылұлы Мамашевтқа жылдар бойына
әрдайым түрлі деңгейде қарым-қатынас орна-
тып, осынау бір қиын да күрделі заманда шет-
те жүрген қазақтарға баға жетпес сыйлықтай
болған рухани қолдау көрсеткені үшін шын
жүректен алғыс айтқым келеді.
55
ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗДАРЫНА ҚАЙРАН ҚАЛАМ
Досье: Гульмира Акимова родилась 25 марта 1960 г. Имеет три высших
образования: математик, экономист, юрист. В Чувашской Республике ра-
ботала заместителем министра сельского хозяйства (1998-2002), первым
заместителем министра (2002-2004) и министром экономического развития
и торговли (2004-2006). В настоящее время - доцент Чебоксарского политех-
нического института. Замужем. Муж – Александр Акимов – судья Верховного
Суда Чувашской Республики.
ДЕтСтвО и ЮнОСть
Поскольку я родилась в Ошской области
Кыргызстана, поэтому и мои первые впе-
чатления детства – это разноцветье южного
ландшафта, мягкий теплый климат. Часть
детства провела в местечке под Оренбургом у
своей бабушки, с его зелеными перелесками,
а школьные годы - в восточном, целинном
степном Оренбуржье. Для меня понятие ро-
дины складывается из разных, дорогих моему
сердцу уголков огромного бывшего Совет-
ского Союза, а родные лица, это лица разных
национальностей – и русские, и казахские, и
украинские и др.
Годы детства и юности, как и многие люди
в этом возрасте, я ощущала себя частицей
своего поколения всей нашей огромной стра-
ны, и надо отдать должное, никогда и нигде,
не испытывала к себе какого-то иного, недру-
жественного отношения по национальному
признаку, что является, на мой взгляд, серьез-
ным достижением государственной политики.
Достарыңызбен бөлісу: |