Дүниетану қысқа мерзімді жоспары


Пәнге қатысты лексика және терминология



бет121/160
Дата06.01.2022
өлшемі0,72 Mb.
#11372
түріСабақ
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   160
Пәнге қатысты лексика және терминология:

Климат, тау, төбе, өзен, көл, өсімдіктер мен жануарлар әлемі.



Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер:





Адамдар сулы жерлерге – өзендер мен көлдердің жанына қоныстанды. Адамдар таудың етегіне, төбелердің маңына орын тепті.

Еліміздің оңтүстігіндегі көптеген қалалар сауда жолының бойында пайда болды.



Талқыланатын мәселелер:

  1. Ертеректе адамдар еліміздің қай бөлігіне қоныстанды: оңтүстігінде ме әлде солтүстігінде ме?

  2. Неліктен адамдар қоныстану үшін өсімдікке бай, көп жануарлар мекендейтін жерлерді таңдады?

  3. Неліктен көптеген қалалар еліміздің оңтүстігінде және Жетісуда пайда болды?

Хат:

Тапсырманы орындау:

Ежелгі заманда ең алғашқы адамдар еліміздің оңтүстігі – Қаратау тауының баурайына қоныстанды. Осының бірнеше себептерін жазыңдар.


Алдыңғы білімдер

Табиғат жағдайларының адам өміріне әсері. Адам өміріндегі өсімдіктер мен жануарлардың рөлі.

Сабақтың жоспары

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ой қозғау

Мұғалім: Алғашқы адамдар Африкада пайда болды. Сосын бірнеше мыңжылдықтар ішінде адам бүкіл Жер шарына қоныстанды. Ежелгі адамдардың сүйектерін ғалымдар Еуразиядан да, басқа құрлықтардың аумағынан да тауып жатыр.

Ал енді біздің еліміздің аумағында адамдар қалай қоныстанды, қоныстар қалай пайда болды және қалай дамыды, олардың атаулары қалай шықты деген сұрақтарды қарастырайық.

Оқулықтағы суреттерге қарап шығыңдар. Осы жерлердің қайсысына адамдар көбірек қоныстанды, қалай ойлайсыңдар? Неліктен?

Оқушылардың жауаптары

Мұғалім: Әрине, суы мол жерлерге қоныстанды.

Су – ең басты табиғат байлығы. Барлық адамдардың өмірі суға байланысты. Ерте заманнан бері адамдардың ірі және шағын өзендердің, көлдер мен теңіздердің жағалауына қоныстануы тегіннен тегін емес. Су бар жерде, өмір бар, тіршілік бар.

Француз жазушысы Антуан де Сент-Экзюпери су туралы былай дейді: «Су! Сенің не дәмің жоқ, не түсің жоқ, не иісің жоқ, сені сипаттау мүмкін емес, сенің қандай екеніңді білместен, сенімен шөл қандырады! Сені өмір сүруге қажетті деуге болмайды, өйткені сен өзің өмірсің! Сен бізді қуанышқа бөлейсің, сен бізге күш бересің... »

Су тек адамдарға ғана керек пе?



Оқушылар: Су, сонымен қатар, өсімдіктер мен жануарларға да керек.

Оқулық

Оқулық суреттері
Таза су






Мұғалім: Су егіс даласына, орман-тоғайларға да керек. Онсыз не аң, не құс, не адам өмір сүре алмайды.

Ұ, Ж Сабақтың тақырыбын анықтаңдар. Сабақтың соңында қандай мақсаттарға жетуіміз керек екенін ойланыңдар. Оқушылар:

  • еліміздің аумағының қайда және елді мекендердің ол аймақта неліктен пайда болғанын білеміз;

  • табиғат жағдайлары адамдардың қоныстануына қалай әсер ететінін талдап үйренеміз.

Тақта


Жаңа сабақ

Мұғалім: Бүгін біз Қазақстанның картасы бойынша саяхаттаймыз. Адамдар еліміздің аумағы бойынша қай жерлерге қоныстанды, олардың қоныстануына жер бедері, климат, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, су нысандары қалай әсер етті, осы сұрақтардың жауабын білетін

боламыз.


Су көздерінен бастайық. Қазақстанда қандай ірі көлдер, өзендер, теңіздер бар? Карта бойынша анықтаңдар.

Оқушылардың жауаптары

Каспий және Арал теңіздері, Балқаш, Жайсан, Алакөл көлдері, Орал, Ертіс, Сырдария, Есіл, Торғай, Ырғыз өзендері және т.б.



Мұғалім: Жер бедері дегеніміз не?

Оқушылар: Жер бедері дегеніміз – жер бетінің ойлы-қырлылығы. Жер бедерінің екі негізгі пішіні бар: таулар және жазықтар.

Мұғалім:

Қазақстанда қандай ірі таулар бар?



Оқушылар:

Алтай, Іле Алатауы (Тянь-Шань тауының сілемдері). Мұғалім:

Адам өмірінде климаттың алатын рөлі өте зор. Климат дегеніміз – ауа райының жергілікті жердегі көп жылдық режимі.

Сыныпқа тапсырма: Мына сұрақтар бойынша ойланыңдар:


  • адамдар ертеректе еліміздің қай аймағында қоныстанды: оңтүстікте ме, солтүстікте ме?

  • неліктен адамдар табиғаты бай, көп жануарлар тіршілік ететін жерлерді таңдады? Жауаптарыңды дәлелдеңдер.

Оқулықтағы мәтінді оқу (тапсырма орындалмайды).

Оқулық

Карта (оқулық қосымшасы)

Дәптер
Оқулықтағы карта, жазуға арналған парақтар
Электронды қосымша





Мұғалім:








Табиғат жағдайларының адам өміріндегі рөлінің орны өте зор екеніне көздерің жетті. Қазір топта жұмыс істей отырып, Қазақстанның картасын зерттейсіңдер және тапсырманы орындайсыңдар.

(Т) Топта жұмыс жасау

1-топтың тапсырмасы

«Су» сөзі қалалар мен ауылдардың атауларына кірігіп кеткен. Қазақстан картасын қарап шығып, өзеннің (көлдің, теңіздің) атауымен байланысты немесе атауға «су» сөзі кіріккен қалалар мен ауылдарды табыңдар.



2-топтың тапсырмасы

Картадан елді мекен атауында «Тау», «төбе» сөздері кездесетін қалалар мен ауылдарды табыңдар.



3-топтың тапсырмасы

Картадан еліміздің оңтүстігінде және Жетісуда орналасқан ежелгі қалалар – Түркістан, Шымкент, Тараз, Алматыны табыңдар. Олар неліктен осы жерлерде пайда болды,

түсіндіріңдер?

Топтардың тапсырмаларды көрсетуі.

Слайд-презентацияны көру және электронды қосымшадан тапсырманы орындау.

Қазақстан картасы


Оқулық картасы

Рефлексия



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет