Мұғалім: Балалар, күнде ұйқымыздан оянғанда бізді жаңа күн, жаңа мүмкіндіктер күтіп тұрады. Күн атып, бүкіл әлемге өзінің сәулесін шашады. Біз одан қуат алып, күнімізді
бастаймыз. Әркім күнделікті ісімен айналысады. Алайда әр күніміз ойдағыдай өте бермейді. Себебі айналамызда түрлі қауіп-қатерлер бар. Осы жайында сөз етпестен бұрын «Леопольд мысықтың жазы» мультфильміндегі «Бұл жағымсыз жағдайдан да өтеміз» әнін тыңдап алайық.
– Балалар, қалай ойлайсыңдар, неліктен сабағымызды осы әнмен бастап отырмыз? (Бізді
көшеде түрлі жағымсыз жағдайлар күтіп тұруы мүмкін. Бұл әнде сол жағдайлар туралы айтылады).
Мұғалім: Біздің айналамызда түрлі қауіп-қатерлер бар және кез келген уақытта олар
өмірімізге зиян келтіруі мүмкін. Қоршаған ортадағы кез келген нәрсе адам өміріне қауіп төндіруі ықтимал. Алайда біз ол қауіп-қатерлерді алдын ала көре және сезе алуды, сонымен қатар, оны болдырмау жолдарын қарастыруды үйреніп жатырмыз. Халық даналығында
«Сақтансаң, сақтайды!» деген сөз бар.
– Қауіп-қатер сөзін естігенде көз алдарыңа не келеді?
|