Өлкетану принципі - табиғат және адам еңбектері оқытылатын сабақтардың бәрінде белгілі бір ретпен, жүйелі түрде, күнделікті қолданып отыру қажет.
Өлкетану екі бөлімнен тұрады:
а) мектеп айналасындағы жерлерді сипаттайтын материалдарды жинау;
б) жиналған материалдарды сабақта пайдалану.
Өз ауданын зерттеу ауылда мектептің ауласынан бастап, одан кейін ауладан ауылға, ауылдан ауданға ауысқан жөн. Қалада-ауладан көшеге, көшеден ауданына, одан кейін бүкіл қаланы зерттеуге көшу керек.
Әдетте өз жерін зерттеу төмендегі жоспар бойынша жүргізіледі: Қаланың, ауданның географиялық орны. Қаланың немесе ауданның жер бедері, пайдалы қазбалары. Климаты. Сулары. Топырағы. Өсімдіктері мен жануарлар жүйесі. Ауданның өткен тарихы. Халқы, олардың айналысатын кәсібі. Даму перспективалары. Осылай тікелей зерттеу негізінде көптеген түсіністіктер тұжырымдауға мүмкіндік береді; оқушылардың байқампаздығы күшейеді, тек оқулықтан ғана емес, айналадағы: табигат пеи өмірден де білім алуларына көмектеседі; өз өлкесін танып білу арқылы туған жерге деген сүйіспеншілігі артып, патриоттық сезім қалыптасуына мүмкіндік береді.