ӘОЖ 811.512.122'36
ТІЛДІК ТЕСТ ДАЯРЛАУДА АБЗАЦ ЖӘНЕ АЗАТЖОЛ ҰҒЫМЫНЫҢ
ҚОЛДАНЫСЫ
Г.ӨТЕЛБАЙ
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
практикалық қазақ тілі кафедрасының доценті,
филология ғылымдарының кандидаты
Аннотация
Мақалада заңдарға, құжаттарға енгізілетін түзетулер мен толықтыруларда,
мемлекеттік тілге қатысты тестілеу тапсырмаларында жиі пайдаланылатын «абзац» және
«азатжол» ұғымдарына ғылыми талдау жасалып, олардың қолданылу аясы бойынша
мәселелер қаралады.
Түйін сөздер: ҚазТест, тестілеу, абзац, азатжол, красная строка, деңгей, тақырып
Тілдік білім деңгейін анықтаудың тестілеу формасы бүкіл әлемде тәжірибеге еніп
отырған бағалау тәсілі екені белгілі. Халықаралық деңгейде ағылшын тілін білу деңгейін
анықтайтын TOEFL, IELTS, SET сияқты тестілеу жүйелері баршаға мәлім. Білім
алушының тілдік білімін бағалауда аталған жүйелер бірізді тәсілдер мен әдістерді
қолданады.
Қазақ тілін білу деңгейін анықтауда да бағалаудың осы түрлерін әзірлеу
бағытында Ұлттық тестілеу орталығы ашылып, ҚазТест жүйесінің құрылғанына он
215
жылдай болып қалды. Аталған уақыт ішінде қазақ тілі бойынша тестілеу жұмысы жыл
сайын жетілдіріліп, жұмыстары қарқынмен жүргізіліп, елеулі нәтижеге жетіп отыр.
Сөйлесу, оқу, жазу, тыңдау секілді дағдылар бойынша тілдік білімін анықтау үшін
тестілеудің теориясы мен практикасынан көмекші құралдар, бес деңгейлік лексикалық
минимумы, әдістеме материалдары әзірленді. Бұл жұмыспен қатар әртүрлі шетелдік
ғалым-тестологтер қатысқан халықаралық деңгейдегі курстар, тренингтер мен
семинарлар өткізілді. Әлемдік ізденістерді басшылыққа ала отырып, тәжірибе алмасу
шаралары үнемі жүргізіліп келеді. Алайда атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымы
үлкен болса да, тест тапсырмаларының ұсынылу үлгісі (спецификациясы) бойынша оны
түзу және қолдануда біршама мәселелер кездесетінін байқаймыз.
Қозғағалы отырған мәселелер – оқылым бөлігіне қатысты жайлар. Бұл бөлікте
білім алушының немесе тестіленушінің оқыған материалды меңгеру деңгейін анықтау
үшін тапсырмалар беріледі. Қарапайым деңгей мен базалық деңгейдегі тапсырмалар
жиынтығы ұқсас болып келеді де, соңына қарай түрленіп кетеді. Мысалы, ол
тапсырмалар мынандай:
- оқыған сөйлемді толықтырыңыз, мәтінге сәйкес\сәйкес емес ақпаратты таңдаңыз,
берілген сұрақтың жауабын табыңыз, мәтін мазмұнына сәйкес жауабы бар сұрақты
таңдаңыз, мәтіндегі басты тірек сөздерді таңдаңыз, мәтін бойынша толық және нақты
ақпаратты табыңыз т.б. Бұл жерде қойылатын талап: дистракторлардағы лексиканың 90
пайызы берілген мәтіннен алынады.
Қарапайым және базалық деңгейге әзірлемешілер қысқа әрі мағыналы сөйлемдер
беруі тиіс. Кейде соңғы тапсырмалардағы мәтін көлемінің ұлғаюына (сөздер санының
артуына) байланысты шұбалаңқы сөйлемдер ұсынылады. Егер мәтіннің авторы болса
сілтеме көрсетілген дұрыс. Бұл деңгейлерде сөйлем көлемі аз болғандықтан, әзірлемеші
өз нұсқасын ұсынады. Ол нұсқа объектілі ойды білдіріп, қысқа әрі мазмұнды болғаны
абзал. Әсіресе, ескеретін жайт, тапсырма ұсынылып отырған деңгейдің сөздік қорынан
алшақтамауы тиіс.
Орта және ортадан жоғары деңгейлерде осы тапсырмалар қайталанып, оған
қосымша келесі сұрақтар қойылады:
- мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз, мәтінге тақырып таңдаңыз, мәтіндегі
ақпаратқа қарама-қарсы ақпаратты табыңыз, мәтіннің І, ІІ, ІІІ азатжолын
қорытындылаңыз т.б.
Ал жоғары деңгейде қарапайым, базалық, орта және ортадан жоғары
деңгейлердегі сұрақтар қайталанып, төмендегідей тапсырмалармен толықтырылады:
- мәтіннің І, ІІ, ІІІ азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз, мәтіндегі себеп-
салдарлық байланысты анықтаңыз, мәтін мазмұнын ретімен көрсетіңіз, мәтіндегі
эмоциямен берілген сөйлемді табыңыз т.б.
Жоғарыда ұсынылған сұрақтар тест спецификациясы бойынша даярланып,
құрастырылған. Бірақ кейбір тест сұрақтарында «мәтіннің І, ІІ, ІІІ азатжолын
қорытындылаңыз» деген тапсырманың жауаптары ретінде дистракторларға абзацтағы
сөйлемдер өзгеріссіз беріле салады. Тілдің талабына сәйкес, тұтас бір абзацта бірнеше
сөйлем бірігіп бір ойды беруі керек. Ал қорытынды абзацтағы сөйлемдер арқылы берілсе,
оған тестіленуші қалай дұрыс жауап береді?
Кейде ұсынылған материалдың бір абзацы бірнеше тақырыпты, ойды, идеяны
қамтып тұрады. Бұл жағдайда қалай қорытынды жасалады? Ал «І азатжолға нақтырақ
тақырыпша таңдаңыз» деген тапсырма қалай орындалады? Демек, біз алдымен «азатжол»
немесе «абзац» деген ұғымдардың қолданылу аясын анықтап алуымыз қажет.
Соңғы кездері «абзац» – «азат жол» деп жиі қолданып жүр. Бұған кейбір тілшілер
тарапынан қарсылық туындап жатқанын жоққа шығара алмаймыз. Мәселен, танымал
216
аудармашы Кеңес Юсуп (Түсіп) бұл мәселе жөнінде былай деп жазады: «Мәселен,
заңдарға, құжаттарға енгізілетін түзетулер мен толықтыруларда «абзацты» «азат жол» деп
алу сіңісіп бара жатыр. Мүлде қисынға келмейтін жайт. Айталық, пәлен «азат жол»
алынып тасталсын деуіміздің реті қайсы? Бұл арада әңгіме «красная строкадан» немесе
жаңа жолдан бастау я болмаса лингвистикалық термин туралы болып отырған жоқ,
әңгіме мәтіннің тиянақты бір ойды білдіретін бөлігі туралы болып отыр. Демек, «азат
жол» бізге қажетті ұғымды бере алмай тұр. Егер абзацтың орнын басар сөз таба алмасақ,
онда сол қалпында қалдырайық. Немесе осыған мағынасы жақын «еже», «пора» деген де
сөздер бар. Мәселен, тіл білетін азаматтар сөзімнің бір «ежесінде», «порасында» демеуші
ме еді? Бұл сөздер сөздіктерімізде де болуға тиіс» [1].
Енді «абзац», «азатжол» ұғымдарын кейбір ғылыми деректер арқылы талдап
көрелік. Жалпы, осы сөздің шығу төркініне үңілсек, этимологиялық сөздікте: «Абзац.
Заимств. в 60-е годы ХІХ в. из нем. яз. Нем. Absatz образовано безаффиксным способом
от глагола аbsеtzеn – «отставлять» деп берілген [2]. Бұл сөздің қазақша баламасы
«жылжыту» дегенге сәйкес келеді. Демек, «сөйлемді жылжытып бастау» дегенді бір
ұғыммен қалай айқындай аламыз?
Предлог ретінде: «präp (D): предлог: -нан\-нен, -дан\-ден, -тан\-тен; von heute, heute
ab - бүгіннен бастап». Ол орыс тіліндегі «от», «с» предлогтерін білдірсе, ал «Satz»
дегеніміз немісше «сөйлем» деген сөз. Қазақ тілінде предлогтердің септік жалғауы
арқылы берілетінін ескерсек, аудармасы «сөйлемнен», «сөйлем басынан» деген мағына
алады.
Ал осы «Absatz» сөзіндегі «аb» приставкасы бірнеше мағынаға ие: «... 2) алыстау,
қашықтау; 7) бір нәрсенің аяқталуын, соңын көрсетеді» [3]. Демек, абзац жаңа жолдың
басталуын, сонымен бірге бір ойдың немесе идеяның аяқталуын білдіреді деуімізге
болады.
Біз азатжол мен абзац сөздерін қатар қолдана аламыз, бірақ олар контекске
байланысты пайдаланылуы керек. Академик Р. Сыздық даярлаған орфографиялық
сөздікте де бұл сөздер екі жерде кездеседі: абзац және азатжол [4].
Абзац сөзі тек қана сөйлемнің басы ғана саналмай, белгілі бір ойды түйіндейтінін
көптеген дереккөздер дәлелдейді. Мысалы, «Абзац (нем. Absatz) – отступ вправо (красная
строка) в началу текста или его части; 2) относительно завершенная в смысловом
отношении часть текста от одной строки до следующей» дейді ғалым А. Булыко [5]. Енді
абзац сөзінің ағылшын тіліне аудармасын зерделесек, «параграф» деген сөз болып
шығады. Оның мағынасы былай түсіндіріледі: «Параграф (лат. paragraphus, от
греч.par`agraphos) – часть текста внутри главы, раздела, книги, статьи, имеющая
самостоятельное значение, обычно отмечаемая знаком §, а также сам этот знак». Бұдан
шығатын қорытынды: сөйлемді жаңа жолдан бастарда «азатжол» ұғымын қолдануға
болады. Ал К. Юсуптың жоғарыдағы тиянақты ойға қатысты тұжырымы үшін «абзац»
сөзін пайдаланудың сөкеттігі жоқ.
Азатжолдың орыс тілінде «красная строка» деп қолданылатыны бәрімізге аян. Оны
бірнеше дереккөздерден оқи аламыз. Мысалы: «Красная строка, отдельная строка,
расположенная точно по центр. оси формата набора. Ранее К.с. называли первую строку
абзаца...» [6]. Орыстың әйгілі ғалымы, лексикограф С. Ожеговтың еңбектерінде біз
қарастырып отырған мәселелерге қатысты мынадай талдаулар бар: «Абзац 1. Красная
строка, отступ в начале строки. Начать писать с абзаца. 2. Тескт между двумя такими
отступами. Прочесть первый а.» [7]. Бұл жерде курсив түрінде жазылған сөйлемдер –
тілде жиі қолданылатын тіркестер. «Отступ» шегініс мағынасында жаңа жолдың
басталғандығын білдіреді. «Отступ. Свободное пространство, оставлямое перед началом
строки написанного или напечатанного текста. О. в начале абзаца. Писать с отступом...
217
Отступить. ... от чего. Сделать отступ. О. от края листа» дейді С. Ожегов Қазақ тіліндегі
сөздіктер де осындай түсінік береді: «Азат. ... Азат жол – жаңа жол, жаңа жолдан бастап
жазу» [8].
«Қазақ тілі» энциклопедиясында абзац ұғымын былайша саралайды: «... 2) Текстің
екі А. аралығындағы мағыналық тұтастығы (байланысы) бар бөлігін де А. дейді». Ал
оған мысалы ретінде мынадай жолдар ұсынады: «Көп кешікпей Ғалия да бір күн түнде
Сәрсенбайдың сүйіктісі Жамалмен келешекте бірге рақат ғұмыр өткізулерінің желісін
сөйлеп тұр еді. Дүниеде бұл екеуі үшін бір жақтан, істің ақыры нешік болады деген
қорқыныш, екінші жақтан, дұшпанның қолына түспей құтыламыз ба деген қуанышты
жүректері лүпілдеп, бірінің қолы бір-бірінің мойнында болып, екі ғашық бір ойда еді (М.
Дулатұлы)» [9]. Тестілеу теориясы мен практикасының белгілі маманы, ғалым З.
Күзекованың еңбектерінде де абзацтың тұтас бір ойға байланысты қолданылатындығын
байқаймыз. Ол ізденіп-оқу негізіндегі біліктіліктердің бірнешеуін айқындай отырып,
тестіленушінің мынандай қабілеттерін көрсетеді: « ... сөйлем\абзацтарға жылдам талдау
жасай алу;. нақты зерттеуді талап ететін абзац\фрагменттерді табу» [10].
Қорыта келе айтатынымыз, заңдарға, құжаттарға енгізілетін түзетулер мен
толықтыруларда, мемлекеттік тілге қатысты тестілеу тапсырмаларында бірнеше жолдар
мен сөйлемдер арқылы бір тақырып немесе мәселе айналасында тиянақты ойды
білдіретін бөлікті абзац деп атау қажет. Ал диктант жаздыру барысында сөйлемнің жаңа
жолдан басталатынын білдіру үшін «азатжол» сөзін қоданған абзал. Әдетте тест
тапсырмаларын қазақ тілді емес азаматтар тапсырады. Оларға немісшеден келген сөздің
түп-төркінін білу қиынға соқпайды. Кірме сөз ретінде абзац сөзі параграф та, бөлім де,
бөлікше де мағынасын беретінін ұмытпағанымыз дұрыс.
Пайдаланылған әдебиеттер
1 Юсуп К. Ресми мәтіндер аудармасы: сипаты мен ерекшелігі. – Астана: Фолиант, 2011. – 304 б.
2 Шанский Н. М., Иванов В.В., Шанская Т.В. Краткий этимологический словарь русского
языка. – Москва: Просвещение, 1971. – 542 с.
3 Тәттібаева М. Немісше-қазақша сөздік. - Алматы: Мектеп, 1977. - 639 б.
4 Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). - Астана: Елорда,
2000. - 532 б.
5 Булыко А.Н. Современный словарь иностранных слов. – Москва: Мартин, 2006. – 848 с.
6 Советский энциклопедический словарь. (Гл. редактор - Прохоров А.М.). – Москва:
Советская энциклопедия, 1987. – 1599 с.
7 Ожегов С.И. Словарь русского языка. Москва: Русский язык, 1989. – 924 с.
8 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі \Жалпы редакциясын басқарған Жанұзақов Т. – Адматы:
Дайк-Пресс, 2008. – 968 б.
9 «Қазақ тілі» энциклопедия (бас редактор - Арын Е.). – Алматы: «IDK-TIPO» редакциялық
баспа-орталығы, 1998. – 509 б.
10 Күзекова З.С. Қазақ тілі тестілеу теориясы мен практикасы. – Алматы: Құс жолы, 2009. –
156 б.
Резюме
В статье проводится научный анализ слов «абзац» и «красная строка», часто используемых
в тестовых заданиях по государственному языку, а также рассматриваются проблемы по их
применению.
Resume
In the article the scientific analysis of the words «paragraph» and «red line», which are often
written in the test tasks of the state language and are used for adjustments and amendments introduced in
the documents and laws, but also deals with the problems on their application.
218
ӘОЖ 811.512.122 (075.8)
А.Қ. НҰРБАНОВА
Еуразия гуманитарлық институтының аға оқытушысы
ЕТІС – ЕТІСТІКТІҢ ЕРЕКШЕ КАТЕГОРИЯСЫ
Аннотация
Бұл мақалада етістіктің ерекше категориясы – етіс талданады. Етістің етістіктің
лексика-грамматикалық категориясы болып табылатындығы, етіс жұрнақтары
семантикалық сипаты жағынан сөзжасам қосымшаларына жақындығы айтылып,
талданады.
Түйін сөздер: етіс, субъекті, объекті, негізгі, өздік, ырықсыз, ортақ, өзгелік,
лексикалық, грамматикалық, семантикалық, синтаксистік.
Етіс – етістіктің ерекше категориясы. Әдетте етіс қимыл, іс-әрекеттің, субъекті мен
объекті арасындағы (семантикалық-синтаксистік сипаты) әр түрлі қатынасты білдіріп,
белгілі қосымшалар жүйесі арқылы жасалатын етістік категориясы деп анықталады.
Етіс жұрнақтары семантикалық сипаты жағынан сөзжасам қосымшаларына
жақын. Кейбір түрлері жаңа сөз жасап, етіс қосымшалы етістік негізгі сөздік құрамнан
жеке лексикалық единица ретінде орын алған. Мысалы, таң асыру, қызды айттыру, бір
219
көрген біліс, екі көрген таныс, үйге кіріп жылынды, үйді жылытты, рұқсат беруді
өтінді, бұған екеуі де келісті, екі дауға келгенде ол маған болысады, оқуға берілді,
ауруынан жазылды, олар бәрібір табысады, т.б. қолданыстағы етістіктер етіс
қосымшалары арқылы жасалған туынды түбір негізгі түбірден туған жаңа мағыналы
сөздер болып табылады: ас, айт, жылы түбірлерден -ыр, -тыр, -т өзгелік етіс қосымшасы
арқылы, біл, таны, кел түбірлерден -ыс, -іс, -с ортақ етіс қосымшасы арқылы, жылы, от
түбірлерден -н, -ін өздік етіс қосымшалары арқылы, бат, жаз түбірлерден -іл, -ыл
ырықсыз қосымшалары арқылы жаңа мағыналы сөз жасалған. Сондай-ақ қазіргі кезде
түбір және қосымшаға ажырамайтын, өлі түбір деп есептелетін, бірақ тарихи тұрғыдан
бір кездегі өзгелік етіс пен өздік етіс қосымшалары деп танылатын, қазір әрқайсысы
жеке-жеке сөз, лексема деп қаралатын оян мен оят, үйрен мен үйрет, жұбан мен жұбат,
уан мен уат сияқты жеке-жеке параллель сөздердің тілімізден орын алуы етіс
қосымшаларының сөзжасамдық сипатының белгісі болса керек. Сондай-ақ бір сөзге етіс
тұлғаларының бірінің үстіне бірінің, тіпті өзгелік етіс қосымшаларының өзі бірнеше рет
қабаттасып жалғануы да таза грамматикалық немесе категориялық грамматикалық
тұлғалар қасиеті шеңберінен шығатын белгілер болса керек. Бірақ солай бола тұрса да,
етіс қосымшалары әр уақытта өзі жалғанған етістік түбірдің мағынасын, лексикалық
мәнін өзгертіп жібере ме, әрқашан жаңа лексикалық мағыналы сөз жасай ма? Мысалы,
Ол баласына хат жазды. Бұл хат кеше жазылды. Баласына хатты маған жаздырды. Ол
екеуі бір-бірімен ылғи хат жазысады. Осы сөйлемдердегі хатқа байланысты жазу
(жазды), жазылу (жазылды), жаздыру (жаздырды), жазысу (жазысады) етістіктері
бөлек-бөлек сөздер ме? Тіпті хатқа байланысты болуын арнайы көрсетпегеннің өзінде
(кітап, өлең, шығарма т.б.) толып жатқан затқа байланысты жалпы жазу қимылы, іс-
әрекеті өзгерді ме? Не өзгерді. Етістіктің (жазудың) жалпы грамматикалық мағынасы
яғни жазу қимыл-процесін білдіруі өзгерген жоқ, сөзжасам қосымшасы болса, оны
өзгертіп жіберер еді: шеге – зат атауы, шегеле – оған байланысты қимыл, қара белгіні,
түсті білдіретін сын, қарай сол түске айналу процесі (қимыл-әрекетті) т.б. Тек бұл жазу
етістігі емес, оқы-оқыл-оқып-оқытқыз, айт-айтыл-айтыс-айтқыз-айтқыздыр, сөйле-
сөйлем-сөйлес-сөйлет-сөйлеткіз, шегеле-шегелес-шегелет-шегелеткіз т.б. етістіктерде
етіс жұрнақтары жаңа сөз тудырмайды, етістік түбір білдіретін семантикасын өзгертіп
жібермей лексикалық және жалпы грамматикалық мағынасы сақталып қалады, тек
сабақтылық-салттылық мәні өзгеріп, сөйлемде субъект пен объект арасындағы қатынасы
ауысуы мүмкін: оқы етістігінен жасалған кітап оқылды дегенде тура объект (кітап)
грамматикалық бастауышқа айналып, тура объект керек етілмей қолданылса, ол бізге
кітап оқытты (оқытқызды) деген оқу қимылының иесі, іске асырушысы ол болып тұр
да, бірақ ол сол қимылды (оқу әрекетін) тікелей өзі атқармай екінші біреу (субъект)
арқылы іске асырып отыр, яғни оқу қимылын тікелей жүзеге асырушы – біз, ол қимыл, іс-
әрекетті тікелей орындаушы субъект, агенс деп аталады, бірақ грамматикалық бастауыш
(субъект) емес, грамматикалық жанама объект мәні мен қызметінде қолданылған.
Сондай-ақ оқу етістігі (оқытты) тура объектіні міндетті түрде талап етіп отырады
(кітап-ты): ол жуынды дегенде жуу қимылын іске асырушы субъект (ол) сол қимылды
өзіне бағыттайды, сөйтіп, қимыл, іс-әрекеттің субъектісі белгілі дәрежеде объектісі де
мәні мен қызметінде жұмсалады, бірақ ол грамматикалық субъект болып қала береді; ол
екеуі бір-бірімен хат жазысады дегенде, қимыл, іс-әрекеттің бір ғана субъекті тарапынан
емес (іс-әрекетті орындаушы біреу емес), бірнеше екенін білдіреді. Бұл сияқты етістік
түбірге етіс қосымшалары жалғанғаннан кейін пайда болатын мағыналары мен
синтаксистік қарым-қатынастар, негізінен алғанда, етстік түбірдің жалпы грамматикалық
мағынасын өзгертпейді, тек сабақтылық-салттылық мәнін ғана өзгертуі мүмкін.
Етіс тұлғаларының тағы бір ерекшелігі бар. Ол: етіс қосымшалары етістік түбірге
220
жалғанып, түбірдің грамматикалық сипатын өзгертпейді, яғни етіс тұлғалы етістіктер
түбір (негізгі, туынды) етістіктерше: 1) сырттай бұйрық райдың 2-жақ жекеше, анайы
түрімен сәйкес келеді; 2) тікелей жіктелмейді, тек рай, шақ (көсемше, есімше)
тұлғаларын үстеп барып жіктеледі және сол тұлғалар (рай, шақ) жалғануға негіз бола
алады; 3) сондықтан да сөйлемде сол тек етіс тұлғасында қолданылмайды [1]. Осы
сияқты қасиеттерінің негізінде И.Маманов жалпы етістік атаулыны негізгі етістіктер
және функциялық етістіктер деп екі топқа бөліп, негізгі етістіктер оның грамматикалық
категорияларын жасауға негіз болады дей келіп, оның өзін екі түрге бөліп, бірін түбір
етістіктер, екіншісін модификациялы етістіктер деп, модификациялы етістіктердің
қатарына етіс, болымсыз етістік, күшейтпелі етістік және күрделі етістікті (көсемше
формаларының көмекші етістіктермен тіркесуі) ерекше бөліп жатқызады [2].
Сөйтіп, етіс тұлғалары сөзжасам қосымшалары емес, жоғарыда көрсетілген
сипаттары (және тұлғалар жүйесінің сөзжасамға қарама-қайшы барлық етістік түбірлерге
жалғана алу мүмкіндігінің арқасында) негізінде етістіктің лексика-грамматикалық
категориясы болып табылады.
Мағыналық ерекшеліктері мен синтаксистік қызметіне және тұлғалық
ерекшеліктеріне негізделіп, қазақ тіліндегі етістіктерді де: негізгі етіс, өздік етіс,
ырықсыз етіс, ортақ етіс және өзгелік етіс деп беске бөліп жүр [5].
Негізгі етіс деп аталатын етіс түрінің етістік түбірі деген ұғымынан, мейлі негізгі
түбір, мейлі туынды түбір, мейлі күрделі түбір болсын, не семантикалық жағынан, не
формалық жағынан, не синтаксистік қызметі, басқа сөздермен қарым-қатынасы жағынан
ешбір айырмашылығы жоқ. Бұл – бір. Екіншіден, грамматикалық я лексика-
грамматикалық категория (түрлеріне) негіз болатын тұлға, яғни негізгі етіс аталған,
дұрысында етістік түбірі деген тұлға ол категорияның бір түрі бола алмайды, категория
шеңберіне енбейді, сол категория түрлеріне негіз ғана болады. Сондықтан негізгі етіс
деген етіс категориясының түрі жоқ.
Өздік етіс қимыл, іс-әрекеттің орындаушысына (иесіне), субъектіге қарай
бағытталып, сабақты етістікке -ын, -ін, -н қосымшасы қосылып жасалады: ки-ки-ін-ді,
көр (дәрігерге)-көр-ін-ді, шеш-шеш-ін-ді, тара-тара-н-ды, сұра-сұра-н-ды, сүрт-ін-ді
т.б. Осы мысалдан көрінетіндей, біріншіден, қимыл, іс-әрекет іс иесі субъектіге қарай
бағытталады, сөйтіп, субъекті әрі тура объекті мәнінде қызмет атқарады. Ол өзіне-өзі
субъекті әрі тура объекті мәнінде қызмет атқарады. Ол өзін-өзі киіндіреді, өзін-өзі
тазалайды, өзі (дәрігерге) көрсетеді, өзін-өзі шешіндіреді, өзін, яғни шашын өзі
тарайды, өзін біреуден, жұмыстан босатуға ма, бір жаққа баруға ма сұрайды, өзін,
денесін, бетін сүртеді. Бұл жерде түбірдегі сабақты етістіктердің объектісі субъектінің
дене мүшесіне, өзіне т.б. қарасты сөздер, ал өздік етісте ол объекті түгел субъектінің өзіне
көшеді. Екіншіден, өздік етіс жұрнағы негізінен сабақты етістікке жалғанады, бірақ
барлық сабақты етістіктерден өздік етіс жасала бермейді, яғни, барлық сабақты етістік
түбірге өздік етіс қосымшасы жалғана бермейді, тек қимыл, іс-әрекет субъектінің өзіне
қарай бағытталатын сабақты етістіктерден ғана өздік етіс жасалады және онда өздік етіс
қосымшасы сабақты етістікті салт етістікке айналдыру қызметін атқарады. Мысалы, айт,
оқы, бер, (атты) ағыт, ат т.б. сияқты сабақты етістіктерден өздік етіс жасалмайды,
өйткені бұл сияқты сабақты етістіктердің тура объектілері (өлеңді, әңгімені айту, кітап
оқу, қарызды, кітапты беру, атты ағыту, беруді ату) іс иесі субъектіге тура қаратыла
алмайды. Кейде жыр мәтіндерінде өздік етісті сөйлемде тура объекті де бөлек беріліп,
қимылдың субъектіге байланысты нақты қай жеріне бағытталғанын білдіреді: Енді белін
түйінді, Асыл киім киінді (Қыз Жібек). Бұл – әдеттегі қолданыстан гөрі стильдік
мақсаттағы нормадан ауытқу болып табылады.
Сонымен бірге өздік етіс көрсеткішіне құранды (күрделі) қосымша –лан, -лен, -
221
дан, -ден, -тан, -тен де жатқызылады: ой-лан, намыс-тан, т.б. Бұл құранды қосымша
сөзжасам -ла, -ле, -да, -де, -та, -те қосымшасы мен өздік етіс -н- қосымшаларынан
құрылғанын көру қиын емес [3].
Ырықсыз етіс деп қимыл, іс-әрекеттің өздігінен орындалатын мән үстеп, қимыл, іс-
әрекеттің тура объектісі оның грамматикалық бастауышы болу қызметін атқарып, тек
сабақты етістіктерден -ыл, -іл, -л қосымшасы, түбір құрамында л дыбысы болса, -ын, -ін,
-н- қосымшасы арқылы жасалатын етістің түрін айтамыз. Мысалы, кітап оқы-л-ды, үй
тазала-н-ды, астық жина-л-ды, сөз сөйле-н-ді, хат жаз-ыл-ды, т.б. оқу қимылының, іс-
әрекетінің тура объектісі –кітап, тазалудың тура объектісі – үй, жинаудың тура объектісі
– астық, сөйлеудің тура объектісі – сөз, жазудың тура объектісі – хат, ал ырықсыз етіс
қосымшасы (-л, -ыл, -іл) жалғану арқылы, біріншіден, оқу, тазалау, жинау, сөйлеу, жазу іс-
әрекеттері өздігінен болғандай, көрсетілген тура объектілері бұл сөйлемшелерде
грамматикалық бастауыш қызметін атқарып тұр, соның арқасында, екіншіден, ырықсыз
етіс тұлғалы етістіктер салт етістік болып тұр, яғни ырықсыз етіс қосымшалары сабақты
етістікке жалғанып, оны (сабақты етістікті) салт етістікке айналдырып тұр. Кейде
қимылдың, іс-әркекттің атқарушы иесі (субъектісі) жалпы сөйлемнің мазмұнынан сезіліп
тұрады немесе грамматикалық жанама объекті тұлғаларында (барыс, көмектес
септіктрінде, түбір, ілік септік тұлғасындағы сөз бен тарапынан, жағынан деген
сөздердің тіркесінен т.б.) тұрып та жұмсала береді. өздік етіс пен ырықсыз етістің ұқсас
та, өзгеше де жерлері бар. Ұқсастығы: 1) қосымшалардың кейде бірдей болып келетіні,
кейде өздік я ырықсыз етіс екені контекстен ғана байқалады, сөйтіп, бір-бірімен
омоформа да жасайды: ол дәрігерге көрінді және алыстан бір қара көрінді; 2) екеуі де
сабақты етістікті салт етістікке айналдырады. Негізгі айырмашылығы: олардың білдіретін
семантикасында: өздік етісте логикалық (іс иесі) субъект-грамматикалық субъект
(бастауыш) болады, ал ырықсыз етісте грамматикалық бастауыш логикалық объект
болады.
Өзгелік етіс қимыл, іс-әрекеттің тікелей субъектінің өзі арқылы емес, екінші бір
субъекті (ол екінші субъекті қимылды, іс-әрекетті тікелей орындап, іске асырушы
субъекті агенс деп аталады) арқылы істелетінін, іске асатынын білдіріп, сабақты
етістіктен (кез-келген етістіктен емес) белгілі қосымшалар арқылы жасалатын етіс
категориясының түрі болып табылады [6]. Демек, өзгелік етісте қимылды, әрекетті іске
асырушы субъекті бір емес, екеу болдаы: бірі – іс-әрекетті, қимылды орындатушы иесі,
сөйлемде ол грамматикалық бастауыш қызметінде болады, яғни бұл логикалық субъекті
әрі грамматикалық субъекті болады, екіншісі, іс-әрекетті, қимылды тікелей орындаушы
субъекті (агенс). Ол сөйлемде берілмеуі де мүмкін, берілсе, барыс септік тұлғасында
тұрып, ол сөз сөйлемде жанама толықтауыш қызметін атқарады. Бұл – бір. Екіншіден,
өзгелік етістік сабақты етістіктен жасалады, сабақты етістікке өзгелік етіс қосымшасы
үстелгенде, ол баяндауыш болып тұрған сөйлемде тек іс-әрекет, қимылды тікелей
атқарушы барыс септіктегі екінші субъект (агенс) қана пайда болады, баяндауыш сабақты
етістікті сөйлемде іс-әрекетті орындатушы субъект пен объект өзгелік етіс қосымшасы
қосылмай тұрғанның өзінде бар болатын. Мысалы: Өнер-білім бар жұрттар тастан
сарай салғызды (Ы.Алтынсарин) деген сөйлемде сал деген сабақты етістіктен –ғыз
қосымшасы арқылы өзгелік етіс жасалған. Салу сабақты етістігінің тура объектісі,
сарай(ды) және салу әрекетінің иесі, іске асырушы субъектісі (өнер-білім бар) жұрттар.
Өзгелік етіс жасалуымен байланысты тура объекті (сарай) де, субъекті (жұрт) де қалып
отыр, бірақ өзгелік етіс жасалғанда, біріншіден, іс-әрекеттің субъектісі (жұрттар)
қимылды, іс-әрекетті, яғни, салу әрекетін, тікелей өзі атқармайды, тек қимылдың
орындалуына түрткі болады, екіншіден, қимыл, іс-әркетті тікелей атқарушы субъект
агенс пайда болады, ал бірақ бұл сөйлемде арнайы берілмеген, берілсе барыс септік
222
тұлғасында тұрар еді. Яғни, өнер-білім бар жұрттар сарайды өздері салған жоқ, біреуге
салғызды. Ал салт етістікке өзгелік етіс жұрнағы жалғанғанда 1) қимыл, іс-әрекет иесі,
орындаушы субъект жаңадан пайда болады да, қимыл, іс-әркетті тікелей өзі атқарады,
орындайды; 2) салт етістік сабақты етістікке айналады; 3) салт етістіктегі грамматикалық
бастауыш (субъект) сабақты етістіктің тура объектісіне айналады; 4) бірақ екінші субъект
– агенс, қимыл, іс-әрекетті тікелей орындаушы субъекті болмайды. Мысалы, бала шамды
сөндірді дегенде сөндіру қимылының субъектісі де, тікелей сол қимылды іске асырушы,
атқарушы да біреу-ақ, ол бала. Ал етістіктің түбір күйіндегі, яғни, салт етістік күйіндегі
грамматикалық субъект – шам да (шам сөнді), ол бұл жерде тура объектіге айналған:
шамды сөндірді, бірақ шам өз-өзінен сөнген жоқ. Сөйтіп, өзгелік етіс қосымшасы салт
етістікке жалғанғанда, салт етістіктен бірден өзгелік етіс тудырмайды, тек салт етістікті
сабақты етістікке айналдырады, енді осы сабақты етістікке екінші рет етіс қосымшасы
жалғанғанда барып өзгеліе етіс жасалады: Бала інісіне шамды сөндіртті. Бұл сөйлемде
бала қимылдың иесі, бірақ оны (қимылды) тікелей өзі тақарып отырған жоқ, екінші
субъект –агенс арқылы іске асырып отыр, яғни, сөндіру қимылын тікелей орындаушы
субъект агенс – інісі, сөйлемде ол (інісі) барыс септік тұлғасында тұрып грамматикалық
жанама объекті (толықтауыш) синтаксистік қызметін (қатынасты) атқарып тұр, ал тура
объекті – шам(ды) өзгерген жоқ [4].
Өзгелік етіс қосымшалары: 1) -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз; 2) -дыр, -дір, -тыр, -тір (кей
жағдайда қосымшаның алдыңғы д, т дыбыстары түсіп қалып, -ыр, -ір, -р тұлғаларында да
кездеседі: ас-ыр-у – ас-тыр-у, өс-ір-у – өс-тір-у, Абайда: Адам баласын заман өсіреді; піс-
ір-у – піс-тір-у, түс-ір-у – түс-тір-у; жоғарыда көрсетілгендей, өзгелік етіс қосымшасы бір
түбірге бірінің үстіне бірі жалғана да береді: айту – айтқызу-айтқыздыру-айтқыздырту,
келу – келтіру-келтіргізу, ойнау – ойнату-ойнатқызу т.б. [6].
Ортақ етіс қимыл, іс-әрекеттің бір емес, бірнеше субъекті арқылы іске асатынын
білдіріп, -ыс, -іс, -с қосымшасы арқылы жасалады. Біріншіден, ортақ етісті қимыл, іс-
әрекеттің субъектілері қимылға ортақтығы бірдей де, бірдей емес те болуы мүмкін
(субъект көптік тұлғадағы бір зат атауы, немесе бірыңғай бастауыштар, немесе біреуі
грамматикалық субъект те, екіншісі грамматикалық жанама объекті болуы мүмкін т.б.
(ҚТГ, 174-175), екіншіден, ортақ етіс қосымшалары салт етістікке де, сабақты етістікке де
жалғанып, ортақ етіс жасай береді: олар хат жаз-ыс-ып тұрады, қонақтар жайғасып отыр-
ыс-ты, ол бізге үй сал-ыс-ты т.б. (М.Т. – ҚҚТ, 49-52).
Пайдаланылған әдебиеттер
1 Аманжолов С. Қазақ тілі теориясының негіздері. – Алматы: «Ғылым», 2002. –368 б.
2 Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. – 507-511 б.б.
3 Қалыбаева (Хасенова) А. Қазақ тіліндегі етіс категориясы. – Алматы, 1951. – 237 б.
4 Мырзабеков С. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің құрылымына статистика-лингвистикалық
талдау. Канд.дисс. – Алматы, 1973. – 312 б.
5 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі – Алматы, 1964. – 315 б.
6 Кеңесбаев С., Жиенбаев С. Қазақ тілі грамматикасы. І бөлім. Фонетика мен морфология. –
Алматы: «Қазақстан Мемлекеттік біріккен баспасы», 1942. – 147 б.
Резюме
В данной статье рассматривается особая категория глагола – залог. Залог является лексико-
грамматической категорией глагола, семантические особенности залога рассмотрены с точки
зрения употребления в предложении.
Resume
In this article the author considers the peculiar category of the verb – the vocice. The voice is the
223
lexico –grammatical category of the verb. The semantic peculiarities of the voice are considered from the
point of view of wing it in a sentence.
Достарыңызбен бөлісу: |