32-жаттығу. (Ө; Ұ; Қ) Өлеңді мəнерлеп оқу. Біріккен сөзді тауып, оның қалай жасалғанын түсіндіру.
Өлеңді мəнерлеп оқиды. Өлең не туралы екенін анықтап, өлеңнен біріккен сөзді тауып, оның қалай жасалғанын түсіндіреді.
Оқулық
№2 дəптермен жұмыс
1 минут
(МК; Ұ) Түсіндірме сөздіктен сұрақ бойынша ақпарат табу, талдау жасау білігін бағалау.
Оқулықтағы түсіндірме сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады. Мəрт сөзінің мағынасына назар аудартылады. Талдау жасалады.
Флипчарт Маркер
3 минут
(Т) Дереккөздермен жұмыс. Түрлі жағдаяттағы тілдік нормаларды сақтап сөйлеу.
Тапсырма топтық жұмыс түрінде орындалады. Дереккөздерден мыстан не жасайтыны туралы мəлімет жинап, топта талқылаулар жасайды. Іздену барысында тапқан ақпараттарына сүйеніп, постер жасайды.
Мұғалім оқушыларға топтық жұмысты орындау жəне оны қорғаудың мақсаты мен қойылатын талаптарын белгілейді жəне қағазға түсіріп, сынып қабырғасына іліп қояды. Үлгі:
тапсырманы орындау барысында тақырыптан ауытқымау;
интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану;
сөйлеу барысында берілген уақытты сақтау.
2 минут
(Ө; Ұ) Жұмыстарын топта жариялау.
Топтық жұмысты орындау жəне оны қорғаудың мақсаты мен қойылатын талаптарына сүйеніп, жұмыстарын «Автор орындығы» стратегиясы бойынша топта жариялайды.
1 минут
(Ө; Ұ; Қ) Бір-бірінің жұмысын бағалау. Екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіруарқылы рефлексияжасау.
«Екі тілек, бір ұсыныс» стратегиясы арқылы бір- бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс-əрекеттеріне кері байланыс жасайды.
3 минут
33-жаттығу. (Ө; Т; Қ) Монолог құрап жазу.Тірек сөздердің көмегімен монолог құрап жазады. Жазған жұмыстарын топта жариялап оқиды.
Оқулық
№2 дəптермен жұмыс
1 минут
(Ө; Ұ; Қ) Берілген тапсырманы орындау деңгейіне рефлексия жасау.
Оқушылар бір-бірінің жұмысын көңіл күйді білдіретін
«Смайликтер» əдісі арқылы өз іс-əрекеттеріне рефлексия жасап, бағалайды.
Смайликтер
4 минут
34-жаттығу. (Т) Дереккөздермен жұмыс. Түрлі жағдаяттағы тілдік нормаларды сақтап сөйлеу.Тапсырма топтық жұмыс түрінде орындалады.
Дереккөздерден оқулықта берілген сұрақтарға жауап іздеп, топта талқылаулар жасайды. Іздену барысында тапқан ақпараттарына сүйеніп, постер жасайды.
Ақпаратында кездескен біріккен сөздерді дəптеріне теріп жазады.
Мұғалім оқушыларға топтық жұмысты орындау жəне оны қорғаудың мақсаты мен қойылатын талаптарын белгілейді жəне қағазға түсіріп, сынып қабырғасына іліп қояды. Үлгі:
тапсырманы орындау барысында тақырыптан ауытқымау;
жоспарларында тірі табиғаттың өлу себептерін, оны болдырмау жолдарын қарастыру;
интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану;
сөйлеу барысында берілген уақытты сақтау.
Оқулық Флипчарт Маркер
№2 дəптер- мен жұмыс
2 минут
(Ө; Ұ) Жұмыстарын топта жариялау. Жұмыстарын «Автор орындығы» стратегиясы бойынша топта жариялайды.
1 минут
(МК; Ұ; Қ) Топтық жұмысқа өз көзқарастарын білдіріп, сабаққа рефлексия жасау.
«Менің сөзім» стратегиясы бойынша сабаққа рефлексия жасайды. Сыныптан бір оқушы тұрып, топтық жұмысқа өз көзқарасын білдіреді.
Тақырыптың ашылуы, тілдік нормаларды дұрыс қолдана алуына талдау жасайды. Айтып болған соң,
басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушы сабақты қорытындылауға осы ретпен қатысады.