Ə. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова, М. А. Данабаева


Отбасы мүшелерінің мамандықтары



бет114/305
Дата06.01.2022
өлшемі2 Mb.
#11310
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   305
Отбасы мүшелерінің мамандықтары


Пəн: Қазақ тілі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

56-сабақ. Қос сөздер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.4.1 – тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып монолог құрау;

4.4.2.1* – күрделі сөздердің түрлерін ажырата алу

(біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз).


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар жасай алады:

  • Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.

Оқушылардың көбі жасай алады:

  • Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

  • Біріккен сөздердің түрлерін ажырата алады.

Бағалау критерийлері

Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасау;

Диалогке қатысу;

Мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтау; Біріккен сөздердің түрлерін ажырату.


Тілдік мақсат

Түрлі жағдаяттағы тілдік нормаларды сақтап, көпшілік алдында сөйлейді;

Сөйлеу мəдениеті қалыптастырылады.



Құндылықтар

Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге, адамгершілікке тəрбиелеу.

Пəнаралық байланыстар

Əдебиеттік оқу, музыка.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, компьютер.

Бастапқы білім

Біріккен сөздер.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

Сабақтың басы (5 минут)

  1. минут



  1. минут

(Ұ) Психологиялық ахуал.

Оқушылар өз көңіл күйлеріне сай суреттердің жанына тұрады.

Егер оқушылардың көңіл күйлері болмаса, бұлттың жанына тұрады.

Егер көңіл күйлері жақсы болса, күннің жанына тұрады.





  • Балалар егер, далада күн жарқырап тұрса, ауа райы қандай болады?

  • Ал, жаңбыр немесе қар жауып тұрса, не болады?

  • Сендерге қандай ауа райы ұнайды?

  • Олай болса, бəріміз күндей жадырып, көтеріңкі көңіл күймен сабағымызды бастайық.


(Т) Топқа бөліну. «Кім жылдам» ойыны. Оқушыларға сурет қиындылары таратылып беріледі. Сол суреттерді құрастыру арқылы топқа бөлінеді.

Суреттерді салыстырады, неше айырмашылық бар екенін табады. Дұрыс тапқан топ жеңіске жетеді.



Көңілді əуен қосып қою

Сабақтың ортасы (30 минут)

6 минут

40-жаттығу. (Т; Қ) Мəтінді түсініп оқып, мазмұны бойынша сұрақ қойып, жауап беру.

Мəтінді мұқият тыңдайды.

Мəтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады. Мəтіннің мазмұны бойынша сұрақ құрастыру үшін оқушылардың сыни ойлауын, оқу рефлексиясын дамытуға бағытталған «Аквариум» стратегиясы топтық жұмыс түрінде ұйымдастырылады.

Сипаттамасы: Сынып екі топқа бөлінеді. Сұраққа жауап беретін топ шеңбердің ішінде отырады. Сұрақ қоятын топ оларды қоршап тұрады. Бірінші топ мəтін мазмұны бойынша оқулықта берілген пікір білдіруге


Оқулық

№2 дəптермен жұмыс






бағытталған сұрақты толықтырады. Сұрақ құрастыруда «Қалай ойлайсың?», «Сенің ойыңша...»,

«Неліктен?», «Не себепті?» сұрақтары мен тіркестерін пайдалануды ұмытпа.

Көпен Əмірбек кім? Ол санауды қалай үйренді? Оның əке-шешесі кім?

Оқушылар сұрақтарды топта толықтырып, жетілдіреді. Мұғалім сұрақтардың дұрыс құрастырылуын қадағалайды. Екінші топ мəтін мазмұнымен жұмыс жасайды. Шеңбер ішіндегі екінші топ оқушылары қойылған сұрақтарға жүйелі, толық жауап беруі керек.

Мəтіннен күрделі сөздері бар сөйлемдерді теріп жаз. Күрделі сөздердің астын сыз.





1 минут

(МК; Ұ) Түсіндірме сөздіктен сұрақ бойынша ақпарат табу, талдау жасау білігін бағалау.

Оқулықтағы түсіндірме сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады. Қауға сөзінің мағынасына назар аудартылады. Талдау жасалады.



Оқулық Түсіндірме сөздікпен жұмыс

1 минут



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет