Ə. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова, М. А. Данабаева


-сабақтар. Біздің жобамыз



бет122/305
Дата06.01.2022
өлшемі2 Mb.
#11310
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   305
Байланысты:
Қазақ тілі 4-сынып

62-сабақтар. Біздің жобамыз

63–64-сабақтар. Бақылау диктанты

ОҚУЛЫҚТЫҢ 2-БӨЛІМІНЕ ТҮСІНІКТЕМЕ


Құрметті мұғалім! Қолыңыздағы оқу құралында 4-сынып «Қазақ тілі. 2-бөлім» оқулығындағы оқу материалдарын оқытып үйрету жолдары көрсетілген.

Сөз таптары. Зат есiм – 2-сыныптан берi оқытылып келе жатқан тақырыптардың бiрi. Бұл сыныпта «Зат есiм» тақырыбын оқытудың негiзгi мiндеттерi мынадай:

          1. оқушылардың зат есiм туралы алған бiлiмдерiн саралап, жинақтау, одан əрi тереңдету;

          2. зат есiмнiң септелу жүйесiн жəне септiк жалғауларының емлесiн, тəуелдеулі зат есімдердің септелуіндегі ерекшеліктерді меңгерту, сөйлеу кезiнде септiк жалғауларын дұрыс қолдана бiлуге үйрету;

          3. зат есiмнiң жiктелуi туралы түсiнiк беру, олардың жекеше жəне көпше түрiмен таныстыру;

          4. оқушылардың сауатты жазу дағдыларын жетiлдiру (жалқы есiмнiң емлесi, зат есiмнiң тəуелдiк жəне септiк жалғаулары жалғанған кездегi жазылуы т. б.);

          5. оқушылардың сөздiк корын байыту, байланыстырып сөйлеу дағдысын одан əрi дамыту.

Зат есімнің септелуін өтпес бұрын көптік, тəуелдік жалғаулары туралы білімдері мəтінмен жұмыс арқылы еске түсіріледі. «Біздің үйдің шатырына қарлығаш ұя салды. Ұяда қарлығаштың балапандары бар. Қарлығашқа үнемі балапандарына жем іздеуге тура келеді. Бір күні биікте ұшып жүрген қарлығашты көрдік. Əуеде самғап ұшқаны қандай əдемі!». «Енді мəтіндегі қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар (қарлығаш – не? қарлығаштың – ненің? қарлығашқа – неге? қарлығашты – нені?)», «Қарлығаш» сөзіне тəуелдік жəне көптік жалғауларын жалғайық (қарлығашым, қарлығашың, қарлығашы, қарлығаштар)». «Қалай ойлайсыңдар, мəтіндегі қарлығаш сөзіне жалғанған жалғаулардың тəуелдік жəне көптік жалғауларынан қандай өзгешелігі бар?» деп сұрақ қоя отырып, оқушыларға ой тұжырымы жасатылады. (Тəуелдік жалғау заттың кімге тəн екенін білдірсе, көптік жалғау заттың бірнешеу екенін білдіреді. Ал мəтіндегі қарлығаш сөзіне жалғанған жалғау осы сөзді басқа сөздермен байланыстырып тұр: қарлығаш салды, қарлығаштың балапандары, қарлығашқа іздеуге тура келеді, қарлығашты көрдік.) Оқушылардың жасаған тұжырымдары оқулықтағы ережемен салыстырылып, толықтырылады. Содан кейін төмендегі кесте арқылы септіктердің аттары мен жалғаулары таныстырылады:

Септіктердің аты Сұрақтары Жалғаулары

Атау септік кім? не? –

Ілік септік кімнің? ненің? -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің Барыс септік кімге, неге? қайда? -ға, -ге, -қа, -ке

Табыс септік кімді? нені? -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті Жатыс септік кімде? неде? -да, -де, -та, -те

Шығыс септік кімнен? неден? -нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен Көмектес септік кіммен? немен? -мен, -бен, -пен



Зат есiмнiң жiктелуi. Жiктiк жалғау – септiк жалғаулары сияқты сөз бен сөздi қарым- қатынасқа түсiрiп, өзара байланыстырып тұратын қосымшалардың бiрi. Ол белгiлi бiр заттың кiм, не екенiн анықтап, оны үш жаққа жiктеп көрсетедi. Бұл тақырыпты оқытудағы басты мақсат – жiктiк жалғауы туралы түсiнiк беру, жiктiк жалғауының да тəуелдiк жалғау сияқты үш жағы барын айтып, əрқайсысының өзiне тəн арнайы қосымшаларын таныту.

Жiктiк жалғауының негiзгi бiр ерекшелiгi – жiктiк жалғауы жалғанған сөздiң сөйлемде əрқашан баяндауыш қызметiн атқаратыны. Мысалы: Мен – экологпын. Сiз – атақты кəсіпкерсіз.

Оқулықта жiктiк жалғауларының осы ерекшелiктерiн байқатуға бiрден назар аударылды. Зат есiмнiң жiктiк жалғаулары, негiзiнен, адамға қатысты айтылатынын да ескерткен жөн. Мысалы, адам, ұшқыш, оқушы сөздерiн үш жақта жiктеп айта беруге болады. Ал мен кiтаппын, сен кiтапсың, ол кiтап деуге болмайды. Алайда көркем шығармаларда, өлең, мысал, жұмбақтарда не? сұрағына жауап болатын зат есiмдердiң де жiктiк формада келуi əбден мүмкiн.

Сын есім. Бұл сыныпта оқушылардың сын есім туралы білетіндері еске түсіріліп, жинақталады, қарсы мəндес сын есімдер жəне сын есімнің дара, күрделі түрлері таныстырылады.

«Дара жəне күрделi сын есiмдi» оқытқанда ескеретiн негiзгi нəрсе – күрделi сын есiм екi, үш сөзден құралғанмен, бiр түстi бiлдiретiнi, бiр ғана сұраққа жауап берiп, сөйлемде бiр мүшенiң қызметiн атқаратыны. Бұларды дара сын есiм мен күрделi сын есiмдердi өзара салыстырту арқылы оңай меңгертуге болады.

Сондай-ақ, күрделi сын есiмдердiң емлесiне ерекше назар аударған жөн. Бұлардың айтылуы мен жазылуын салыстыра отырып, күрделi сын есiмнiң құрамындағы сөздiң бөлек жазылатыны ескертiледi. Бұл тұста дыбыс үндестiгiне байланысты берiлген ұғымдар еске түсiрiледi:


  1. сөз тiркестерi аралығында екi дауысты дыбыс қатар келгенде, бiрi түсiрiлiп айтылатыны

(сары ала – сарала);

  1. сөз тiркестерiнiң аралығында дауысты немесе үндi дауыссыз дыбыс пен қатаң дауыссыз дыбыс қатар келсе, олардың ұяң айтылатыны (қара қоңыр – қарағоңыр).

Жоғарыда айтылғандармен қоса мəтiннен дара, күрделi жəне қарсы мəндес сын есiмдердi тапқызу, сын есiмдердi қолданып берiлген заттарды сипаттау жұмыстары жүргiзiлгенi жөн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет