Ə. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова, М. А. Данабаева


топтың тапсырмасы: Көп нүктенің



бет128/305
Дата06.01.2022
өлшемі2 Mb.
#11310
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   305
Байланысты:
Қазақ тілі 4-сынып

топтың тапсырмасы: Көп нүктенің орнына барыс, жатыс септігіндегі тиісті сөзді жазып, жалғауын анықтаңдар.

Бекіре... Каспий теңізі, Еділ, Жайық өзендерінде таралған. Олар көшіп-қонып жүреді. Бекіренің бастапқы шабақ шағы... өтеді. Өсіп жетілген соң... бет алады. Бұл балықтардың еті ерекше дəмді жəне жұмсақ болады. Ол... өте пайдалы. Қажетті сөздер: Қазақстанда, өзенде, теңізге, адамға.


  1. топтың тапсырмасы: Берілген сөздерге барыс септігінің жалғауын қосып жазыңдар. Сөз тіркестерін құрастырыңдар:

бұршақ, найзағай, бұлт, кемпірқосақ, тұман, сарқырама.

Септік жалғауларының емлесін меңгерту мотивациясы төмен, орташа, жоғары дəрежедегі оқушылардан құрылған топтарға əртүрлі тапсырма беру арқылы жүзеге асырылады. Оқушылардың топта өзара ақылдаса отырып, тапсырмаларды орындауына мүмкіндік жасалады.





Көптік жалғау жалғанған зат есімдер

дұ- рыс

+/

қа-



те –

Қате жалғанған жалғаулар- дың дұрыс жалғануын

көрсет


Септік атауы

бұлттардың










найзағайлар










құсдарға










борандар










құбылыстер










өзентер










көллермен










жапырақлар










мұхиттарды





















Көптік жалғаулы зат есімдердің септелуі.

Мұғалім оқушылардың көптік жалғау туралы білімдерін еске түсіріп, олардың сөзге жалғану ерекшеліктерімен жұмыс ұйымдастырады. Ол үшін көптік жалғаулы сөздің дұрыс/қате формада берілгенін белгілеу жəне септік атауын анықтау сауалнамасы ұсынылады.




Мəтіндерді салыстыра аламын

1.5 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін білдіру.

4.1.5.1 – аудио- бейнежазба мазмұнына өзіндік баға беру.

(МК; Т; Қ) Тұманбай Молдағалиев – «Көктем келді, дүние жыр жырлайды» атты бейнежазба мен «Əли мен Айя жыл мезгілдері туралы əн шырқады» мультфильмін көрсету жəне оларды салыстыру арқылы өзіндік пікірін білдіру.

  • Балалар, Айя мен Əли не туралы əн шырқады?

  • Олар шырқаған əн мазмұнымен келісесіңдер ме?

  • Сендерге мультфильм ұнады ма? Неліктен?

  • Бейнежазба не туралы? Оның мазмұны балалар шырқаған əн мазмұнына сəйкес келе ме?

  • Қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?

Мұғалім бейнежазбалар көрсетіліп болғаннан кейін олардың мазмұны бойынша сұрақтар қояды. Бейнежазбалар (мультфильм, фильм) мазмұнының ұқсастықтары мен айырмашылықтары салыстырылады.

Ұқсастықтары: екі бейнежазбаның мазмұны да жыл мезгіліне арналған.

Айырмашылығы: бірінші бейнежазбада өлеңді тыңдап, көктем мезгілі туралы ақпарат алады.

https://www.yout ube.com/watch?v

=24qhwDQ78KY

Тұманбай Молдағалиев –

«Көктем келді, дүние жыр жырлайды»
Əли Мен Айя – Мезгіл туралы Əли мен Айя əн шырқады!





3.1 Мəтін түрлеріне сəйкес мəтін құрап жазу.

4.3.1.1 – берілген тақырып бойынша əңгімелеу, сипаттау жəне пайымдау элементтері бар мəтін құрастырып жазу.

(Т; Ө; Қ) «Көктем келді, дүние жыр жырлайды» бейнежазбасы негізінде жыл мезгілдерінде болатын табиғи құбылыстарды сипаттап жазу. Əр топтың жазу жұмысын салыстыру.
құбылыстың атауы

белгісі белгісі белгісі



Екінші бейнежазбада фильмді көру арқылы жыл мезгілдері туралы ақпарат алады.

Мұғалім əр топқа жыл мезгілдерін бөліп беріп, сипаттау мəтінін құрастыру қажеттігін айтады.Тақтаға сипаттауда ескерілетін ескертпені іліп қояды.

Затты немесе құбылысты сипаттауда төмендегілер ескерілуі қажет:


  1. Заттың немесе құбылыстың тек ерекше белгілерін (көлемі, түрі, түсі, сапасы т.б.) санамалап көрсет.

  2. Негізгі белгілері бойынша құраған сөйлемдеріңді бейне шығатындай етіп орналастыр.

  3. Сипаттаған затыңның немесе құбылысыңның адамға пайдалы немесе пайдасыз екендігін көрсетуді, сезіміңді білдіруді ұмытпа.

Мұғалім сипаттау мəтінінің құрылымын көрсететін сызбаның көмегімен оқушылардың жазу жұмысын ұйымдастырады.

Оқушылардың топ бойынша жазған жұмыстары сипаттау мəтінінің белгілерін қаншалықты дұрыс қолданғандарына сəйкес салыстырылады.

Тапсырманы орындап болған соң, топтар бір-бірімен ауысады. Бір-бірінің мəтіндері

мен суреттерінің жəне суреттердің реттілігінің сəйкестігін тексереді, бағалайды.



«Жыл мезгілдері Вивальди» https:// www. youtube. com/watch?v= 5ayvye_Y_K8
Мультимедийная презентация – Жыл Мезгілдері

https://www. youtube. com/watch?v= oBktwG8Z2Dw

2.6 Мəтіндерге салыстырмалы талдау жасау.

4.2.6.1 – белгілі бір тақырыпта берілген мəтіннің

түрлерін,



(Т; Қ) Жыл мезгілдері туралы берілген ғылыми- танымдық жəне көркем-əдеби мəтіндерді салыстыру. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.

Оқушыларға «Қыста», «Қыс» мəтіндерін салыстырып, стиліне қарай қайсысы көркем- əдеби, қайсысы ғылыми-танымдық мəтін екені анықтатылады. Ол үшін оқушыларға

«Қай мəтінде құбылыс белгілері нақты,












жанрын, стилін салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылық- тарын анықтау.

Қыста

Қыста жапырақтары түспейтін жəне үнемі көгеріп тұратын ағаштар мен бұталар бар.

Кейбір ағаштар мен бұталарда азғана қураған жапырақтар, жемістер сақталып қалады. Оны қыстап қалған құстар азық етеді.

Қураған шөптер, түскен жеміс тұқымдары қар астында қалады. Топырақ арасында тұқым, пиязшық, өсімдік тамыры үсімей сақталады. Келер жылы көктемде ол көктеп шығады. Кейбір өсімдіктер қар астында жатып та көктеп, өнеді. Оны орманды жерден қардың бетін ашып байқауыңа болады.



Дүниетану. «Атамұра» баспасы, 2008
Қыс

(үзінді)


Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы – үскірік, аяз бен қар, Кəрі құдаң – қыс келіп, əлек салды. Ұшпадай бөрік киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды.

Бұлттай қасы жауып екі көзін,

Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды. Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды.

Əуес көріп жүгірген жас балалар, Беті-қолы домбығып, үсік шалды.

Шидем мен тон қабаттап киген малшы Бет қарауға шыдамай теріс айналды.

А. Құнанбаев


қайсысында бейнелі суреттелген?» проблемалық сұрағы қойылады.

Мұғалім ғылыми стильдегі мəтіннің («Қыста») құрылымдық ерекшеліктерін оның белгілеріне сұрақ қою арқылы байқатады.



  1. Жапырақтары түспей көгеріп тұратын ағаштар, азғана қураған жапырақтар, жемістер, қар астында жатып та көктеп, өнетін өсімдіктер қай жыл мезгілінде болады? Қыстың осындай белгілері «Қыс» өлеңінде көрініс тапқан ба?

  2. Мəтінде қыс мезгіліндегі нелер құстарға пайдалы екендігі айтылған?

«Қыс» өлеңі қандай мəтінге жатады?» сұрағының аясында топтық жұмыс ұйымдастырылады.









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет