Табиғаттан үйрене біл
Адам өзіне қажетті көптеген заттарды, техниканы жасауды табиғаттан үйренді. Яғни көп нəрсені табиғатты бақылау арқылы білген. Жаңбыр жауғанына қарап, егістікті қолдан жауындатып суаруды ойлап тапты.
Адам құстың ұшу ерекшелігін зерттеп, оны ұшақ жасауға пайдаланды. Балықтарды зерттеп, сүңгуір қайық жасады. Міне, осы сияқты адамның табиғаттан үйренгені көп. Сондықтан адам табиғатты аялап, қорғауы керек.
Дүниетану. «Атамұра» баспасы, 2008
|
Мұғалім оқушылардың мəтінді іштей түсініп оқуын жүзеге асырады.Оқушыларға «Мəтін не туралы?» сұрағын қою арқылы тақырып (табиғаттың адам өміріндегі орны, оның адам өміріндегі қажеттігі) анықтатылады.
Мəтінге қойылған ат тақырыптың мазмұнын толық бере ала ма, жоқ па, соны анықтату үшін оқушыларға мəтіннің үш бөлігіне) (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды) ат қойдырады:
Табиғат пен адам – егіз.
Адамның табиғаттан үйренетіні көп.
Табиғатты қорғайық!
Оқушылар мəтіннің құрылымдық бөліктері бойынша жасалған жоспар мен мəтіннің тақырыбын (атын) салыстырады. Тақырып атауында негізгі жəне қорытынды бөлікте айтылған мазмұнның түйіні көрінбей
қалғанын байқайды. Мəтін атының
|