Ə. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова, М. А. Данабаева


Табиғатты қорғау – адамзаттың парызы



бет137/305
Дата06.01.2022
өлшемі2 Mb.
#11310
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   305
Байланысты:
Қазақ тілі 4-сынып

Табиғатты қорғау – адамзаттың парызы

Экология қазіргі дəуірде адамзатты толғандырып отырған маңызды проблемаға айналды.

Табиғатты, қоршаған ортаны жою арқылы бүкіл

қоғамды, тіршілікті жойып жіберуге болатынын көптеген елдер түсіне бастады. Біздің өмір сүріп











отырған дəуірімізде техникалық құралдармен қаруланған кейбір елдер мен адамзат баласының жер планетасын аз уақыттың ішінде құртып жіберуі онша қиындыққа түспейді. Сондықтан бүкіл əлем халқының ортақ үйі Жер планетасын – адамзат баласы біріге отырып экологиялық апатқа қарсы тұрып, жер-анамызды сақтап қалу – бүгінгі таңдағы ең маңызды мəселе.

Қазақ халқының табиғатты, қоршаған ортаны, жан-жануарлар мен құстарды аялағаны соншалықты, тіпті сонау ашаршылық жылдарының өзінде үйдің іргесіндегі аққан судың балығына да, ұшқан құсына да, жүгірген аңына да ешбір зиянын келтірмеген.

Қазақстан топырағы киелі, жер бетінің шөбін тартсаң, шырыны шығатын көк майса, жасыл кілем еді.

Халқымыздың көпшілігі табиғатты күтуге, оның табиғи байлықтарын тиімді пайдалануға əлі де болса үйренбеген. Кен орындары, жерасты байлықтарын алғаннан кейін қалпына келтіріліп, көгалдандырылмады, қопарылған жердің топырағы жел болса сол маңайдың барлығын шаңға айналдырып басып жатады. Табиғат аясына – Қарқаралы, Баянауыл, Бурабай тəрізді немесе өзен, көл маңына демалуға шыққан топ барлық қоқыс заттарды шашқан бойы қалдырып, тіпті жаққан отты сөндірмейді.

Біздегі кемшіліктерді жібермеу барлығымыздың да қолымыздан келеді, бірақ көп нəрсені түсіне бермейміз. Адамзаттың жауапсыз кезеңі бітіп, жауапкершілігі артатын кезеңі жетті.

Ғаламтор желісінен













Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет