Ə. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова, М. А. Данабаева



бет150/305
Дата06.01.2022
өлшемі2 Mb.
#11310
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   305
Тау айтты: «Сен мақтанып келіп тұрсың,

Мен тұрмын бұл ісіңе қайран қалып. Егерде сол қадарлы жаусаң жерге, Су берсең шөлдеп тұрған егіндерге, Көк шығып, жер отайып, егін өсіп, Қандай зор тиер еді пайдаң елге.

Не қайыр сенің қазір жауғаныңнан, Сенсіз де су жетерлік теңіздерде!»



Мен, біз, сен, сіз, ол, олар сөздерінің жіктеу есімдіктері екендігі, олардың зат есім сияқты септелетіндігі түрлі жаттығулар орындату арқылы жүзеге асырылады.




3.1 Мəтін түрлеріне сəйкес мəтін құрап жазу.

4.3.1.1 – берілген тақырып бойынша əңгімелеу, сипаттау жəне пайымдау элементтері бар мəтін құрастырып жазу.

(Т) Кесте мен суреттің көмегіне сүйеніп, көтем мезгіліндегі ауа райына телебағдарлама хабарлаушысы рөлінде хабарлама жазу.




Мұғалім топтарға «радио», «телебағдарлама»,

«компьютер», «ұялы телефондарынан» қалай ауа райын хабарлауға болатындығын тапсырады. Оқушылардың топта əртүрлі жұмыс түрлерін пайдалана отырып жасауына мұғалім ықпал етеді. Топтардың жазған хабарламасын кесте мен суретті қолдана отырып қорғауына жəне бағалауларына мүмкіндік жасайды. Оқушылардың хабарлама таныстырылымынан кейінгі ойларын жинақтау мақсатында оларға хабарлама жаздырылады.























3.5 Қатені табу жəне түзету.

4.3.5.1 – стилистикалық қателерді мұғалімінің көмегімен анықтап, түзету; жазба жұмысын қазақ тілінің пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық нормаларына сəйкес өз бетінше

редакциялау.



(Ө), (Ж) Оқушының ауа райын хабарлаушы рөлінде жазған хабарламасындағы қатесін табу жəне түзету.

Хабарламаны тексеру, қатесін тексеру жұмысы жұптық формада ұйымдастырылады. Мұғалім «Бір сөзбен» əдісі арқылы оқушылардың өз іс-əрекетіне кері байланыс жасауына мүмкіндік тудырады. Оқушылар берілген 12 сөздің (төзімсіздік, ашу, қуаныш, немқұрайдылық, қанағаттану, шабыт, зерігу, алаңдау, тыныштық, сенімділік, сенімсіздік, рақаттану) ішінен өздерінің бүгінгі сабақтағы іс-əрекетін сипаттайтын 3 сөзді таңдап айтып, өз іс-əрекетін бағалайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет