Бұл бөлім 6-бөлімде меңгерілген білім мен дағдыларға негізделеді. Оқушыларда көркем жəне ғылыми-танымдық мəтіндерді салыстыру, оларды бір- бірінен ажырату, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын білу біліктері бар. Мəтіннен тұрақты сөз тіркестері мен көп мағыналы сөздерді таба алады, олардың беретін мағынасын түсінеді жəне өз сөйлеуінде қолданады. Мəтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтарды құрастыру жəне ол сұрақтарға жауап беру дағдысы қалыптасқан. Тіл білімінен (зат есімнің, есімдіктің жіктелуі, септелуі, септік, жіктік жалғауының емлесі) алған білімін
түрлі жағдаяттарда қолдана алады.
Мəнмəтін
Бұл бөлім ғарышқа саяхат тақырыбына арналған көркем жəне ғылыми мəтіндермен жұмыс арқылы ұйымдастырылады. Мəтіннің тақырыбы мен графикалық көрнекілік бойынша мəтіннің мазмұны болжатылып, оқушының өз ойын дəлелдеуі жүзеге асырылады. Тақырып пен тірек сөздерді пайдалана отырып эссе, мінездеме жазу білігі жетілдіріледі. Мəтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сəйкестігін анықтай алады жəне ондағы негізгі
ойды тұжырымдау мүмкіндігіне ие болады. Оқушылардың сауаттылығын арттыруға, көркем жазу, дұрыс оқу дағдыларын қалыптастыруға жəне сөйлеу мəдениетін дамытуға мəн беріледі.
Қысқаша шолу
Бұл бөлімде оқушылар етістіктің шақтарын бір-бірінен ажыратуға, оларды сөйлемде дұрыс қолдануға жəне қарсы мəндес сын есімдерді тауып айтуға
үйренеді. Каллиграфиялық нормаларды сақтау жəне жазу техникасы жетілдіріледі. Дереккөздермен жұмыс арқылы қажетті ақпаратты табуға жəне өз сөйлеуінде қолдануға төселеді.