Ə. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова, М. А. Данабаева


Нұр-Сұлтан – болашақтың қаласы



бет167/305
Дата06.01.2022
өлшемі2 Mb.
#11310
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   305
Нұр-Сұлтан – болашақтың қаласы
Нұр-Сұлтан – ұлан-ғайыр еліміздің бас қаласы, əлем таныған жас қала. Біздің дəуіріміздің ХІ-ХІІІ ғасырларында Арқада қыпшақ тайпалары көшіп-қонып жүрген. Өткен ғасырда археологтар Ақмола жерінен көне қаланың орнын тапты. Бозақ – қазіргі астанадан небəрі 15 шақырым жерде. Қалашық Х–ХІІІ ғасырларда гүлденіп, Жібек жолы бойындағы сауда орталықтарының біріне айналған. Сондай- ақ Бозақ қыпшақ билеушілерінің елордасы болған. Демек, Елбасымыздың астана орнын Арқа төсіне таңдауы кездейсоқтық емес, тарихты болжап, болашақты түйген көрегендік. 1996 жылы Ақмола қаласын астана жасаймыз дегенде қоғамның басым бөлігі күмəнмен қарады. Алайда 1998 жылдың 10 маусым күні тəуелсіз Қазақстан жаңа да жас қала – астананың атын бүкіл əлемге паш етті. Етек-жеңін енді қымтап, есін жиған егемен елдің бірегей ұлдары Қазақ елінің болашағы үшін барын шаша еңбек етті. Халқымызда

«Басы қатты болса, аяғы тəтті болады» деген дана сөз бар. Астана дамып, көркейе түсті. Айбынды астанамыз жарық



Ол үшін астана, болашақ тақырыбында мəтіндер, қанатты сөздер даярлайды.

Үстеу – заттың əр қилы қимылы мен ісінің (етістіктің) əртүрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік күй-жайларын жəне сынның белгісін білдіретін сөз табы.

Үстеудің мағыналық түрлеріне ажырата білуге үйрету.

Мезгіл үстеуі қимылдың, іс-əрекеттің мезгілін, мерзімін білдіреді. Қашан? деген сұраққа жауап береді (кеше, бүгін, ертең, қазір, кешке, таңертең).

Мекен үстеуі қимыл, іс-əрекеттің болу орнын, бағытын білдіреді. Қайда? деген сұраққа жауап береді (ілгері, жоғары, төмен, алға, артқа, мұнда).

Сын-қимыл үстеуі қимылдың, іс-əрекеттің амалын, сынын, бейнесін, тəсілін білдіреді. Қалай? қайтіп? қалайша? сұрақтарына жауап береді (ақырын, тез, емін-еркін, жылдам, жедел, шапшаң).

Мөлшер үстеуі қимылдың немесе сынның мөлшерін, көлемдік дəрежесін, шама- шарқын білдіреді. Қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? деген сұрақтарға жауап береді (сонша, мұнша, соғұрлым, əжептəуір, қыруар, бірталай).


Дереккөзі: https://w ww.zharar.com/kz/shy garma/507- astana_otan.html

© www.ZHARAR. com












жұлдыздай жарқырады. Астанамыз əр күні жылға татитын, əр жылы ғасырға тең қарқынмен дамудың даңғыл жолына түсті. Нұр-Сұлтан – сəулеті келіскен алып шаһар. Бас қаладағы ең ғажайып, əсем мұнара – Бəйтерек. Тіршілік иелеріне тірек, сүйеніш, қорған, пана деген ұғымды білдіретін алып мұнара еліміздің символына айналған. Гүлденген астанамыз, түрленген жас қаламыз – елдік

пен тұтастықтың ғажайып үлгісі.















(Ұ) Үстеулерді сөйлемде қолдану Сұрақ: қанша?

Жауап: бірталай/сонша/қыруар т.б. Етістікпен байланыс: бірталай жер жүрді/қыруар іс тындырды т.б.

Сұрақ: қайда?

Жауап: ілгері/алға/артқа т.б. Етістікпен байланыс: ілгері жүрді/алға ұмтылды т.б.



Мұғалім оқушылардың үстеу сөздерді естеріне сақтау үшін бірнеше ойын түрлерін жүргізеді. Мысалы «Жасырын сөздер» ойыны. Үстеудің түрлеріне байланысты кеспе сөздер беріледі. Бір оқушы ортаға шығады, жүргізуші оның артында тұрып, бірнеше сөз жасырады, ал топтағылар ым-ишара арқылы ғана түсіндіреді. Ортадағы оқушы қандай сөз жасырылғанын табу керек.

«Блум түймедағы». Оқушылар түймедақ күлтелеріндегі сұрақтарды таңдап алады. Сол сұрақтарға сəйкес үстеулерді

анықтайды. Үстеулерді етістіктермен байланыстырып айтады.





3.3 Оқыған, тыңдаған жəне аудиовизуалды материалдар бойынша жазба жұмыстар жазу.

4.3.3.1* – оқыған, тыңдаған жəне аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып, мазмұндама/ тірек сөздерді пайдаланып эссе

жазу.


(Ө) «Нұр-Сұлтан – арман қала» тақырыбында эссе жазу.

Тірек сөздер мен сөз тіркестері:

арман қала, арманға жетелейді, келешек, болашақ бүгіннен басталады, болашақ азамат, болашақ қайраткер.



Мұғалім оқушыларға жоғарыда оқыған, тыңдаған материалдар бойынша эссе жазуды ұсынады. Эсседе үстеу сөздердің орын алуы керектігін ескерту (оқушылар эссе жазуды алдыңғы тақырыптарда меңгерген).

Жазба жұмыстарын каллиграфиялық талаптарға сай жазуды ескертеді.











Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет