(МК; Т) Мəтін оқу.
Нұр-Сұлтан – Қазақ елі болашағының қаласы. Мəдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тəуелсіздігіміздің ордасы.
Жаңа астанамыздың құрылысы – жас мемлекетіміздің жасампаздыққа ұмтылысының, бүкіл қоғамымыздың жаңаруының ерекше символына айналған құбылыс. Ғасырлар бойғы бабалар арманын іске асырып, бас-аяғы төрт-бес жылда астана салған мемлекет тарихта болған емес. Адамзат тарихында астанасын жаңғыртқан мемлекеттер жетерлік. Біз жаңа ғасырға, жаңа мыңжылдыққа өркениетті ұлт ретінде, тарих сахнасына егеменді ел ретінде ендік. Əлемдік қауымдастықтың көшіне жеке керуен болып қосылдық.
Тəуелсіздігіміздің айғағындай, елдігіміздің белгісіндей, алтын күндей Елтаңбамызды, желбіреген көк байрағымызды көргенде, əуелеген
Əнұранымызды естігенде бойыңды ерекше бір асқақ азаматтық сезім билейді.
Келесі кезекте мұғалім əр топқа сурет бойынша дайын ақпараттар (мəтіндер) ұсынады. Оқушылар осы мəтіндерден өз ойларының сəйкес келгенін немесе сəйкес келмегенін салыстырады.
Алған ақпараттарды осы заманғы заттармен салыстырып, толықтырып, қорытындылап жазады. Мəтіндегі негізгі ойды анықтап, тақырып қояды.
Мұғалім оқылым үшін жинақталған əдеби кітаптар мен танымдық мəтіндер, əңгімелерді қарастырады. Тақырыпқа сəйкес мəтіндерді іріктеп, оқылым үшін мəтін таңдайды. Сол мəтіндерді грамматикалық мақсаттар үшін қолданады.
Мұғалім «Бірігіп оқу»стратегиясын қолданады. Болашақ туралы айтылған негізгі сəттерге тоқтап, оқушыларға сұрақтар қояды. Олардың өз болжамдарының негізіне алған белгілерін анықтатады. Оқушылар қызықты əрі пайдалы ақпараттарды жазба кітапшаларына белгілеп алады.
Бұны көру, сезіну де бір бақыт, маңдайға біткен бақ емес пе?! Аз уақыттың ішінде көркейіп, түрленіп, тəуелсіздігіміздің түлегі, Отанымыздың жүрегі – астанамыз да елдігіміздің жаңа беттерін ашқандай, тəуелсіздігімізді əйгілеп тұр.
Жастарымызды болашаққа бастайтын бас қаламыз, арман қала – жас қаламыз өнер, білім мен мəдениеттің, ғылымның ордасына айналуда.
Мəтіндегі негізгі ойды анықтау. Мəтінге тақырып қою.
Мəтіндегі негізгі ой не?
Мəтінге қандай тақырып қоюға болады?
4.2
Грамматикалық нормаларды сақтау.
4.4.2.7 – сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын шылауларды (жəне, себебі, мен, пен) қолдану.
(МТ) Шылау туралы түсінік қалыптастыру. Жоғарыдағы «Нұр-Сұлтан – болашақтың қаласы» деп басталатын мəтін қайта оқылады.
Мұғалім мəтін ішінен шылауларды анықтау үшін мəтінге қайта оралады. Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып тұрған көмекші сөздерді оқушыларға тапқызады.
Кесте, сызбаларды пайдаланып, шылау туралы түсінік береді.
Шылаулар – сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын, өздері тіркескен сөздерінің ұғымдарына əр қилы реңктер үстеп, оларға ортақтасып, тұлға жағынан тиянақталған, лексика- грамматикалық мағынасы бар сөздер немесе тілімізде толық лексикалық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге қосымша мəн үстеп тұратын
Менің қазіргі білім алып жүрген мектебім өзіме ұнайды. Оқушыларға қажетті барлық жағдай қарастырылған. Бірақ мен болашақта мектептердің басқаша озық үлгіде болғанын қалаймын. Мен сіздерге мынадай болашақтың мектебін жарнамалаймын.
Мұғалім оқушыларға қиялындағы заттарды жарнамалауды ұсынады. Əлемдегі заттар ешқашан бір орнында тұрмайды. Олар үнемі үздіксіз даму үстінде, ұдайы бір-бірімен ауысып отыратын өзгерістерге толы. Əлемде техника өте қарқынды түрде дамып келеді. Сендер сол дамушы əлемнің кішкентай ғана бір бөлшегісіңдер. Сендер болашақта қандай жаңалықтарға қол жеткізгілерің келеді?
Оқушы болашақтағы қандай да бір затты жарнамалайды. Оның адамзатқа пайдасы, тиімділігі туралы айтады. Суретін салады/компьютерде көрсетеді.
Оқушылардың жарнамасын тыңдау жəне сынып болып əрқайсысының тиімділігін талқылау.
3.3 Оқыған, тыңдаған жəне аудиовизуалды материалдар бойынша жазба жұмыстар жазу.
4.3.3.1* – оқыған, тыңдаған жəне аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып, мазмұндама/ тірек сөздерді пайдаланып эссе
Мұғалім алдыңғы сабақтарда тыңдаған мəтіндер мен аудио-видео материалдарды негізге алып, «Менің қиялымдағы болашақтың мектебі» тақырыбында эссе жазуды ұсынады. Мəтін жазу кезінде шылауларды, көркемдеуіш құралдарды қолдануды ескерту.
3.5 Қатені табу жəне түзету.
4.3.5.1 – стилистикалық қателерді мұғалімінің көмегімен анықтап, түзету; жазба