Ə. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова, М. А. Данабаева


Барлық оқушылар жасай алады



бет194/305
Дата06.01.2022
өлшемі2 Mb.
#11310
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   305
Байланысты:
Қазақ тілі 4-сынып

Барлық оқушылар жасай алады:

  • Атау септікті біледі.

Оқушылардың көбі жасай алады:

  • Шешім табуға бағытталған сұрақтарды таба алады жəне құрастырады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

  • Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙІ:

Атау септігін біледі.

Шешім табуға бағытталған сұрақтарды табады.



ТІЛДІК МАҚСАТ:

Мəтіннен шешім табуға бағытталған сұрақтарды тауып, құрастырып, айтып бере алады.

ҚҰНДЫЛЫҚТАР:

Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тəрбиелеу.

ПƏНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС:

Математика, жаратылыстану.

АКТ ҚОЛДАНУ

ДАҒДЫЛАРЫ:

Компьютерді қолдану.

АЛДЫҢҒЫ БІЛІМДЕР:

Зат есімнің септелуі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Дереккөздер

Сабақтың басы

  1. минут



  1. минут

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылар зейінін сабаққа аудару үшін оларды шеңбер бойымен тұрғызу керек. «Гүл сыйлау» ойыны арқылы оқушылар бір-біріне жылы лебіз айтады.


«Аукцион» ойыны. Сөзден сөз жасау.

Оқушылардың сөздік қорын байытуға бағытталған ойын. Ойын жүргізуші кез келген сөзді ұсынады. Оқушылар сол сөзден бірнеше сөз құрау керек.

Мысалы, құмырсқа – құм, ақ т.б.


Көңілді əуен қосып қою

Сабақтың ортасы

7 минут



  1. жаттығу. (Ө) Мəтінді оқу.

Мəтін бойынша қойылатын жетекші сұрақтар:

    • Қардың төмен қарай жылдам жылжуын не деп атайды?

    • Елімізде қар көшкіні қандай жерлерде болады?

    • Жылдың қай мезгілінде қар көшкіні қаупі бар? Өз ойыңды дəлелде.

    • Ал биік тауларда ше?

    • Қыс мезгілінде тауда қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?

Сұрақтардың ішінен шешім табуға бағытталған сұрақтарды тауып, мəтіндегі алғашқы сөйлемді көшіріп жазу ұсынылады. Бастауыш пен баяндауыштың астын сызып, бастауыштың қай септікте тұрғанын айту.

Оқулықпен жұмыс

№3 дəптермен жұмыс



2 минут

Жаңа ақпарат.

Атау септігі кім? не? кімдер? нелер? деген сұраққа жауап береді. Атау септіктегі сөздер сөйлемде негізінен бастауыш болады.






6 минут

32-жаттығу. Өлеңді көшіріп жазу.

Қастек Баянбайдың «Сең» өлеңін қатесіз көшіріп жазу. Өлеңнің ішінен атау септіктегі зат есімдерді тауып, олардың сөйлемде қандай мүше болғанын айту. Каллиграфиялық нормаларды сақтау жəне жазу техникасын жетілдіру. Өлең мазмұнын талдау.

«Дəптер алмасу» ойыны арқылы оқушылар парталас достарының дəптерін тексереді.


№3 дəптермен жұмыс

4 минут

33-жаттығу. (Ө; Ұ; Қ) Берілген сөздер бастауыш болатындай сөйлем құрап жазу.

Қазақстан, тау, көшкін, өзен, сең сөздерін бастауыш болатындай етіп, əрқайсысымен сөйлем құрап жазу. Жазған сөйлемде берілген сөздердің қай септікте тұрғанын анықтау.

№3 дəптермен жұмыс

2 минут

Ой сергек!

Бейнежазба əуенімен қимылдау.



https://www.youtu be.com/watch?v=f




Сұрақтар:

  • Сабақ үстінде неге сергіту жаттығуларын орындау керек?

  • Қандай сергіту жаттығуларын білесіңдер?

Y0N407XXj0&list

=PLyv3wPdSdAy AnTf b3HqZSN EQ7O4GRNX

3 минут

34-жаттығу. (Ө; Ж) Берілген сөздер сөйлемде бастауыш болатындай сөйлем құрау.

Дос, əке сөздері сөйлемде бастауыш болатындай екі сөйлем құрап жазу.

№3 дəптермен жұмыс

3 минут

(Ұ; Ө) Кестені пайдаланып, өз ойларын дəлелдеу. Атау септігіне байланысты берілген кестедегі ақпаратты дұрыс пайдалану, өз ойын дəлелдеу.

Бұл тапсырманы орындай отырып, оқушылар берілген ақпараттан қорытынды жасауды үйренеді.






3 минут

35-жаттығу. (Ө; Қ) Шығармашылық үзіліс.

«Көбелектерді өз гүліне қондыр» ойыны арқылы оқушылардың септіктер туралы не білетінін анықтау.






Сабақтың соңы

3 минут


(Ө; Қ) Шығармашылық тапсырма.

«Бір сөзбен...» ойыны арқылы оқушылар сабақтағы көңіл күйлерін бір сөзбен белгілейді. «Сенімсіздік, қуану, қорқыныш, сенімділік, жалығу, таңдану»

сөздерінің бірін таңдайды.


№3 дəптермен жұмыс

2 минут

(Ө; Қ) Бағалаудың шартты белгілеріне сəйкес өзін-өзі бағалау. Жұмыстарын топта жариялап, дəлелдеу.

Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында жұмыс дəптеріндегі «Өз жұмысыңды бағала» тапсырмасы орындатылады. Бірінші тұрған «сауатты жазу», екінші тұрған

«көркем жазу», үшінші тұрған «шығармашылық жұмыстарды орындау» дөңгелектері тиісті қарындаштармен боятылады. Нəтижелері топта жарияланады.


№3 дəптермен жұмыс

Түрлі түсті қарындаштар



Қосымша ақпарат



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет