Ə. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова, М. А. Данабаева


САБАҚ: Қазақ тілі ТАҚЫРЫБЫ: 97-сабақ



бет243/305
Дата06.01.2022
өлшемі2 Mb.
#11310
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   305
Байланысты:
Қазақ тілі 4-сынып

САБАҚ: Қазақ тілі ТАҚЫРЫБЫ: 97-сабақ.

Етістіктің жіктелуі



МЕКТЕП:

КҮНІ:

МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ:

СЫНЫП: 4

қатысқандар саны:

қатыспағандар саны:

ОҚУ МАҚСАТЫ:

4.2.4.1 – мəтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сəйкестігін анықтау жəне ондағы негізгі ойды тұжырымдау.

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

Барлық оқушылар жасай алады:

  • Етістіктің жіктік жалғауларын біледі.

Оқушылардың көбі жасай алады:

  • Мəтіндегі негізгі ойды анықтайды.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

  • Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙІ:

Мəтіндегі негізгі ойды анықтайды.

Етістіктің жіктелуін біледі.



ТІЛДІК МАҚСАТ:

Берілген тақырып бойынша мəтін мазмұнын айта алады.

ҚҰНДЫЛЫҚТАР:

Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тəрбиелеу.

ПƏНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС:

Математика, жаратылыстану.

АКТ ҚОЛДАНУ ДАҒДЫЛАРЫ:

Компьютерді қолдану.

АЛДЫҢҒЫ БІЛІМДЕР:

Сөз таптары.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Дереккөздер

Сабақтың басы

  1. минут


  1. минут

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі.

«Тілек ағашы» ойыны. Оқушылар бір-біріне тілек айтып, ағашқа ақ ленталар байлайды. Жақсылық тілеуге, армандауға үйренеді.

Сəттілік біздер тілейік:

Мен саған, сен маған, Күндей күліп жүрейік. Күннің нұрын төгейік:

Мен саған, сен маған.
(Ұ) «Аукцион» ойыны.

Оқушылар сөзден сөз жасайды. Бұл ойын балалардың сөздік қорын байытуға бағытталған.

Ойын жүргізуші кез келген сөзді айтады. Қалғандары кезекпен оның əріптерінен сөз құрайды.

Мысалы: асхана – ас, ана, хан т.б.



Көңілді əуен қосып қою

Сабақтың ортасы

3 минут



65-жаттығу. (Ө) Өлеңді көшіріп жазу.

Өлеңді қатесіз көшіріп жазу. Етістіктердің астын сызып, олардың қай жақта айтылғанын анықтау.

Каллиграфиялық нормаларды сақтау жəне жазу техникасын жетілдіру.


№3 дəптермен жұмыс

№3 дəптермен жұмыс

Оқулықпен жұмыс

№3 дəптермен жұмыс

Оқулықпен жұмыс


3 минут

Жаңа ақпарат.

Іс-əрекеттің қай жақта айтылғанын білдіру үшін етістікке жіктік жалғаулары жалғанады: жүрмін, жүрсің, жүр.

Етістікке жіктік жалғаулары жалғанып өзгеруін етістіктің жіктелуі деп атайды.


3 минут

66-жаттығу. (Ө; Ж) Етістіктерді орнына қою. Етістіктерді тиісті орынға қою. Бұл сөздер жіктік жалғаулы етістіктер екендігін дəлелдеу.

Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.



3 минут

67-жаттығу. (Ө) Етістіктерді жіктеп жазу.

Етістіктерді жекеше, көпше түрде жіктеп жазу. Каллиграфиялық нормаларды сақтау жəне жазу техникасын жетілдіру.



6 минут

68-жаттығу. (Ұ) Мəтінді оқу.

Мəтінде Қапан неліктен ұялғанын анықтайды. Неліктен мəтіннің аты «Қайыңның көз жасы» деп аталғанын талдау.



3 минут

(Ж) Мəтінмен жұмыс жасай отырып, оның негізгі ойын анықтау.

Мəтіннен етістіктерді тауып, қай жақта тұрғанын анықтау. Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.



1 минут

Ой сергек!

Көп отырып шаршадық, Қозғалуды аңсадық.

Жүгіргіміз келеді, Əдемілеп əн салып.


5 минут

69-жаттығу. (Ө; Т) Мəтін құрап жазу.

Кестеде берілген ақпаратты пайдаланып, мəтін құрап жазу. Мəтін құрау барысында сөйлемдердің байланысына назар аудару.



1 минут

(МК; Ұ) Топтық жұмысқа өз көзқарастарын білдіріп, сабаққа рефлексия жасау.

«Смайликтер» арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды.



2 минут



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет