Оқулықта берілген сұрақтардың жауабын тауып, диалогті толықтырады.
Жұппен жұмыс ұйымдастырылады. Парталасымен диалогке түседі. Құраған диалогтерін топта жариялайды.
Оқулық
1 минут
(МК; Ұ) Орфографиялық сөздіктен сұрақбойынша ақпарат табу, талдау жасау білігінбағалау.
Орфографиялық сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады. Диалог сөзінің жазылуына назар аудартылады. Талдау жасалады.
Оқулық Орфогра- фиялық сөздік
2 минут
(Ж; Ұ; Қ) Бір-бірінің жұмысын бағалау. Екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы рефлексия жасау.
«Екі тілек, бір ұсыныс» стратегиясы арқылы бір- бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс-əрекеттеріне кері
байланыс жасайды.
4 минут
(МК; Т; Қ) «Қазақстандағы халықтар достығы» туралы суреттердің көмегімен əңгіме құрастыру.Мұғалімнің басшылығымен оқушылардың сыни ойлау жəне коммуникативтік дағдыларын дамыту мақсатында «Коллаж əңгіме» стартегиясы топтық жұмыс түрінде жүзеге асырылады. Сипаттамасы: Мұғалім оқушыларға түрлі түсті суреттері бар журналдар береді. Олар журналдардан ұсынылған тақырыпқа сəйкес суреттерді қиып алып, флипчартқа жабыстырып, əңгіме құрастырады.
Мұғалім оқушыларға топтық жұмысты қорғаудың мақсаты мен қойылатын талаптарын белгілейді жəне қағазға түсіріп, сынып қабырғасына іліп қояды. Үлгі:
интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану;
сөйлеу барысында берілген уақытты сақтау. Жұмыстарын топта жариялау.
Флипчарт Тақырып мазмұнына келетін суреттер Маркерлер Желім
2 минут
(Ө; Ұ; Қ) Басқа топтардың жұмыстарымен танысу. Стикерлерге өз көзқарастарын жазып, постерлерге жабыстыру.
«Галереяны шарлау» стратегиясы бойынша рефлексия жасау. Басқа топтың постерлерін оқиды. Оқушылар стикерлерге өз көзқарастарын жазып, постерлерге жабыстырады.
Жаңбыр тырс-тырс жауа бастады. Жаңбыр қатты жауды,
Қайтадан жел тұрды, Жаңбыр қойып, күн шықты.
16-жаттығу. (МК; Ө; Қ) Мəтінді тиісті дауыс ырғағымен оқу. Мəтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап беру.Мəтінді түсініп оқып, мазмұнын айтады.
Оқушылардың топтық жұмысы ұйымдастырылады. Өзінен үлкен адамға, құрдасына, өзінен кіші балаға ризашылығын білдіруде қандай сөзді қолданатынын оқулықта берілген жауаптардан таңдап, пікір білдіреді.
Оқушылар хабарлы, сұраулы жəне лепті сөйлемдер туралы игерген білімдерін еске түсіріп, мысалдар келтіреді. Мəтіннен қоштасу жəне алғыс сөздері бар лепті сөйлемдерді көшіріп жазады. Оқушылардың бас əріп пен кіші əріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу жəне таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі.
Жұппен жұмыс жасайды. Бір-бірінің қатесін тауып, түзетуде «меніңше», «мүмкін болса», «дұрыс болар еді» сөздерін қолданып пікір білдірулеріне басшылық жасалады. Орындалған жұмысты өзара бағалайды.