Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге, адамгершілікке тəрбиелеу.
Пəнаралық байланыстар
Əдебиеттік оқу, музыка.
АКТ қолдану дағдылары
Интерактивті тақта, компьютер.
Бастапқы білім
Мəтін тақырыбы бойынша игерген білімдеріне негізделіп меңгертіледі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-əрекет
Ресурстар
Сабақтың басы (5 минут)
3 минут
2 минут
(Ұ) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
«Ненің дауысы?»ойыны. Үнтаспадан жан- жануарлардың, құстардың дауысын тыңдатып, дауыстарды шамалары жеткенше айыра білуге үйрету.
(Ұ) «Ой сергек» арқылы 4 топқа бөлу.
Топқа бөлу. Топтық жұмыс. Əрбір сөздің басқы буынын қосып, сөз шығаруға арналған сөзжұмбақ беріледі. Жасырылған сөз сол топтың аты болады. 1-топ: ақпан, қуаныш – аққу; топ: лағыл, шындық – лашын;
топ: боран, тамаша – бота;
топ: тобылғы, тыныштық – тоты.
Үнтаспа
Интерактивті тақта
Сабақтың ортасы (30 минут)
6 минут
5-жаттығу. (МК; ӨЖ; Қ) Өлеңдерді оқып, берілген тапсырма бойынша өз ойын дəлелдеу.
Оқулықта берілген өлеңдерді түсініп оқиды. Оқулықта берілген сұрақтарға жауап береді.
«Өлеңдердің тақырыбы дұрыс қойылған ба?» сұрағы бойынша өз көзқарастарын білдіріп, дəлелдейді.
«Кішіпейіл бала» атауын жəне оған сəйкес өлеңді жатқа жазады.
Жұппен жұмыс ұйымдастырылады. Бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты мұғалімнің басшылығымен бағалайды.
Оқулық
№1 дəптермен жұмыс
2 минут
(МК; Ұ) Түсіндірме сөздіктен сұрақ бойынша ақпарат табу, талдау жасау білігін бағалау.
Оқулықтағы түсіндірме сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады. Бөлесінің сөзінің мағынасына назар аудартылады. Талдау жасалады.
Оқулық Түсіндірме сөздік
5 минут
6-жаттығу. (Ө; Ж; Қ) Керекті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.
Оқушылар оқулықта берілген керекті сөздерді көп нүктенің орнына қойып, сөйлемдерді көшіріп жазады. Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір- бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.
Оқулық
№1 дəптермен жұмыс
5 минут
7-жаттығу. (МК; Ө; Ұ) Мəтінді рөлге бөліп оқу. Тыңдарманның назарын өзіне аудару.
Тыңдарманның назарын өздеріне аудару мақсатында мəтінді рөлге бөліп оқиды. Мəтіннің не туралы екенін берілген жауаптардың біреуінен таңдап, өз ойымен бөліседі.
Оқулықта берілген тақырыптардан мəтінге ат таңдап, себебін түсіндіріп, дəлелдейді.
Мерей мен Əлидің диалогін оқып, мəтінге тақырып қоюдың ерекшелігі туралы ақпарат алады.
Оқулық
1 минут
(МК; Ұ) Орфографиялық сөздіктен сұрақбойынша ақпарат табу, талдау жасау білігінбағалау.
Орфографиялық сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады. Ақкөңіл сөзінің жазылуына назар аудартылады. Талдау жасалады.
Оқулық Орфогра- фиялық сөздік
4 минут
8-жаттығу. (МК; Ө; Ұ) Мақалалардың атауларын оқып, талдау жасау.
Оқушылардың топтық жұмысы ұйымдастырылады. Сынып қабырға газетіне берілген мақалалардың атауларын оқып шығып, талдайды.
Алдымен мəтіндегі оқиғалар туралы айтылған атауды (тақырыптың қысқаша атауын), содан кейін автордың сол немесе басқа оқиғаға білдірген ойы айтылатын
Оқулық
2 минут
5 минут
атауды (негізгі ойдың қысқаша атауын) атайды. Топта өз пікірлерін дəлелдейді. Топтық жұмыстарын топта жариялайды.
(МК; Ұ) Топтық жұмысқа өз көзқарастарын білдіріп, сабаққа рефлексия жасау.
«Менің сөзім» стратегиясы бойынша сабаққа рефлексия жасайды. Сыныптан бір оқушы тұрып, оқушылардың топтық жұмысы туралы өз көзқарасын білдіреді. Тақырыптың ашылуы мен тірек сөздерді орынды қолдана алуына талдау жасайды. Айтып болған соң, басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушы сабақты қорытындылауға осы ретпен қатысады.
9-жаттығу. (МК; Ө; Ұ; Қ) Мəтінді оқып, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау.
Оқулықта берілген мəтінді түсініп оқиды.
Мəтінге екі ат қояды. Бірі – тақырыптың қысқаша атауы, екіншісі – негізгі ойдың қысқаша атауы. Негізгі ой берілген бөлікті анықтап, көшіріп жазады.
Жұппен жұмыс ұйымдастырылады. Бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты бағалайды.
Оқулық
№1 дəптермен жұмыс
Сабақтың соңы (5 минут)
4 минут
(Ө; Ж; Қ ) Берілген мəтіннің түрлерін ажырату. Ат қою. Дəлелдеу.
Берілген мəтіннің түрлерін ажыратады. Ат қояды. Негізгі ойды анықтайды. Жұппен жұмыс ұйымдастырылады. Өз ойын дəлелдейді. Бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты мұғалімнің басшылығымен бағалайды.
№1 дəптермен жұмыс
1 минут
2.1.3.1 (Ө; Қ) Бағалаудың шартты белгілеріне сəйкес өзін-өзі бағалау. Жұмыстарын топта жариялап, дəлелдеу.
Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында жұмыс дəптеріндегі «Өз жұмысыңды бағала» тапсырмасы орындатылады. Бірінші тұрған
«сауатты жазу», екінші тұрған «көркем жазу», үшінші тұрған «шығармашылық жұмыстарды орындау» дөңгелектері тиісті қарындаштармен боятылады.