Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
4.2.1.1* – мəтін түрлерін (əңгімелеу/сипаттау/пайымдау)
жəне олардың құрылымдық бөліктерін анықтау.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар жасай алады:
Тыңдалған материал бойынша негізгі тұсын белгілеп алып, солардың негізінде мəтіннің мазмұнын айтады.
Оқушылардың көбі жасай алады:
Мəтін түрлерін (əңгімелеу/сипаттау/пайымдау) жəне олардың құрылымдық бөліктерін анықтай алады.
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.
Бағалау критерийлері
Тыңдалған материал бойынша негізгі тұсын белгілеп алып, солардың негізінде мəтіннің мазмұнын айту; Мəтін түрлерін (əңгімелеу/сипаттау/пайымдау) жəне олардың құрылымдық бөліктерін анықтау;
Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасау.
Тілдікмақсат
Түрлі жағдаяттағы тілдік нормаларды сақтап, көпшілік алдында сөйлейді;
Сөйлеу мəдениеті қалыптастырылады.
Құндылықтар
Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге, адамгершілікке тəрбиелеу.
Пəнаралық байланыстар
Əдебиеттік оқу, музыка.
АКТ қолдану дағдылары
Интерактивті тақта, компьютер.
Бастапқы білім
Мəтін түрлері мен құрылымдық бөліктері тақырыбына негізделіп меңгертіледі.
Сабақ барысы
Сабақтың
жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-əрекет
Ресурстар
Сабақтың басы (5 минут)
минут
минут
(Ұ) Шаттық шеңбері: «Ыстық лебіз».Шеңберге жиналып, бір-біріне есімінің бастапқы əрпінен басталатын жылы лебіз, тілек айту.
(Ұ) «Аукцион» ойыны. Сөзден сөз жасау. Оқушылардың сөздік қорын байытуға бағытталған ойын. Оны аукцион ретінде өткізуге болады.
Ойын жүргізуші қандай да бір сөзді ұсынады. Балалар кезек-кезек оның əріптерінен құрастырылған сөздерін айтады.
Оқушылардың назары оқулықта берілген пайымдау мəтінінің сызбасына аударылады. Пайымдау мəтіні қандай бөліктерден тұратыны жəне мəтін бөліктерін қандай сөздер байланыстырып тұрғанына талдау жасайды.
Оқулық
5 минут
34-жаттығу. (Ж) Пайымдау мəтінінің бөліктерін сызбада берілген сөздердің көмегімен байланыстырып жазу.
Оқушылардың сыни ойлауын, оқу рефлексиясын дамытуға бағытталған «Детектив» стартегиясы бойынша іздену жұмысы ұйымдастырылады.
Оқушылардың назары пайымдау мəтінінің бөліктеріне аударылады. Пайымдау мəтінінің бөліктерін жоғарыда берілген сызбадағы көмекші сөздердің көмегімен байланыстырып жазады.
Оқулық
№1 дəптермен жұмыс
3 минут
(Ұ) Жұмысын топта жариялау.
Жұмыстарын «Автор орындығы» стратегиясы бойынша топта жариялайды.
1 минут
(Ұ; Қ) Топтық жұмысты бағалау.
Оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту
Бағдаршам түстеріне
мақсатында «Бағдаршам» əдісі арқылы ұжыммен жұмыс ұйымдастырылады.
Топтық жұмысты тыңдап, бағдаршам түстеріне сəйкес карточкаларды көрсету арқылы бағалайды.
«Жасыл» түс – негізгі ойды түсініп, мазмұнын толық ашқан.
«Қызыл» түс – мазмұнын ашқан. Əңгіме жүйелі құрылмаған.
«Сары» түс – мазмұнын толық ашпаған. Тақырыптан ауытқыған.
сəйкес карточкалар
6 минут
35-жаттығу. (МК; Т; Қ) Мəтінді түсініп оқып, пайымдау бөліктерін ажырату.
Мəтінді түсініп оқиды. Мəтіндегі пайымдау бөліктерін ажыратады. Түсіндірмені (дəлелдеуді) нақтылап тұрған көмекші сөздерді табады.
Оқулық
2 минут
(МК; Ұ) Түсіндірме сөздіктен сұрақ бойынша ақпарат табу, талдау жасау білігін бағалау.
Түсіндірме сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады. Əбірет, пұл сөздерінің мағынасына назар аудартылады. Талдау жасалады.
Оқулық Түсіндірме сөздік
1 минут
(Ө; Ұ; Қ) Берілген тапсырманы орындау деңгейіне рефлексия жасау.
Оқушылар бір-бірінің жұмысын көңіл күйді білдіретін
«Смайликтер» əдісі арқылы өз іс-əрекеттеріне рефлексия жасап, бағалайды.
Смайликтер
6 минут
36- жаттығу. (Ө; Т; Қ) Мəтінді түсініп оқып, түрін анықтау.
Мəтінді түсініп оқиды. Мəтіннің түрін анықтайды. Өз сөзімен пайымдау мəтінінің бөліктері қамтылатындай етіп, мəтінді ықшамдап жазады.
Оқулық
№1 дəптермен жұмыс
2 минут
(Ө; Ұ; Қ) Бір-бірінің жұмысын бағалау.
Екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы рефлексия жасау.
«Екі тілек, бір ұсыныс» стратегиясы арқылы бір- бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс-əрекеттеріне кері байланыс жасайды.
Сабақтың соңы (5 минут)
4 минут
(Ө; Қ) Жасырынған сөзді табу. Мағынасына талдау жасау.
Құлыптағы жасырынған мақалды тауып, мағынасына
№1 дəптермен жұмыс
талдау жасау.
(Тіл – татулық тірегі)
1 минут
(Ө; Қ) Бағалаудың шартты белгілеріне сəйкес өзін- өзі бағалау. Жұмыстарын топта жариялап, дəлелдеу.
Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында жұмыс дəптеріндегі «Өз жұмысыңды бағала» тапсырмасы орындатылады. Бірінші тұрған
«сауатты жазу», екінші тұрған «көркем жазу», үшінші тұрған «шығармашылық жұмыстарды орындау» дөңгелектері тиісті қарындаштармен боятылады.
Нəтижелері топта жарияланады.
№1 дəптермен жұмыс Түрлі түсті
қарындаштар
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?Қабілеті жоғары
оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?