Ə. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова, М. А. Данабаева



бет252/305
Дата06.01.2022
өлшемі2 Mb.
#11310
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   305
Байланысты:
Қазақ тілі 4-сынып

Ғарышкері мен елдің!


САБАҚ: Қазақ тілі ТАҚЫРЫБЫ: 106-сабақ.

Осы шақ


МЕКТЕП:

КҮНІ:

МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ:

СЫНЫП: 4

қатысқандар саны:

қатыспағандар саны:

ОҚУ МАҚСАТЫ:

4.2.4.1 – мəтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сəйкестігін анықтау жəне ондағы негізгі ойды тұжырымдау.

4.4.2.9 – етістікті тиісті шақта (өткен шақ, келер шақ, осы шақ) қолдану.



САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

Барлық оқушылар жасай алады:

  • Етістікті осы шақта қолдана алады.

Оқушылардың көбі жасай алады:

  • Мəтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтай алады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

  • Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙІ:

Етістіктің шақтарын ажыратады.

Мəтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сəйкестігін анықтайды.



ТІЛДІК МАҚСАТ:

Берілген тақырып бойынша мəтін мазмұнын айта алады.

ҚҰНДЫЛЫҚТАР:

Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тəрбиелеу.

ПƏНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС:

Жаратылыстану.

АКТ ҚОЛДАНУ ДАҒДЫЛАРЫ:

Компьютерді қолдану.

АЛДЫҢҒЫ БІЛІМДЕР:

Етістіктің шақтары.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Дереккөздер

Сабақтың басы

1 минут


(Ұ) Ұйымдастыру. Оқушылар бір-біріне тілек айтады.

Сəттілік біздер тілейік: Мен саған, сен маған, Күндей күліп жүрейік. Күннің нұрын төгейік: Мен саған, сен маған.






4 минут

(Ұ) «Мозаика» əдісі бойынша оқушыларды топтарға біріктіру.

Оқушыларды ортақ тақырыпқа сəйкес ғарыш суреттерінің мозаикасы арқылы топқа бірігеді. Топта жұмыс істеудің ережелерін еске түсіреді.



Ғарыш бейнеленген суреттердің қимасы

Сабақтың ортасы

4 минут



7-жаттығу. (МК; Ө; Ұ) Өлеңді оқу.

Оқушылар өлеңді мəнерлеп оқып, сұраққа жауап беруде өлеңде кім туралы айтылғанын анықтайды.

Өлеңге ат қойып, қарамен жазылған сөздерге назар аударады. Қай кезде орындалып тұрған қимылды білдіргенін анықтайды.


Оқулықпен жұмыс

2 минут

Жаңа ақпарат.

Осы шақ етістіктер іс-əрекеттің қазір болып жатқанын білдіреді: көріп отыр, өсіп тұр.

Осы шақ етістіктер не істеп отырмын (жатырмын, тұрмын, жүрмін)?, не істеп отырсың (жатырсың, тұрсың, жүрсің)? не істеп отыр (жатыр, тұр, жүр)? деген сұрақтарға жауап береді.





8 минут

8-жаттығу. (Ұ) Сөйлем құрап оқу.

Берілген сөздерді пайдаланып, сөйлем құрап оқу. Етістіктерді тауып, оларға сұрақ қою.

Етістіктердің қашан болған істі білдіріп тұрғанын айту.

«Ыстық картоп» ойыны арқылы жазған сөйлемдерін оқиды.



Оқулықпен жұмыс

5 минут

9-жаттығу. (Ө; Ж; Қ) Сөйлемдер құрастырып жазу. Берілген сызбаға сəйкес сөйлемдер құрастырып жазу. Жұппен жұмыс жасайды. Бір-бірінің қатесін тауып, өз нұсқасын ұсынып, түзетеді.

№3 дəптермен жұмыс

1 минут

Ой сергек! «Күн, жер, су» ойыны.

«Күн» дегенде, қолдарын жоғары көтеріп, күнді бейнелейді.

«Жер» дегенде, бір орында тұрып, аяқтарын кезек-кезек қозғайды.

«Су» дегенде, қолдарымен толқынды бейнелейді.






4 минут

10-жаттығу. (Ұ) Жұмбақты оқып, шешуін табу. Шешуі: глобус.

Жұмбақты оқып, шешуін табу. Етістіктің қай шақта, қай жақта тұрғанын анықтау. Жұмбақтың шешуіндегі сөз туралы ақпарат алмасу.






6 минут

11-жаттығу. (Т) Сурет бойынша əңгіме құрау. Мұғалімнің басшылығымен оқушылардың сыни ойлау жəне коммуникативтік дағдыларын дамыту. Оқушылармен топтық жұмыс ұйымдастырылады. Оқулықта берілген сурет бойынша əңгіме құрастырады.

Мұғалім оқушыларға топтық жұмысты қорғаудың мақсаты мен қойылатын талаптарын белгілейді жəне қағазға түсіріп, сынып қабырғасына іліп қояды. Үлгі:



Оқулықпен жұмыс

А4 парақтары


2 минут


Бағалаудың үлгілік кестесі:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет