Оқушылар өлеңді мəнерлеп оқып, сұраққа жауап беруде өлеңде кім туралы айтылғанын анықтайды.
Өлеңге ат қойып, қарамен жазылған сөздерге назар аударады. Қай кезде орындалып тұрған қимылды білдіргенін анықтайды.
Оқулықпен жұмыс
2 минут
Жаңа ақпарат.
Осы шақ етістіктер іс-əрекеттің қазір болып жатқанын білдіреді: көріп отыр, өсіп тұр.
Осы шақ етістіктер не істеп отырмын (жатырмын, тұрмын, жүрмін)?, не істеп отырсың (жатырсың, тұрсың, жүрсің)? не істеп отыр (жатыр, тұр, жүр)? деген сұрақтарға жауап береді.
8 минут
8-жаттығу. (Ұ) Сөйлем құрап оқу.
Берілген сөздерді пайдаланып, сөйлем құрап оқу. Етістіктерді тауып, оларға сұрақ қою.
Етістіктердің қашан болған істі білдіріп тұрғанын айту.
«Ыстық картоп» ойыны арқылы жазған сөйлемдерін оқиды.
Оқулықпен жұмыс
5 минут
9-жаттығу. (Ө; Ж; Қ) Сөйлемдер құрастырып жазу.Берілген сызбаға сəйкес сөйлемдер құрастырып жазу. Жұппен жұмыс жасайды. Бір-бірінің қатесін тауып, өз нұсқасын ұсынып, түзетеді.
№3 дəптермен жұмыс
1 минут
Ой сергек! «Күн, жер, су» ойыны.
«Күн» дегенде, қолдарын жоғары көтеріп, күнді бейнелейді.
10-жаттығу. (Ұ) Жұмбақты оқып, шешуін табу. Шешуі: глобус.
Жұмбақты оқып, шешуін табу. Етістіктің қай шақта, қай жақта тұрғанын анықтау. Жұмбақтың шешуіндегі сөз туралы ақпарат алмасу.
6 минут
11-жаттығу. (Т) Сурет бойынша əңгіме құрау.Мұғалімнің басшылығымен оқушылардың сыни ойлау жəне коммуникативтік дағдыларын дамыту. Оқушылармен топтық жұмыс ұйымдастырылады. Оқулықта берілген сурет бойынша əңгіме құрастырады.
Мұғалім оқушыларға топтық жұмысты қорғаудың мақсаты мен қойылатын талаптарын белгілейді жəне қағазға түсіріп, сынып қабырғасына іліп қояды. Үлгі: