4.1.3.1 – сұхбаттасының жасын, жай-күйін ескере отырып, белгілі бір тақырып аясында сөйлеу мəдениетін сақтап, диалогке қатысу.
(Ұ) Мəтінді тыңдау. Мəтіннен амандасу сөздерін табу жəне олардың қолданылу ерекшелігі туралы əңгімелесу.
Сəлем берем үлкенге Көшелерден біз өткен, Ата көрсем, жақын кеп, Сəлем берем ізетпен,
Ассалаумағалейкүм! – деп. Алдан əжей жолықса, Бөгелем кеп əдейілеп.
Сəлем берем сол тұста, Есенсіз бе, əжей? – деп.
Ө. Ақыпбеков
Мəтін тыңдатылғаннан кейін, есенсіз бе, ассалаумағалейкүм сөздерімен жұмыс жүргізіледі. Əр сөздің қолданылу ерекшелігі əңгімелесу əдісімен таптырылады.
(Ж) Есенсіз бе, ассалаумағалейкүм
сөздерімен диалог құрау.
Оқушы мен оқушы, оқушы мен мұғалім, ата мен бала, əже мен қыз арасындағы амандасу əрекеті диалог түрінде жүзеге
асырылады. Мұғалім амандасу сөздерінің
дұрыс таңдалуына бақылау жасайды. Нағашы атасы мен немересі арасындағы сұхбаттасу:
Ассалаумағалейкүм, ата!
Уағалейкумассалам, балам!
Қолыңыздағыны маған беріңіз. Көмектесейін.
Рақмет, құлыным!
(Осындай үлгіде диалог құрастырады.)
(Ұ) Мəтінді оқу жəне талдау.
Айжан дастарқан басында шешесіне:
Сен шайды көп ішесің, – деп кінə тақты.
«Сен» деме, «сіз» деп сөйле, – деді оған əкесі.
Менің досым Сергей əке-шешесіне
«сен» деп сөйлейді ғой. «Сен» деген сөз ең жақын адамдарға айтылады емес пе?
Əрбір халықтың өз дəстүрі бар, – деді оған əкесі, үлкен кісіге, ата-анаға «сіз» деп, инабат көрсету қажет. «Сіз» деген сөз құрметтеуді, сыйласымды білдіреді. Кез келген кісіге «сіз» деп сөйлемесең, ол сені əдепсіз деп жек көреді.
«Жаңылмас жақ, сүрінбес тұяқ болмайды» деп мақал айтушы едіңіздер ғой, кешіріңіздер! – деп, Айжан əке- шешесіне күлімдей қарады.
Сөз қадірін біле біл, балам! – деді əкесі қызына.
Мұғалім «Бағытталған оқуды» ұйымдастырады.
Бағытталған оқу қадамдары:
мəтінді оқу мақсатын оқушылармен бірге талқылау;
бағалау өлшемдерін оқушылармен келісу;
оқушыларды қабілетіне қарай топқа бөлу (4–8 оқушы);
топта жұмыс істеу уақытын (10–20
минут) белгілеу;
мəтінді таңдауда оқушылардың даму кезеңдеріне сəйкестігін ескеру;
таныс емес мəтін болу қажеттігі;
оқушылардың мəтінді оқуының өз бетінше жүзеге асуы жəне мəтіндегі мəселелерді белсенділікпен шешуі;
əр оқушының пікірталасқа өз үлесін қосуы;
оқу техникасының сақталуы. Мұғалімнің басшылығымен талдау
жұмысында мəтін мазмұны бойынша
«Халық тағылымы» кітабынан
сұрақтар қойылып, негізгі идея анықталады.
3.3 Оқыған, тыңдаған жəне аудиовизуалды материалдар бойынша жазба жұмыстар жазу.
4.3.3.1* – оқыған, тыңдаған жəне аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып, мазмұндама/тірек сөздерді пайдаланып эссе жазу.