Ә. Ж. Хазимова, Б. О. Салыхова, М. Ж. Бейсебекова Қазақ тілі әдістемелік нұСҚАУ



бет124/180
Дата21.11.2022
өлшемі3,65 Mb.
#51617
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   180
Байланысты:
1класс МЕТОДИКА

«Қызықты суреттер» тәсілі бойынша суреттерді мәтін мазмұнына қарай орналастыру жұмысы жүргізіледі.
5-тапсрымада оқушыларды Ү ү дыбысы және оның әрпімен таныстырады, ү дыбысының дұрыс дыбысталуына ерекше назар аударады. Ү дыбысы кездесетін сөздер қатарын сурет бойынша үйретеді. Олар: үй, үш, Күн. Сондай-ақ оқушыларға ү дыбысы кездесетін есімдер туралы да ақпарат береді (Үсен т.б). Осыған орай оқушылар «Сенің атың кім?» деген сұрақты қайталайды, еске түсіреді.
«Көп және тез» ойыны бойынша қазақ тіліне тән дыбыс кездесетін сөздерді қайталату жұмыстары жүргізіледі.
«Есте сақта!» айдары бойынша оқушылар сұрақтарды қайталайды (кім? не? неше? қандай?), мұғалім ү дыбысы кездесетін сөздерге қандай сұрақтар қойылатынын түсіндіреді. Мысалы: үй (не?), үш (неше?), Күн
(не?), Үсен (кім?).

Сөйлесу барысында сұрақ қояды, өтініш білдіреді, алғыс айтады.
4-тапсырмада берілген мәтінді аудиодисктен тыңдайды.
Сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап береді.
Ү ү дыбысы және оның әрпімен танысады, дұрыс дыбыстайды. Ү дыбысы кездесетін сөздер қатарын сурет бойынша атайды: үй, үш, Күн.
Қазақ тіліне тән дыбыс кездесетін сөздерді атайды.
Кім? не? неше? қандай? сұрақтарын қайталайды, ү дыбысы кездесетін сөздерге қандай сұрақтар қойылатынын біледі.
Мысалы: үй (не?), үш (неше?), Күн (не?), Үсен (кім?).

Оқушылардың дәптердегі жұмысы стикер жапсыру немесе смайл қою
арқылы бағаланады.





Мұғалім оқушылармен сергіту сәтін ұйымдастырады.
Мұғалім оқушыларға дәптердегі тапсырмалардың орындалу жолын түсіндіреді (№2 жұмыс дәптері). 1-тапсырмада Ү ү әрпін және үй, күн сөздерін бастыру, өз бетінше жазу арқылы мұғалім оқушылардың қалам, қарындашты дұрыс ұстау, ұқыпты, таза жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға көңіл бөледі.
2-тапсырмада толықтырып жазу дағдыларын жетілдіруіне көңіл бөлінеді. Мұғалім алдымен ойнаймын, айтамын, тартамын етістіктерін еске түсіреді, сурет арқылы айтқызады. Оқушылар хормен, жеке айтады. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібіне назар аударылады. Сонан кейін жазу дәптеріне толықтырып жазу жұмысы жүргізіледі.
3-тапсырмада мұғалім оқушыларға сандарды қайталатады. Неше? сұрағын қойып, түрлі суреттердегі заттардың санын айтқызып, жаттықтырады. Тапсырмада берілген асықтарды санау арқылы сандар және асық сөзі қайталанады. Оқушыларды жұпқа бөліп бір-біріне Неше асық? сұрағын қойғызады, жауаптарын тыңдайды. Сонан соң оқушылар өз бетінше дәптердегі асықтарды санап, сандарды жазып шығады.
Мұғалім оқушыларға жұмыс

Оқушылар сергіту жаттығуын жасайды.
1-тапсырмада Ү ү әрпін бастырады, өз бетінше жазады.
Үй, күн сөздерін оқиды және көркем жазады.
2-тапсырмада оқушылар сөйлемдерді оқиды, тірек сөздерді қолданып толықтырып жазады.
Оқушылардың жауаптары:
Мен ән айтамын.
Мен домбыра тартамын.
Мен асық ойнаймын.
3-тапсырмада сандарды қайталайды. Неше асық? сұрағын қояды, жауап береді.
Суреттегі асықтарды санап, санын жазады.
Оқушылардың жауаптары:
1-суретте 5 асық, 2-суретте 2 асық, 3-суретте 4 асық




№2 жұмыс
дәптері




дәптеріндегі тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.









Оқушыларға электрондық қосымшада берілген тапсырма шартын түсіндіреді. Тапсырма арқылы оқушыларды өз бетінше жұмыс істей білуге үйретеді. АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.

Электрондық қосымшада берілген тапсырманы орындайды.
Тапсырманы орындау арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі.




Қосымша
тапсырма: 6.2

Сабақтың соңы

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылармен кері байланыс орнатады.

Өздерінің сабақта қалай жұмыс істегендерін бағалайды, сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет