Ә. Ж. Хазимова, Б. О. Салыхова, М. Ж. Бейсебекова Қазақ тілі әдістемелік нұСҚАУ



бет120/180
Дата21.11.2022
өлшемі3,65 Mb.
#51617
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   180
Байланысты:
1класс МЕТОДИКА

«Сиқырлы алаң» әдісі бойынша сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастырады.

Мұғаліммен амандасып, назарларын сабаққа аударады.



Сабақтың
ортасы

Оқушыларға домбырада орындалған күйден үзінді тыңдатады. Сол арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын болжайды. Мұғалім оқушыларға домбыра аспабы туралы түсінік береді.
1-тапсырма бойынша жұмыс істейді. Оқушылар Алмабектің сөзін тыңдайды, оқиды, содан кейін сол тапсырмадағы «Сенде домбыра бар ма?» деген сұраққа жауап береді.
Бұл сұраққа әр бала өзінің шынайы жауабын береді. Осыдан кейін мұғалім оқушыларды Алмабектің «Мен домбыра тартамын» деген сөйлем үлгісімен таныстырады.
«Есте сақта!» айдары бойынша аталған етістіктің болымды, болымсыз түрін түсіндіреді, оны

Күйден үзінді тыңдайды, сабақ не туралы болатынын болжап айтуға тырысады.
Сөйлеу үлгісін аудиодискіден тыңдайды, қайталайды.
«Сенде домбыра бар ма?» деген сұраққа шынайы жауап береді.
«Мен домбыра тартамын» деген сөйлеммен танысады, үлгіні тыңдайды, қайталайды, түсінеді.
«Есте сақта!» айдарында етістіктің болымды, болымсыз түрімен танысады.

Мұғалім оқушылардың жұмыс істеу нәтижесіне қарай мақтау, мадақтау, қошеметтеу сөздерімен қолдау көрсетеді.

Оқулық
Аудиодиск:
6.1.1; 6.1.3




жеке-жеке, хормен қайталату арқылы жаттықтырады.
2-тапсырмада оқушылардың сұрақты түсіну, сұраққа жауап бере алу дағдыларын қалыптастыруға көңіл бөледі.
«Доп лақтыру» ойыны бойынша сұрақ-жауап ұйымдастырылады. Оқушылардың тапсырмада берілген сұрақтарға дұрыс жауап бере алуына көңіл бөледі.
3-тапсырманы орындау үшін домбыра қажет болады (шынайы домбыра болмаған жағдайда ойыншық домбыра/домбыраның суреті қолданылады).
Ең алдымен оқушыларға диалогті тыңдатады. Содан кейін осы диалог негізінде оқушылар жұппен сөйлеседі.
Тапсырмада ұсынылған диалог шынайы болу үшін екінші баланың қолында домбыра болуы керек. Содан кейін олар оқулықта берілген үлгі бойынша өзара сөйлеседі.
4-тапсырмада берілген сұрақтарға оқушылардың өз бетінше жауап бере алу дағдыларының қалыптасуын қадағалайды. Тапсырмадағы сұрақтар бойынша оқушылардың сабақ бойы алған білімдерін қорытындылайды.
5-тапсырмада оқушыларды Ұ ұ дыбысы және оның әрпімен таныстырады, ұ дыбысының дұрыс дыбысталуына ерекше назар

Үлгі бойынша айта алуға жаттығады.
2-тапсырмада «Сен домбыра тартасың ба?» деген сұраққа үлгі бойынша бойынша жауап береді.
3-тапсырмада диалогті тыңдайды, қайталайды, соның негізінде бір-бірімен сөйлеседі.
Үлгі:

  • Мынау не?

  • Бұл – домбыра.

  • Сен домбыра тартасың ба?

  • Иә, мен домбыра тартамын.

(Жоқ, мен домбыра тартпаймын).
Екінші сұраққа шынайы жауап береді.
4-тапсырмада екі сұраққа жауап береді:

  • Сенде домбыра бар ма?

  • Сен домбыра тартасың ба?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет