1.1.2.1 баяу және анық айтылған, жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсіну;
1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және үлгі бойынша жауап беру; 1.3.4.1* мұғалімнің қолдауымен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар (кім? не? қандай? қанша?) қою және қысқаша жауап беру.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:Наурыз мерекесі туралы түсінік алады. Мұғалімнің көмегімен берілген үлгі бойынша өзінің мерекеде не істейтінін айта алады, ү әрпін таниды, дұрыс дыбыстайды, жаза алады, ү дыбысы кездесетін сөздер қатарын атай алады.
Оқушылардың басым бөлігі:тақырып бойынша белсенді лексиканы қолдана алады, ү дыбысын меңгереді.
Кейбір оқушылар: мектепте өтетін мереке туралы қосымша ақпарат бере алады, ү дыбысы кездесетін сөздер қатарын толықтыра алады.