Ә. Ж. Хазимова, Б. О. Салыхова, М. Ж. Бейсебекова Қазақ тілі әдістемелік нұСҚАУ



бет150/180
Дата21.11.2022
өлшемі3,65 Mb.
#51617
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   180
Байланысты:
1класс МЕТОДИКА

«Алмаағашы» әдісі


Сабақтың тақырыбы: Балмұздақ

Бөлімі: 7

Тағам мен сусын

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 1

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Балмұздақ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

1.1.5.1 мәтіннің тақырыбын иллюстрация арқылы болжау;
1.4.1.1* мұғалімнің қолдауымен тақырыпқа қатысты сөздер, сызбалар, суреттерді қолданып, постер/сөйлемді суретпен толықтырып жазу;
1.5.1.5* мұғалімнің қолдауымен сөз тіркестері /сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс қолдану.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: балмұздақтың қандай болатын (тәтті, суық) және өзінің балмұздақты жейтін/жемейтінін айта алады.
Оқушылардың басым бөлігі: тақырып көлемінде өзара сөйлесе алады.
Қазақ тіліне тән дыбыстарды таниды, осы дыбыстар кездесетін сөздер қатарын дұрыс жаза алады. Кейбір оқушылар: балалардың басқа да сүйікті тәттілерін атай алады, оларды сипаттай алады, сабақта үйренген құрылымдық үлгілерді өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңі/уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді, амандасады.
«Көңіл күйді анықтау» әдісі бойынша сабақтың басталуына жағымды ықпал

Мұғаліммен амандасып, назарларын сабаққа аударады.






ететін көңіл күй қалыптастырады.










Сабақтың ортасы

Оқушылардың назарын
1-тапсырмадағы суретке аударады. Сурет бойынша оқушылар сабақтың тақырыбын болжайды. Содан кейін тапсырмадағы сөйлеу үлгісі бойынша жұмыс жүргізіледі. Сөйлеу үлгісі бойынша балмұздақ, тәтті сөздерінің мағынасын түсіндіреді. Берілген үлгі бойынша оқушыларды «Балмұздақ» қандай?» деген сұрақпен таныстырады.
Сөздер қатары «Жұптық жарыс» әдісі бойынша жаттықтырылады.
2-тапсырмада оқушылардың өз бетінше сұрақ қоя алу, қойылған сұраққа өткен лексикалық қор негізінде жауап бере алу дағдыларын жетілдіруге мән беріледі.
3-тапсырмада оқушылардың ақ, қызғылт, қоңыр сөздерін орынды қолдана алуға үйретеді. Тапсырмадағы сұраққа оқушылар өз қалауы бойынша жауап бере алу дағдыларын қалыптастыруға көңіл бөлінеді.
4-тапсырмадағы сөйлесу үлгілері бойынша оқушылардың жұппен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға мән беріледі. Оқушылар сөйлесу үлгілерін тыңдайды, рөлге бөліп оқиды. Рөлге

1-тапсырмада тәтті деген жаңа сөзбен танысады.
Аудиодиск бойынша сөйлесу үлгілерін тыңдайды, суреттер бойынша есте сақтайды.
2-тапсырмада «Сен балмұздақ жейсің бе?» сұрағына өз қалауы бойынша «жеймін, жемеймін» деп жауап береді.
3-тапсырмада ақ, қызғылт, қоңыр сөздерін қайталайды, оларды сөйлем ішінде қолданды.
Сөйлемді толықтырып айтуды үйренеді.
4-тапсырмада сөйлесу үлгілерін тыңдайды, рөлге бөліп оқиды. Берілген үлгі бойынша өзара сөйлеседі.
Үлгі:

Мұғалім оқушылардың сабақтағы белсенділігін мақтау, мадақтау, қошеметтеу сөздерімен қолдап отырады.
Оқушылардың жұмысы «Жұптық сұрақжауап» әдісі бойынша бағаланады.
Оқушылардың қосымша тапсырма бойынша жұмысы «Түсті жолдар»

Оқулық
Аудиодиск:
7.7.1; 7.7.4




бөліп оқымас бұрын дайындық жұмыстары жүргізіледі. Алдымен мұғалім бір оқушымен рөлге бөліп оқып, үлгіні көрсетеді. Содан кейін осы үлгі бойынша оқушылар өзара сөйлеседі.
Жеймін, жемеймін сөздерін қайталайды, сондай-ақ өздерінің балмұздақты неге жейтін /жемейтіндерін түсіндіре алуға жаттығады.
Осы бөлім бойынша өткен сөздерді қайталату мақсатында қосымша тапсырма бере алады. Ол үшін осы бөлім бойынша өткен сөздер арасынан қазақ тіліне тән дыбыстар кездесетін сөздер қатары іріктеліп алынады (өрік, алмұрт, қызанақ, қияр, ботқа, сүт, бауырсақ, балмұздақ).
Мұғалім оқушыларға осы сөздердің суреті бейнеленген карточкалар таратады. Оқушылар 2-3 топқа бөлініп жұмыс істейді. Сөздермен жұмысты қорытындылау «Сөздер эстафетасы» ойыны бойынша жүргізіледі .
Мұғалім оқушылармен сергіту сәтін ұйымдастырады.
Мұғалім оқушыларға дәптердегі тапсырмалардың орындалу жолын түсіндіреді (№2 жұмыс дәптері). 1-тапсырмада балмұздақ, суық сөздерін өз бетінше жазу арқылы мұғалім оқушылардың қалам, қарындашты дұрыс ұстау, ұқыпты,




  • Сен балмұздақ жейсің бе?

  • Иә, мен балмұздақ жеймін.

Балмұздақ тәтті.

і
і
,
,

әдісі
бойынша бағаланады.

№2 жұмыс
дәптері

  • Сен балмұздақ жейсің бе?

  • Жоқ, мен балмұздақ жемеймін.

Маған балмұздақ ұнамайды.

Қосымша тапсырма бойынша топтық жұмысты екі түрлі өткізуге болады: 1) оқушылар суреті бойынша сөздерд жазып шығады;
2) оқушыларға осы сөздер жазылға н парақ таратылады.
Оқушылар тиісті әріптерд толықтырып жазып шығады.
Мысалы: ...р...к. алм...рт, ...ызана... ...ияр, бот...а, с...т, бауырса... балм...зда...
Оқушылар сергіту жаттығуын жасайды.
1-тапсырмада балмұздақ, суы қ сөздерін оқиды және көркем жазады.




таза жазу дағдыларын қалыптастыруға көңіл бөледі.
2-тапсырмада балмұздақ, кәмпит, бауырсақ, алма сөздерін қайталауға









көңіл бөлінеді. Мұғалім алдымен оқушылар білетін барлық тағамды «Сиқырлы сандық» әдісі бойынша қайталатып шығады. Оқушылар хормен, жеке айтады. Сонан кейін жазу дәптерінде берілген етістіктерді оқытады, жеймін, тәтті, ұнайды белгілеріне сәйкестендіру жұмысы жүргізіледі. Алдымен оқушы болымды етістікті атайды, сонан соң болымсыз етістікті атайды, соңында белгіге сәйкес сөйлеммен байланыстырады. Осылай барлық сөйлемдерді орындап шығады.
3-тапсырмада мұғалім оқушыларға тірек сөздерді оқытып, өз ойынына сәйкес келетін жауап беруге жаттықтырады. Алдымен жеймін, жемеймін, тәтті, суық сөздерін қайталатады, түсінгенін тексереді. Сен балмұздақ жейсің бе? сұрағын оқушыларға қояды, жауап бергізеді. Ауызша жұмыс жүргізіліп болған соң, оқушылар өз бетінше дәптерге жауап жазады.
4-тапсырмада тыңдалым дағдыларына назар аударылады.
«Сен балмұздақ жейсің бе?» деген сұрақ қояды. Тапсырмада жазылым әрекеті жүзеге асырылады. Мұғалім

2-тапсырмада оқушылар етістіктерді оқиды, қайталайды, болымды/ болымсыз етістіктерді белгіге сәйкес орынды қолданады.
Оқушылардың жауаптары:
Мен балмұздақ жеймін.
Мен кәмпит жемеймін.
Мен бауырсақ жеймін.
Мен алма жемеймін.
3-тапсырмада жеймін, ұнайды, тәтті сөздерін қайталайды.
Сөйлемді толықтырып айтады.
4-тапсырмада «Сен балмұздақ жейсің бе?» деген сұрақ қояды, жауап береді.
«Балмұздақ» сөзін қатесіз жазады.




Аудиодиск
Дәптер 7.6.4




сөзді буынға бөліп айтады, оқушылар хормен, жеке қайталайды. Қазақ тіліне тән әріптің жазылуына, айтылуына мән беріледі. Оқушылар «Сен балмұздақ жейсің бе?» сұрағына жауап береді. Оқушылардың назарын сөйлемдегі сөздердің орын тәртібіне аударады. Оқушылар тапсырманы өз бетінше орындап жатқан кезде, мұғалім оқушылармен жеке жұмыс жүргізуіне болады. Әр оқушының қасына келіп, жеке сұрақ қойып, жауаптарын тыңдайды, тапсырманы дұрыс түсінгенін пысықтайды.
Мұғалім оқушыларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.















Оқушыларға электрондық қосымшада берілген тапсырма шартын түсіндіреді. Тапсырма арқылы оқушыларды өз бетінше жұмыс істей білуге үйретеді. АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.

Электрондық қосымшада берілген тапсырманы орындайды.
Тапсырманы орындау арқылы сабақта алған білімдерін бекіте түседі.




Қосымша
тапсырма: 7.7

Сабақтың соңы

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылармен кері байланыс орнатады.

Өздерінің сабақта қалай жұмыс істегендерін бағалайды, сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет