Оқушылармен амандасады, олардың сабаққа дайындығын тексереді. «Күлкі сыйла» әдісі бойынша сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастырады.
Оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сөйлесу үлгісіне аударады. Осы диалог арқылы оқушыларды қандай? деген сұрақпен және түс атауларымен таныстырады. Жаңа сөздер қатары «Шеңбер» ойыны бойынша жаттықтырылады. Содан кейін тапсырмада берілген сөйлесу үлгісін түсіндіреді. Диалогті тыңдату, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Осы диалог негізінде қызыл сөзінің орнына ақ, қара, сары, жасыл, көк, қоңыр сөздерін қолдануға жаттықтырады.
2-тапсырмада түстерді басқа заттармен байланыстыра қолдануға үйретеді. Бұл тапсырма арқылы оқушылар заттың атын атайды және оның түсін айтады. Осы тапсырмада осыған дейін үйренген дәптер, кітап,
Қандай? сұрағымен және түс атауларымен танысады.
Ойында бір оқушы өзі қалаған бір түсті атайды, екінші оқушы сол түсті қайталап, өзінің бір түсін қосады. Үшінші оқушы екі түсті қайталап, тағы бір түсті атайды.
Тапсырмада берілген сөйлесу үлгісін аудиодиск бойынша тыңдайды, қайталайды. Жауапты басқа түстермен түрлендіріп те айтады.
Мынау қандай қарындаш?
Қызыл қарындаш.
2-тапсырмада берілген үлгі бойынша қарындаш, доп, текше туралы айтады.
Үлгі:
Бұл – қарындаш. Бұл – қызыл қарындаш.
Мұғалім оқушылардың сабақтағы белсенділігін мақтау, мадақтау, қошеметтеу сөздерімен қолдап отырады.
Оқулық
Аудиодиск:
2.3.1; 2.3.4
қалам сөздерін де қолдануға болады.
3-тапсырмада оқушылардың сұрақ қоя
алу және сұраққа қысқа жауап бере алу дағдыларын қалыптастыруға көңіл бөледі. Ол үшін оқушыларға әртүрлі түсті қарындаштар таратып шығады. Сонда оқушылардың жауабы шынайы болып шығады.
Түстерді жаттықтыру және өткен лексикалық қорды қайталату мақсатында оқушылар арасында топтық жұмыс ұйымдастырады. Ол үшін мұғалім алдын ала бірнеше зат дайындап қоюы қажет. Олар: кітап, дәптер, қалам, қарындаш, доп, текше Сондай-ақ оқушылар өз оқу құралдарын да пайдалана алады. Содан кейін екі топ жарысады. Әрбір топ мүшесі өзінде қандай зат бар екенін айтып шығу керек болады. 4-тапсырмада жұптық жұмыс жүргізеді. Ең алдымен аудиодиск арқылы сөйлесу үлгісімен таныстырады. Алғашқыда өзі бір-екі оқушымен осы үлгі бойынша сөйлеседі, содан кейін оқушылар өзара сөйлеседі.
Жұптық жұмыс «Жұбыңды таңда» әдісібойынша жүргізіледі. Диалог шынайы шығуы үшін мұғалім алдын ала түрлі түсті қарындаштар дайындап қояды. Содан кейін сұраққа жауап беретін оқушыға бірнеше қарындаш береді. Сұрақ қоятын оқушы өзі
3-тапсырмада «Сенде қызыл қарындаш бар ма?» деген сұраққа «Иә, бар» немесе «Жоқ» деген қысқа жауап береді.
Екі топқа бөлінеді.
Дайындалуға 3-4 минут уақыт беріледі (олар заттарды бөліп алуы, оның түсі қандай екенін айтып жаттығуы, бірбіріне көмектесуі қажет).
Екі топ жарысқан кезде топтың әр мүшесі өзінің қолында қандай зат барын, оның түсі қандай екенін айтады.
Мысалы: Менде көк қалам бар. Барлық балалар дұрыс жауап берген топ жеңіске жетеді.
4-тапсырмадағы үлгіні аудиодискіден тыңдайды.
Мұғалімнің көмегімен және қолындағы тірек зат (қарындаш) негізінде үлгі бойынша сөйлеседі: - Сәлем! - Сәлем!