|
Мұғалім оқушылармен сергіту сәтін ұйымдастырады.
Мұғалім оқушыларға дәптердегі тапсырмалардың орындалу жолын түсіндіреді (№1 жұмыс дәптері). 1-тапсырмадағы дөңгелек сызықтарды
бастыру арқылы оқушылардың
қаламды дұрыс ұстай алу, тапсырманы ұқыпты орындау дағдыларын дамытуға көңіл бөлінеді.
2-тапсырмада мұғалім оқушыларға
түстерді қайталатады.
Қарындаштарды тапсырмада берілген түстерге бояу ұсынылады.
3-тапсырмада тыңдалым әрекеті жүзеге асырылады. (2.2.3).
Оқушылар аудиодискіден төмендегідей ақпаратты тыңдайды:
Екі қызыл қарындаш.
Бір жасыл қарындаш.
Төрт сары қарындаш.
Мұғалім 3-тапсырманы орындату кезінде бірінші сөйлемнен кейін аудиодискіні тоқтатып, оқушылардың тыңдаған ақпараты бойынша сурет салуларына мүмкіндік береді. Оқушылар тыңдаған ақпаратты дұрыс түсінгенін суретін салу арқылы көрсетеді.
Мұғалім оқушыларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың оқулықпен
|
Оқушылар сергіту жаттығуын жасайды.
Оқушылар дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды.
1-тапсырмада оқушылар дөңгелек сызықтарды бастырады, өз бетінше жалғастырады.
Ұқыпты, таза жұмыс істеуге дағдыланады.
2-тапсырмада оқушылар қарындаштардың түсін атайды, жалғастырып бояйды.
3-тапсырмада оқушылар тыңдаған ақпаратты түсінгенін сурет салу арқылы көрсетеді.
Оқушылар тапсырмада берілген орынға екі қызыл қарындаштың, бір жасыл қарындаштың, төрт сары қарындаштың суретін салады.
|
Оқушылардың дәптердегі жұмысы стикер жапсыру немесе смайл қою
арқылы бағаланады.
|
№1 жұмыс
дәптері
Аудиодиск_
Дәптер: 2.2.3
|