Ә. Ж. Хазимова, Б. О. Салыхова, М. Ж. Бейсебекова Қазақ тілі әдістемелік нұСҚАУ



бет85/180
Дата21.11.2022
өлшемі3,65 Mb.
#51617
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   180
Байланысты:
1класс МЕТОДИКА

«Жұбыңды таңда» әдісі бойынша жүргізіледі. Мұғалім бір оқушыны шақырады, ол оқушылардың ішінен өз жұбын таңдайды. Содан кейін мұғалім оларға екі суретті береді (жылы, суық). Осы тірек суреттер бойынша оқушылар сөйлеседі. Мысалы:

  • Бүгін күн қандай?

  • Бүгін күн жылы.

3-тапсырмада оқушылардың сұраққа жауап бере алу дағдыларын қалыптастыруға көңіл бөледі. Оқушыларға «Бүгін күн жылы ма? Бүгін күн суық па?» деген сұрақ пен осы сұрақтарға жауап үлгілерін түсіндіреді. Оқушылардың сұраққа дұрыс жауап бере алуларына көңіл бөледі.
4-тапсырмада жұптық жұмысқа көңіл бөледі. Оқушыларды тапсырмада берілген сөйлесу үлгісімен

судың қандай екенін айтады.
2-тапсырмада берілген сөйлесу үлгілерін тірек суреттер бойынша толықтырып айтады.
Содан кейін үлгі бойынша өзара сөйлеседі.
3-тапсырмада Бүгін күн жылы ма? (суық па?) деген сұрақ үлгілерімен танысады.
Осы сұраққа жауап беруді үйренеді.
4-тапсырмадағы сөйлесу үлгісін аудиодискіден тыңдайды, берілген






таныстырады. Содан кейін оқушыларды осы үлгі бойынша сөйлесе алуға жаттықтырады. Тапсырма «Сұрақ-жауап» әдісі бойынша жүзеге асады.
5-тапсырмада оқушылардың сұраққа шынайы жауап беру дағдыларын қалыптастыруға назар аударды. Оқушылар ауа райына қатысты сұраққа шынайы жауап беру арқылы жаңа сөздерді тағы бір рет қайталайды.
Тапсырма «Сұрақ-жауап» әдісі бойынша жүзеге асырылады.
Мұғалім оқушылармен сергіту сәтін ұйымдастырады.
Мұғалім оқушыларға дәптердегі тапсырмалардың орындалу жолын түсіндіреді (№1 жұмыс дәптері).
1-тапсырмада жылы, суық сөздері қайталанады, оқушылардың сұрақты түсіну, сұраққа жауап бере алу дағдыларын дамытуға көңіл бөлінеді. 2-тапсырмада оқушылар жылы, суық сөздерін суретті бояу арқылы есте сақтауға арналған тапсырманы орындайды.
3-тапсырмада оқушылардың тапсырмада берілген сұраққа тірек сурет бойынша жауап бере алу дағдылары дамытылады.
Мұғалім оқушыларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың оқулықпен

үлгі бойынша өзара сөйлеседі.
5-тапсырмада «Бүгін күн қандай?» деген сұраққа сол күнгі ауа райына қатысты шынайы жауап береді.
Оқушылар сергіту жаттығуын жасайды.
Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды.
1-тапсырмада оқушылар «Бүгін күн қандай?» деген сұраққа сәйкес келетін жауапты таңдайды, жауабының қасына шартты белгі () қояды.
2-тапсырмада берілген суреттерді оқушылар жылы, суық сөздеріне сәйкестендіріп бояйды.
3-тапсырмада оқушылар «Ол не істейді?» деген сұраққа тірек сурет бойынша жауап береді. Мысалы:

  • Ол не істейді?

  • Ол шаңғы тебеді.


Оқушылардың жұмысы «Қолмен белгі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет