берілген тапсырма шартын түсіндіреді.
Тапсырма арқылы оқушыларды өз бетінше жұмыс істей білуге үйретеді. АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.
Электрондық қосымшада берілген тапсырманы орындайды.
Тапсырманы орындау арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі.
Қосымша
тапсырма: 4.5
Сабақтың соңы
Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылармен кері байланыс орнатады.
Өздерінің сабақта қалай жұмыс істегендерін бағалайды, сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.
1.1.4.1 мұғалімнің қолдауымен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну; 1.2.1.1* сөйлеу барысында затты сипаттау үшін сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолдану; 1.5.1.1* мұғалімнің қолдауымен заттың сынын білдіретін сөздерді ауызша тілде қолдану.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:мұғалімнің көмегімен қарды сипаттай алады, өзінің аулада ойнайтынын айта алады.
Оқушылардың басым бөлігі: отыр, тұр, жүр сөздерінің қолданысын ажырата алады.
Кейбір оқушылар:өзінің ауладағы ойыны туралы қосымша ақпарат бере алады.
Оқушыларды 1-тапсырмадағы сурет бойынша қар сөзімен таныстырады. Екінші сурет бойынша қарды сипаттау үлгісін үйретеді.
Жаңа сөз «Қызықты суреттер» әдісібойынша жаттықтырылады. Ол үшін мұғалім алдын ала бірнеше сурет дайындайды. Мысалы: ақ гүлдің суреті, ақ текшенің, доптың суреті, ақ қоянның суреті және қардың суреті.
2-тапсырмада оқушылардың назарын суретке аударады. Тапсырма арқылы отыр, тұрсөздерін қайталатады, жүр сөзін үйретеді. Қимылмен көрсету арқылы аталған етістіктерді жаттықтырады.