1.1.2.1 баяу және анық айтылған, жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсіну;
1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және үлгі бойынша жауап беру;
1.5.1.5* мұғалімнің қолдауымен сөз тіркестері/сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс қолдану.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:тақырып бойынша салған суретін сипаттай алады, не салғанын айта алады. Оқушылардың басым бөлігі: бір-бірінен не салғанын сұрай алады, сұраққа жауап бере алады, жіктік жалғауын мұғалімнің көмегімен дұрыс қолдана алады.
Кейбір оқушылар:өзінің суреті туралы қосымша ақпарат бере алады.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Оқушылармен амандасады, олардың сабаққа дайындығын тексереді.
«Көңіл күйді анықтау» әдісі бойынша сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастырады.
Оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген суретке аударады. Ең алдымен қоршаған ортаға байланысты сөздер қатарымен таныстырады. Содан кейін негізгі сөйлеу үлгісін үйретеді. Оқушылар Мен сурет саламын деген сөйлем үлгісімен жақсы таныс, сондықтан олардың назарын жаңа сөздер қатарына көбірек аударады.
Сөздермен жұмыс «Қайталай ғой» ойыны бойынша жүргізіледі. Мұғалім оқушылардың сөздерді дұрыс дыбыстауларына да назар аударады. 2-тапсырмада мұғалім жекелеген сөздерді берілген үлгі бойынша айта
1-тапсырмада берілген сөздерді аудиодискіден тыңдайды, қайталайды. Содан кейін осы тапсырмадағы «Мен сурет саламын. Мынау – Күн» үлгісімен танысып, осы үлгі бойынша үй, ағаш, гүл, тау, Күн, Ай, жұлдыз сөздерін қолданады.
Ойында бірінші оқушы бір сөзді (ағаш) айтады, екінші оқушы сол сөзді қайталап, тағы бір сөзді қосады (ағаш, гүл).
Үшінші оқушы екі сөзді қайталап, үшінші сөзді қосады (ағаш, гүл, тау).
2-тапсырмада оқушылар сөйлемдерді тыңдайды, қайталайды.
Мұғалім оқушылардың сабақтағы белсенділігін мақтау, мадақтау, қошеметтеу сөздерімен қолдап отырады.
Оқулық
Аудиодиск:
4.4.1; 4.4.2;
4.4.3
Карточкалар
алуға үйретеді. Мысалы: Мынау – Күннің суреті. Мынау – таудың суреті т.с.с. Тапсырмада берілген сөздерді тыңдату, қайталату жұмыстары жүргізіледі.
Содан кейін сөйлемге сәйкес суретті табу «Қызықты суреттер» тәсілі бойынша жаттықтырылады.
3-тапсырмада сөйлесу үлгісімен жұмыс жүргізіледі. Мұғалім оқушыларды «Сен ненің суретін саласың?» деген сұраққа дұрыс жауап бере алуға үйретеді.
4-тапсырмада оқушылардың сұраққа дұрыс жауап бере алу дағдыларына назар аударады.
Тапсырма «Доп лақтыру» ойыныбойынша жүргізіледі. Мұнда оқушылардың сұрақты түсінуіне және сұраққа дұрыс жауап бере алуына көңіл бөлінеді. Сондықтан сұрақты тек мұғалім қойып отырады, ал оқушылар кезекпен жауап береді. Оқушыларға сабақта үйренген сөздері бойынша сурет салуды, содан кейін өз суреті бойынша сөйлеуді (не салғанын айтады) ұсынады. Оқушылар суретінен сыныпта сурет көрмесін ұйымдастыруға болады.
Мұғалім оқушылармен сергіту сәтін ұйымдастырады.
Мұғалім оқушыларға дәптердегі тапсырмалардың орындалу жолын түсіндіреді (№1 жұмыс дәптері).
Сөйлемге сәйкес суретті табады.
Жаңа құрылымды суреттер бойынша есте сақтайды.
3-тапсырмада берілген диалогті аудиодискіден тыңдайды, берілген үлгі бойынша сөйлеседі.
4-тапсырма бойынша мұғалімнің «Сен ненің суретін саласың?» сұрағына өз қалауы бойынша жауап береді. Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Мұғалім лақтырған допты ұстап алып, сұраққа жауап береді де, допты қайтадан мұғалімге лақтырады.
Содан кейін суретін салып, сол суреті бойынша жаңа сөздерді тағы бір қайталайды.
Оқушылар сергіту жаттығуын жасайды.
Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды.
1-тапсырмада оқушылар суретті